БОСҚЫНДАР ІШІНДЕ ХАБАР-ОШАРСЫЗ КЕТКЕНДЕР БАР
Өткен бейсенбіде, маусымның 10-ы күні Алматының көші-қон полициясы босқын мәртебесін алғалы жүрген жиырма бес өзбек азаматын ұстап, қамаған болатын. Бұған қоса жүздеген еңбек мигранттары да қамауға түсті.
Мұны Алматы қалалық ішкі істер департментінің өкілдері 9-12 маусым аралығына жоспарланған «Мигрант» операциясына байланысты деп түсіндірген еді.
Маусымның 10-ынан кейін де Қазақстанды паналап, Алматыда тұрып жатқан тағы бірнеше өзбек босқыны ұсталды. Бұны Азаттық тілшісіне телефон арқылы хабарласқан өзбек босқындары хабарлады.
Хабарласқан босқынның сөзінше, жұмада, маусымның 11-і күні кешкі сағат 22-лер шамасында Равшан Тураев пен Абдуазим Якубовтар хабарласып, үйлеріне арнайы қызмет өкілдерінің келгендігінен хабардар еткен. Кейін олармен байланыс үзілген. Одан өзге, сол күні кешке өзбек босқыны Алишер Хакимов те ұсталған. Тағы бір босқынның тағдыры белгісіз.
– Оның аты – Шухрат Холбоев. Ол кешке үйіне оралмады. Көші-қон департаментіне құжаттарын тапсырып қойған. Оны құжаттарын алуға барғанда ұстапты. Құқыққорғаушы Денис Живаганың көмегімен оны шығарып алдық. Бірақ маусымның 10-ы күні әйелі хабарласып, Шухраттың үйге келмегендігін айтты, - дейді Азаттыққа хабарласқан өзбек босқындарының бірі.
Сонымен бірге маусымның 11-інде Алматыдағы БҰҰ Босқындар ісі жөніндегі жоғарғы комиссары ғимараты маңындағы интернет-кафеде отырған жерінде тағы бір мандатты босқын Сайдакбар Джалолханов қамауға алынды. Ол туралы әзірге нақты мәлімет жоқ.
Кейбір өзбек босқындарының айтуынша, оны "Алматы көші-қон органы қызметкеріміз" деп танысқан азаматтық киімдегі адамдар алып кеткен. Олардың айтқанына қарағанда, бұлар ҰҚК қызметкерлері болса керек.
Адам құқын қорғайтын «Мемориал» ұйымының Орталықазия бағдарламасының директоры Виталий Пономаревтың айтуынша, ұсталғандардың жартысы – мандатты босқындар, яғни босқын мәртебесін әне-міне алмаққа құжат жинап жүргендер.
ОРАЛҒАНДАРДЫ ОҢДЫРМАЙДЫ
Алматы прокуратурасы ұсталған өзбек босқындарын бір ай қамауда ұстау туралы рұқсат алды. Егер қажет болса, бұл мерзім үш айға дейін ұзартылуы мүмкін.
Алматының Алмалы ауданы прокурорының орынбасары Гүлнар Ахмедиеваның айтуынша, Қазақстанның тәртіп сақшылары Өзбекстан прокуратурасы мен ІІМ-нің сұранысы бойынша осы шараға барған. Өзбек жағының хабарлауынша, Алматыдағы босқындар адам өлтірді деп айыпталып отыр.
Енді Қазақстан Өзбекстаннан бұл қылмыстарға қатысты құжаттарды талап етіп отыр. Босқындарды экстрадициялау мәселесі тиісті құжаттар келіп, талқыланған соң шешілетін болады.
БОСҚЫН БОЛАМЫН ДЕП, ҚАШҚЫН КҮЙГЕ ТҮСТІ
Соңғы үш-төрт күндегі жайттарды назарға алған өзбек босқындары үйлеріне бармай, тіпті бала-шағасымен дала қонуға мәжбүр екендігін айтып отыр.
– Бостандықта жүрген босқындардың көбі қазір қорқып жүр. Олар Алматыда жалға алып тұрып жатқан пәтерлерінде кіруге сескеніп, күні бойы далада жүруге тырысады. Тіпті кішкентай балаларымен бірге далада қонуға мәжбүр, - дейді Азаттыққа атын атамауды жөн санаған өзбек босқындарының бірінің әйелі.
Оның айтуынша, олар Өзбекстанға қайта оралудан қорқады. Себебі діни көзқарасы үшін қудалаудан Қазақстанға қашып келген оларды өз елдерінде азаптаудан басқа ешнәрсе күтіп тұрған жоқ. Мұндай жайтты Орталық Азия босқындарына құқықтық көмек көрсету бағдарламасының жетекшісі Елена Рябинина да жоққа шығармайды.
– Олардың жағдайы нашар болады. Өзбекстанда азаптау бұрыннан келе жатқан әдеттегі құбылыс екендігі жақсы белгілі. Оның үстіне діни наным-сенімі үшін жауапқа тартылғандарды әдетте билікке қарсы шыққандар деп бағалап, оларға қарсы азаптаудың аса ауыр тәсілдері қолданылады. Олар алдымен тергеу барысында тұтқындалғанда, одан кейін заңсыз құрастырылған айыппен сотталған кезде азапталады, - дейді мәскеулік құқыққорғаушы.
Алматыдағы өзбек босқындарының қамауға тоғытылуына Human Rights Watch және Amnesti International тәрізді халықаралық ұйымдар да алаңдаушылық білдіріп отыр.
ҚАЗАҚСТАНДА ҚАНША БОСҚЫН БАР?
Жалпы, Қазақстанды паналап жүрген босқындарға қатысты мәлімет әлі нақты емес. Мәселен, Қазақстанның еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Біржан Нұрымбетовтың айтуынша, қазір Қазақстанда ресми босқын мәртебесін алған 615 адам бар. Бірақ олардың арасында республикамен шекаралас мемлекеттердің азаматтары жоқ.
- Елдегі босқындардың 99 пайызын құрайтын 611 адам – Ауғанстаннан, 2 азамат – Эфиопиядан, қалғандары Сомали мен Нигериядан келген, - дейді вице-министр.
Дегенмен, «КазАқпарат» мемлекеттік ақпарат агенттігінің 2009 жылғы мәліметі бойынша, елде шамамен 4400 босқын бар, тағы 150 адам Қазақстаннан пана іздеп жүрген көрінеді.
Ал тәуелсіз сарапшылардың пікірін назарға алған адам құқықтары жөніндегі қазақстандық бюроның құқық қорғаушысы Денис Живаго "Қазақстанда орта есеппен жеті мыңға жуық босқын бар" дегенді айтып отыр.