ПРЕЗИДЕНТ САПАРЫНА ДӨП КЕЛГЕН ЖАТТЫҒУ
Қостанай облысында жұмыс сапарымен жүрген президент Нұрсұлтан Назарбаев тамыздың 25-і күні Меңдіқара ауданындағы «Раскуль» компаниясының астық алқаптарымен танысып, ауыл шаруашылығында еңбек ететін өндірушілермен жиын өткізді. Дәл осы күні бірқатар ақпарат агенттіктері Қостанай облысындағы қоныстандыру-колониясында қылмыстық-атқару жүйесі қызметі мен ішкі істер әскери бөлімшерлері бірлескен арнайы оқу-жаттығу бастағаны туралы хабарлады. Ұзын-саны 300 адам мен техника жұмылдырылған бұл жаттығудың мақсаты түрмелерде бүлік шыға қалған жағдайда шұғыл қимылдауға дайындықты тексеру екендігі айтылады.
Құқық қорғаушы Вадим Курамшин бұл оқу-жаттығу президенттің сапарына дөп келген дың тегін емес екенін айтады. Оның айтуынша, Қостанай облысындағы түрмелер тұтқындарға қаталдығымен белгілі.
- Ақпараттарда оқу-жаттығу Қостанай қаласының іргесіндегі қоныстандыру-колониясында өткізілген деп айтылады. Президент дәл қазір сол маңайда жүр. Сондықтан Назарбаевтың сапары кезінде Гранитныйдағыдай жағдайдың болуынан сескенген құқық органдары оқу-жаттығуды желеу етіп колонияны басып отыр, - дейді Вадим Курамшин Азаттық тілшісіне.
Қостанай облысында кезінде оппозициялық қозғалысты басқарған саясаткер Ғалымжан Жақиянов отырған Құсмұрын түрмесі, Жетіқара және Арқалық сияқты атышулы абақтылар бар.
«БҰЛ ЖАЙ ҒАНА ЖОСПАРЛЫ ЖАТТЫҒУ»
Қостанай облысында арнайы-әдістемелік оқу-жаттығу өтіп жатқанына қатысты қылмыстық-атқару жүйесі комитетінен екі түрлі жауап
Қазақстан қылмыстық-атқару жүйесі комитеті баспасөз қызметінің жетекшісі Ғалымжан Хасенов. Астана, 18 тамыз 2010 жыл.
алдық. Комитет төрағасының орынбасары Есқали Саламатов бұл жаттығу туралы білмейтін болып шықты.- Сіз шамасы шатастырып тұрған шығарсыз, қандай оқу-жаттығуды айтасыз? Біз қазір президенттің сапарына және Конституция күніне орай күшейтілген режимде жұмыс жасап жатырмыз. Ақпарат құралдары соны айтып жатқан шығар, - деді сәрсенбі күні Азаттық радиосына Есқали Саламатов.
Ал, Қазақстан қылмыстық-атқару жүйесі комитеті баспасөз қызметінің жетекшісі Ғалымжан Хасенов Азаттық тілшісіне берген сұхбатында Қостанай облысында әдістемелік оқу-жаттығудың өткенін растады. Оның айтуынша, бұл жыл сайын жоспарлы түрде өткізілетін оқу-жаттығулардың бірі.
Өткен жылдың желтоқсан айында жоспарланып қойған бұл оқу-жаттығудың ел президентінің Қостанай облысына сапарына дөп келуі жай ғана сәйкестік деп сендірді комитет баспасөз қызметінің жетекшісі.