Қызғалдақ Жұбановамен сұхбаттың өзін осы арадан тыңдай аласыздар.
ЖАЛЫНДАҒАН ЖАСТЫҚ ШАҚ
Құдайберген Жұбанов 1899 жылы Ақтөбе облысы, Ақжар ауылында дүниеге келген. Ауыл мектептерінен сауат ашқан ол 1914-1916 жылдары Орынбор қаласындағы «Хұсайния» медресесінде оқуын жалғастырады. Қызы Қызғалдақ Жұбанованың айтуынша, ол 18 тілде еркін сөйлей алған екен. Олардың қатарында: неміс, парсы, түрік, моңғол, чуваш, коми, грузин, орыс және көптеген түрік тілдері бар көрінеді.
Болашақ ғалым Ленинградтағы аспирантураға түспес бұрын отбасын құрады. Қызғалдақ Жұбанованың айтуынша, анасы Раушан Жұбанова совет
«Шешем әкем жайлы көп айтып отыратын. Екеуінің арасындағы таныстықты, махаббатты. Екеуі бірін-бірі ұнатады. Бірақ, қосылайын десе, шешемді бала кезінде атастырып қойған екен. Өзі атастырылған адамның кім екенін де білмейді. Бір байдың баласы көрінеді. Олар келіп: «біздің атаулы қызымызды беріңіз» деп даулайды. «Жоқ, оның жақсы көретін адамы бар» деп ағалары бергісі келмейді. Арада үлкен дау туады. Енді шешемнің ақылдылығы сонда. Ол бұл іске бауырларын араластырғысы келмей, әкеміз екеуі келіседі де, атастарылған жерге ұзатылып кете барады.
«Сіздер ауыртпалықты алмаңыздар бастарыңызға, тойларын жасап бере беріңіздер, әрі қарай мен өзім білем, не істеу керектігін» дейді. Жұрын деген қалада ол кезде қызылдардың штабы болған екен. Әкем мен шешем өзара сөз байласып, қашып кетуге бекінеді. Бір қайтара қашады, болмай қалады. Екінші қайтара келісіп, әйтеуір қашып шығады. Артынан қуғыншы келеді, екеуі қызылдардың штабына келіп орналасады. Әйтеуір, аман-есен қазақы сотпенен ажырасыпты ғой», - дейді Қызғалдақ Жұбанова.
ҚҰДАЙБЕРГЕННІҢ ІНІСІ АХМЕТКЕ ҚАМҚОРЛЫҒЫ
Ғалымның ұрпақтарының бағалауынша, қазақтың белгілі музыканты Ахмет Жұбановқа бағыт беріп, оның шығармашылық өмірге аттап басуына үлкен ықпал еткен адам ағасы Құдайберген Жұбанов. Ол Ленинградтағы Шығыс тілдері институтына түскенде де бауырын жанынан тастамай алып жүрген екен. Тек Ахмет қана емес, Құдайберген Жұбановтың ағалық қамқорлығын сезіп өскен жастар аз болмады дейді қызы Қызғалдақ Жұбанова.
- Әкем үйленгеннен кейін Ленинградқа оқуға кетеді. Ол кезде үш баласы бар: Мүслима, Ақырап ағай, Есет ағай. Әкем өзінің отбасын қатты жақсы көрген. Біраз уақыттан соң шешеміз қайта ауылға кетеді. Үй-малға қарасып дегендей. Себебі, ол кезде атамыз қайтыс болған екен. Мыналар оқуын бастап қойған. Әкем Ахаңды да алып өзімен ертіп жүрген. Сол кездерде ауып келген бір поляк музыкант болыпты. Сонымен Ахаңды оқытуға келіседі.
Ахаңның өзі де жастайынан өте талантты болады. Музыканы, домбыраны керемет тартатын. Құранды керемет оқитын болған. Балалайка тартып, рояльда ойнауды білген. Ленинградқа келгеннен кейін флейтада ойнай бастайды. Мұнда оны дайындық училищесіне береді. Ақырында Римский-Корсаков атындағы консерваторияға түсіп кетеді.
Тек қана Ахаң емес, көптеген жастар оның қамқорлығын көріп өсті. Ленинградта оқып жүрген кезде балалар үйінің екі баласын интернатқа беріп, оқуына жағдай жасаған екен. Соның бірі осы Алматыдағы белгілі сәулетшілердің бірі Төлеу Бәсенов еді, - дейді Қызғалдақ Жұбанова.
ЛАТЫН ӘЛІПБИІН ҚОЛДАҒАН ҒАЛЫМ
Өткен ғасырдың 20-шы жылдары Құдайберген Жұбанов қазақ әліпбиін латынға көшіруге ісіне мықтап атсалысады. Ол қазақ әліпбиінің болашағы латын тілінде екенін ұғып, оған өтудің тезірек қамына кіріседі. Бұл кезде әзірбайжан, өзбек өзге де түркі тілдері латынға көшу алдында тұрған екен.
«Сонда үлкен жиындар, конференциялар өтіпті. Әзірбайжанда бүкіл түркі тілдес халықтардың жиыны болды. Ондағы мамандар әкеміздің жазған әліпбиін өте қолдапты. Кейіннен мәскеулік ғалымдар «Репрессияланған түркітану» атты кітап жазды. Онда Байтұрсынов, Бөкейханов, Шонанов, біздің де әкеміздің аты аталады.
Қазір латынға көшу мәселесі қайтадан көтеріліп жатыр. Бірақ ешқайсысы да кезінде Құдайберген Жұбанов осындай грамматикаға барынша қолдау танытқанын ойлап жатқан жоқ. Қазір басқаша ғой, бірақ оған кішігірім өзгертулер енгізіп, қолдануға болады ғой. Қазір түркі тілдес елдердің көбісі өтіп алды, тек біз ғана сағыздай созып келеміз», - дейді Қызғалдақ Жұбанова.
Ленинградтағы Шығыс тілдері институтының аспирантурасын тәмамдаған Құдайберген Жұбанов 1932 жылы Алматыға келіп, ғылымға бел шеше кіріседі. Қазіргі Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде дәріс оқи жүріп, қоғамдық саяси мәселелерден шет қалмайды.
Тарихшылардың жазуынша, бұл кезде жоғарғы оқу орындары қазақ тілі грамматикасы оқулықтарынан құралақан болып отырған кезі. Дәл осындай кезеңдерде ғалым қазақ мектептерін сапалы оқулықтармен қамтамасыз ету мәселесімен айналысады.
1935 жылы Құдайберген Жұбановтың «Қазақ терминологиясы» атты еңбегі жарық көрді. Бұл қазақ тіл білімі тарихындағы әлі жүйеге түсе қоймаған, қазақ терминдерін қалыптастыру жолындағы алғашқы еңбек болыпты.
«Қазіргі Уәлиханов көшесінде екі қабатты ағаш үйде тұрдық. Әкемнің Алматыға келгеннен кейінгі жұмысы айтып тауысуға келмейді. Бас аяғы 5-6 жыл. Мұнда қазақ тілінен сабақ беретін қаладағы оқытушыларға арнап ҚазПИ-дің жанынан курс ашып, лекция оқыған. Лекция тыңдаушылардың айтуынша, ешқандай қағазға қарамайды екен. Қолында боры бар, тақтаның алдында тұрып сөйлейді екен.
Небәрі 38 жыл өмірінде түркология жөнінен болсын, әдебиеттен болсын, түрлі ғылыми-педагогикалық еңбектер қалдырып кетті», - дейді Қызғалдақ Жұбанова.
АБАЙ ШЫҒАРМАЛАРЫН ТҮРКІ, ПАРСЫ НҰСҚАСЫНДА ОҚЫҒАН
Өткен ғасырдың 30-шы жылдары қазақ қоғамында Абайдың қайраткерлігіне, ақындығына қатысты даулар жүргені рас. «Шынжыр балақ, шұбар төс байдың баласы Абайды неге мойындауымыз керек?» деген сияқты уәждер жиі айтылды. Осындай кездерде Абайды арашалауға атсалысқан азаматтардың бірі Құдайберген Жұбанов болыпты.
«Бір жиналыста сондай үлкен дау шығыпты. Бірсыпыра жұрт «Абай - байдың баласы, оны неге «классик» деп атауға тиіспіз?» деп қарсы
«Мінекей, ол тек шығыстан ғана емес, сонымен қатар батыстан да үйренуге болатынын айтқан. Сондай адамды байдың баласы екен деп «классик» деп атамау дұрыс емес» деп түйін жасайды. Сонда бәрі қол көтеріп, Абай біздің классигіміз деп шешім қабылдаған.
Сол жиында Мұхтар Әуезов те отырыпты. Сол жиынға қатысқан ғалым Мұсабаевтың айтуынша, Мұхаң сахнаның артына барып, Құдайбергеннің қолын алып: «Құдеке, Абайды арашалап бергеніңіз үшін сізге мың да бір рақмет! Бізге көп нәрсе тек орыс тілі арқылы ғана жетеді ғой» деген екен. Әрине, папамның айтып тұрғанын ол кісі де білетін шығар. Бірақ оны ол кезде Әуезов айта алатын жағдайда болған жоқ. Алашордашы деп өзін қудалап жүрген кез болатын», - дейді Қызғалдақ Жұбанова.
«ОЛАР МЕНІ ЖАУ ДЕП ТҰР, КӨРЕМІЗ ӘЛІ КІМНІҢ ЖАУ ЕКЕНІН»
Ызғарлы 1937 жылдың күзі. Елдегі ұлт зиялыларының ұсталып жатқан кезі. Тарихшылардың жазуынша, репрессияға іліккен азаматтардың басым бөлігі қазақ қоғамындағы кіл белсенділер, азаттық үшін күресіп жүрген азаматтар болған. Мұндай қуғын-сүргінге Құдайберген Жұбанов та ілігіп кете барады.
«Сол қарсаңда радиодан «пәлен атылды, түген атылды» деп хабарланып жататын. Оның ішінде папамның болмағанына шүкіршілік етіпжүрдік. Бір күні түрмеге барғанда әкем «киім алып келіңдер, мені лагерьге жібереді» деді. Сөйтсек, лагерьге емес, атуға жібермек болған екен» деп еске алған өз еңбектерінде Қызғалдақтың әпкесі Мүслима Жұбанова.
- Үйде алты бала болдық. Шешеміз, әжеміз, нағашы әжеміз біздің қолымызда болды. Сол 1937-ші жылы анам ініммен перзентханада болатын. Мен сыртқа шығып, бірдеңелерді алып келем деп кеткенде, алдымнан екі кісі шығып, біздің үйге кіріп кетті. Әкемнің қайда екенін сұрады. Біз «шығып кетті» дедік. Біраздан соң әкеміз келді. Келе жатқан дыбысын танып, ең үлкен апамыз жүгіріп барып есікті ашпақ болды, бірақ әлгілердің біреуі қолын жұлқып тастап, өздері кіргізіп, сосын кабинетіне қарай сөйлесуге алып кетті.
Есет деген ересектеу ағамыз 8 жаста болатын, әкемізден «олар не деп тұр, папа?» деп сұрайды ғой. Сонда ызаланып: «бұлар мені жау деп тұр, көрерміз әлі, кімнің жау екенін» дейді. Сол кеште алып кетті. Біздер қалдық, - деп еске алады Қызғалдақ Жұбанова.
Құдайберген Жұбановты Алматыдағы қазіргі Наурызбай мен Қарасай батыр көшесіндегі НКВД-ның түрмесіне апарып қамап, бірнеше айдан соң атып жібереді. Қызғалдақ Жұбанованың айтуынша, анасы Раушан кінәсіз жұбайын НКВД-ның түрмесінен аман келеді деп ұзақ уақыт үміттеніп жүрген екен. Дегенмен тағдырдың жазуымен бұл үміті ақталмайды. Раушан Жұбанова күйеуінің атылғаны туралы арада 20 жыл өткенде, 1957 жылы бір-ақ біледі.
АМАНАТТАН ЖЕТКЕН ЕҢБЕКТЕР
«Басында ешқайсымыз осыншалықты қиындық болады деп ойлаған жоқпыз. Келетін шығар деп үміттеніп жүрдік. Сол кезде әйелдерін ұстау, балаларын жетімдер үйіне беру сияқты нәрселер болып жатты. Біз одан бейхабармыз. Бірақ «ойбай, елдің бәрін алып кетіп жатыр. Балаларын шырылдатып балалар үйіне беріп жатыр, тезірек елдеріңе қайтыңдар» деген жұрттың ақылымен шешем балаларын алып елге қайтыпты. «Зиянымыз тиіп кетер деп» Ахаңа айтудан қорқыпты. Екі-екіден бөлініп, жетіппіз әйтеуір. Елге барғандағы өмірдің өзі бір эпопея», - дейді Қызғалдақ Жұбанова.
Ғалымның ұрпақтарының айтуынша, оның еңбектері бүгінгі күнге толығымен жетпеген. Қолды болып кеткендері де бар.
«Үйге үш кісі келіп, кәмпескелеп, жерде жатқан кілемге әкемнің барлық заттарын, еңбектерін, тіпті ілулі тұрған киімдерін орап, алып кетті. Ол кісінің еңбегінің бізге жетуі-жетпеуі неғайбыл еді. Әкем қазіргі Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде лекция оқып жүрген кезінде лекция тыңдау үшін көп адамдар келеді екен. Солардың бірі Шамғали Сарыбаевқа «Сен староста боласың, осы айтқандарымның бәрін жазып ал, сосын берерсің» деген екен. Сөйтіп жүргенде ұсталып кетеді. Ал соның барлығы сол кісіде қалып қойған.
Ол кісі ауырып, өлерінің алдында Ахаңды шақырып алып: «Ағаңның маған тапсырған тапсырмасы бар еді. Мен оны ешкімге көрсетпей басып дайындап тығып жүрмін» деп беріпті. Енді қорқады ғой айтуға, қараса - қыруар жұмыс екен», - дейді Қызғалдақ Жұбанова.
Құдайберген Жұбановтың жұртқа танымал еңбектерінің арасында «Қазақ терминологиясы», «Қазақ тілінің грамматикасы» сияқты жұмыстары бар.
ЖАЛЫНДАҒАН ЖАСТЫҚ ШАҚ
Құдайберген Жұбанов 1899 жылы Ақтөбе облысы, Ақжар ауылында дүниеге келген. Ауыл мектептерінен сауат ашқан ол 1914-1916 жылдары Орынбор қаласындағы «Хұсайния» медресесінде оқуын жалғастырады. Қызы Қызғалдақ Жұбанованың айтуынша, ол 18 тілде еркін сөйлей алған екен. Олардың қатарында: неміс, парсы, түрік, моңғол, чуваш, коми, грузин, орыс және көптеген түрік тілдері бар көрінеді.
Болашақ ғалым Ленинградтағы аспирантураға түспес бұрын отбасын құрады. Қызғалдақ Жұбанованың айтуынша, анасы Раушан Жұбанова совет
Қазақ тіл білімнің негізін қалағандардың бірі, филолог-ғалым Құдайберген Жұбанов. Жеке мұрағаттағы сурет.
өкіметінің әйел теңдігін пайдаланған алғашқы әйелдердің бірі болыпты. «Шешем әкем жайлы көп айтып отыратын. Екеуінің арасындағы таныстықты, махаббатты. Екеуі бірін-бірі ұнатады. Бірақ, қосылайын десе, шешемді бала кезінде атастырып қойған екен. Өзі атастырылған адамның кім екенін де білмейді. Бір байдың баласы көрінеді. Олар келіп: «біздің атаулы қызымызды беріңіз» деп даулайды. «Жоқ, оның жақсы көретін адамы бар» деп ағалары бергісі келмейді. Арада үлкен дау туады. Енді шешемнің ақылдылығы сонда. Ол бұл іске бауырларын араластырғысы келмей, әкеміз екеуі келіседі де, атастарылған жерге ұзатылып кете барады.
«Сіздер ауыртпалықты алмаңыздар бастарыңызға, тойларын жасап бере беріңіздер, әрі қарай мен өзім білем, не істеу керектігін» дейді. Жұрын деген қалада ол кезде қызылдардың штабы болған екен. Әкем мен шешем өзара сөз байласып, қашып кетуге бекінеді. Бір қайтара қашады, болмай қалады. Екінші қайтара келісіп, әйтеуір қашып шығады. Артынан қуғыншы келеді, екеуі қызылдардың штабына келіп орналасады. Әйтеуір, аман-есен қазақы сотпенен ажырасыпты ғой», - дейді Қызғалдақ Жұбанова.
ҚҰДАЙБЕРГЕННІҢ ІНІСІ АХМЕТКЕ ҚАМҚОРЛЫҒЫ
Ғалымның ұрпақтарының бағалауынша, қазақтың белгілі музыканты Ахмет Жұбановқа бағыт беріп, оның шығармашылық өмірге аттап басуына үлкен ықпал еткен адам ағасы Құдайберген Жұбанов. Ол Ленинградтағы Шығыс тілдері институтына түскенде де бауырын жанынан тастамай алып жүрген екен. Тек Ахмет қана емес, Құдайберген Жұбановтың ағалық қамқорлығын сезіп өскен жастар аз болмады дейді қызы Қызғалдақ Жұбанова.
- Әкем үйленгеннен кейін Ленинградқа оқуға кетеді. Ол кезде үш баласы бар: Мүслима, Ақырап ағай, Есет ағай. Әкем өзінің отбасын қатты жақсы көрген. Біраз уақыттан соң шешеміз қайта ауылға кетеді. Үй-малға қарасып дегендей. Себебі, ол кезде атамыз қайтыс болған екен. Мыналар оқуын бастап қойған. Әкем Ахаңды да алып өзімен ертіп жүрген. Сол кездерде ауып келген бір поляк музыкант болыпты. Сонымен Ахаңды оқытуға келіседі.
Ахаңның өзі де жастайынан өте талантты болады. Музыканы, домбыраны керемет тартатын. Құранды керемет оқитын болған. Балалайка тартып, рояльда ойнауды білген. Ленинградқа келгеннен кейін флейтада ойнай бастайды. Мұнда оны дайындық училищесіне береді. Ақырында Римский-Корсаков атындағы консерваторияға түсіп кетеді.
Тек қана Ахаң емес, көптеген жастар оның қамқорлығын көріп өсті. Ленинградта оқып жүрген кезде балалар үйінің екі баласын интернатқа беріп, оқуына жағдай жасаған екен. Соның бірі осы Алматыдағы белгілі сәулетшілердің бірі Төлеу Бәсенов еді, - дейді Қызғалдақ Жұбанова.
ЛАТЫН ӘЛІПБИІН ҚОЛДАҒАН ҒАЛЫМ
Өткен ғасырдың 20-шы жылдары Құдайберген Жұбанов қазақ әліпбиін латынға көшіруге ісіне мықтап атсалысады. Ол қазақ әліпбиінің болашағы латын тілінде екенін ұғып, оған өтудің тезірек қамына кіріседі. Бұл кезде әзірбайжан, өзбек өзге де түркі тілдері латынға көшу алдында тұрған екен.
«Сонда үлкен жиындар, конференциялар өтіпті. Әзірбайжанда бүкіл түркі тілдес халықтардың жиыны болды. Ондағы мамандар әкеміздің жазған әліпбиін өте қолдапты. Кейіннен мәскеулік ғалымдар «Репрессияланған түркітану» атты кітап жазды. Онда Байтұрсынов, Бөкейханов, Шонанов, біздің де әкеміздің аты аталады.
Қазір латынға көшу мәселесі қайтадан көтеріліп жатыр. Бірақ ешқайсысы да кезінде Құдайберген Жұбанов осындай грамматикаға барынша қолдау танытқанын ойлап жатқан жоқ. Қазір басқаша ғой, бірақ оған кішігірім өзгертулер енгізіп, қолдануға болады ғой. Қазір түркі тілдес елдердің көбісі өтіп алды, тек біз ғана сағыздай созып келеміз», - дейді Қызғалдақ Жұбанова.
Ленинградтағы Шығыс тілдері институтының аспирантурасын тәмамдаған Құдайберген Жұбанов 1932 жылы Алматыға келіп, ғылымға бел шеше кіріседі. Қазіргі Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде дәріс оқи жүріп, қоғамдық саяси мәселелерден шет қалмайды.
Тарихшылардың жазуынша, бұл кезде жоғарғы оқу орындары қазақ тілі грамматикасы оқулықтарынан құралақан болып отырған кезі. Дәл осындай кезеңдерде ғалым қазақ мектептерін сапалы оқулықтармен қамтамасыз ету мәселесімен айналысады.
1935 жылы Құдайберген Жұбановтың «Қазақ терминологиясы» атты еңбегі жарық көрді. Бұл қазақ тіл білімі тарихындағы әлі жүйеге түсе қоймаған, қазақ терминдерін қалыптастыру жолындағы алғашқы еңбек болыпты.
«Қазіргі Уәлиханов көшесінде екі қабатты ағаш үйде тұрдық. Әкемнің Алматыға келгеннен кейінгі жұмысы айтып тауысуға келмейді. Бас аяғы 5-6 жыл. Мұнда қазақ тілінен сабақ беретін қаладағы оқытушыларға арнап ҚазПИ-дің жанынан курс ашып, лекция оқыған. Лекция тыңдаушылардың айтуынша, ешқандай қағазға қарамайды екен. Қолында боры бар, тақтаның алдында тұрып сөйлейді екен.
Небәрі 38 жыл өмірінде түркология жөнінен болсын, әдебиеттен болсын, түрлі ғылыми-педагогикалық еңбектер қалдырып кетті», - дейді Қызғалдақ Жұбанова.
АБАЙ ШЫҒАРМАЛАРЫН ТҮРКІ, ПАРСЫ НҰСҚАСЫНДА ОҚЫҒАН
Өткен ғасырдың 30-шы жылдары қазақ қоғамында Абайдың қайраткерлігіне, ақындығына қатысты даулар жүргені рас. «Шынжыр балақ, шұбар төс байдың баласы Абайды неге мойындауымыз керек?» деген сияқты уәждер жиі айтылды. Осындай кездерде Абайды арашалауға атсалысқан азаматтардың бірі Құдайберген Жұбанов болыпты.
«Бір жиналыста сондай үлкен дау шығыпты. Бірсыпыра жұрт «Абай - байдың баласы, оны неге «классик» деп атауға тиіспіз?» деп қарсы
Лингвистердің бірінші республикалық жиыны. Жоғарыдан санағанда үшінші қатарда сол жақтан екінші отырған – Құдайберген Жұбанов. Қызылорда, 1928 жыл. Жеке мұрағаттағы сурет.
шыққан. Сонда Құдекең баяндама жасап, Абайды неге «классик» деп атауға тиіс екенімізді нақты мысалдармен дәлелдеп шығыпты. Совет өкіметіне дейін Абайдың өлеңдері түркіше, парсыша шыққан ғой. Соларды түпнұсқа тілде оқып береді де, аудармасын айтады. «Мінекей, ол тек шығыстан ғана емес, сонымен қатар батыстан да үйренуге болатынын айтқан. Сондай адамды байдың баласы екен деп «классик» деп атамау дұрыс емес» деп түйін жасайды. Сонда бәрі қол көтеріп, Абай біздің классигіміз деп шешім қабылдаған.