Accessibility links

"Көппартиялы" парламенттің қазақстандық қисыны


Қазақстан Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысы. Астана, 28 қазан, 2009 жыл
Қазақстан Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысы. Астана, 28 қазан, 2009 жыл

Үш жыл бұрын Қазақстанда мәжіліс сайлауы өтіп, төртінші шақырылымның депутаттары сайланған еді. Бұрынғы депутат қазіргі парламентті президенттің түртпегімен ғана қимылдайтын орган десе, қазіргі депутат бұл парламенттің «көппартиялы» екендігін айтады.


«БИЛІККЕ КЕРЕК БІР ПАРТИЯ»

2007 жылы 18 тамызда болған сайлауға жеті партия қатысқанымен, тек «Нұр Отан» партиясы ғана тиісті 7 пайыздық барьерді еңсеріп сайлауда жеңіске жетті. Сол кезде түзетілген Конституцияға сәйкес мәжіліс 107 депутаттан құралатын болды.

Мұның ішінде 98 депутат «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы атынан сайланып, қалған тоғыз орынға Қазақстан халқы
Қазақстан парламенті мәжілісіне депутаттар сайлау. Ақкөл ауылы, Ақмола обылсы, 18 тамыз 2007 жыл.
ассамблеясынан тағайындалған депутаттар отырды.

Осылайша алты партияны артқа тастап жалғыз өзі жеңіске жеткен «нұротандықтар», мәжілістің негізін қалағанымен, ресми түрде көппартиялы парламент деп аталатын болды.

Алғашында тек бір партиядан ғана жасақталған қос шатырлы парламенттің сенатына кейін Патриоттар партиясының төрағасы Ғани Қасымов қосылды.

– Еш жерде филиалы жоқ бұл партия билікке керек болған соң ғана партиялар тізімінде жүр, – дейді тіркелмеген «Азат» жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы Астана филиалының жетекшісі Серікбай Әлібаев.

«БІР КІСІНІҢ ТАҒАЙЫНДАҒАН ПАРЛАМЕНТІ»

Кезінде мәжілістің екінші шақырылымында депутат болған, бүгінде оппозициядағы саясаткер Серікбай Әлібаев, қазіргі заң шығарушы
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа ұлт көшбасшысы мәртебесін беру туралы заң жобасына парламенттегі дауыс берулердің нәтижесін көрсетіп тұрған электронды тақта. Астана, 12 мамыр, 2010 жыл.
органның тек бір адамның нұсқауын орындап отырғанын айтады.

– Біздің арамызда бірен-саран депутаттар өз пікірін айтып, халықтың атынан жүрген азаматтар болды. Қазіргі депутаттар тек бір партиядан ғана шыққандықтан халықпен қатынасы жоқ. Былайша айтқанда, бір кісінің тағайындаған парламенті ғой, – дейді Серікбай Әлібаев.

Оның пікірінше, қазіргі парламент сайлау комиссиясы, президент әкімшілігінің ықпалымен жүреді. Егер кім де кім басы артық пікір айтар болса, ол депутаттық орынмен қоштаса беруіне болады.

– Ертең басқа оймен, пікірмен сахнаға шыққан депутаттың бәрін босатып жібереді. Сондықтан олар да амалсыз. Көп депутаттарды мен өзім білемін, қатынастым да оларменен. Олар қазір өз істері мен болашақтарын ойлап қана жүрген азаматтар. Сондықтан депутаттарға елдің де, халықтың да болашағы керек емес. Әрине, халық біледі, саясатқа кіріскісі де келмейді. Жалпы халық, президент жүйесіне сенбейді, парламентке сенбейді, үкіметке сенбейді, оппозицияға да сенбейді. Өйткені, Қазақстанда бір сала халықты ойлап нәтижелі жұмыс істеп отыр деп айту қиын, – дегенді айтады Азаттық радиосына берген сұхбатында Серікбай Әлібаев.

«ПАРЛАМЕНТТЕГІ КОМАНДИРОВКА»

«Бүгінгі парламент жалтақ» деген пікірмен саясаттанушы Айдос Сарым да келіседі. Оның пікірінше, қазіргі заң шығарушы орган президент
Саясаттанушы Айдос Сарым. Астана, 29 сәуір 2010 жыл.
әкімшілігінің тапсырыстарын орындайтын, құжаттарын реттейтін, қысқасы, атқарушы биліктің бір әлсіз қосымшасына айналып кеткен ұйым.

– Өйткені, депутаттар құрамының елу пайызы бұған дейін атқарушы билікте қызмет жасаған, парламентке тек «командировкаға жіберілген» адамдар. Қалай болғанда да бұл парламент - ел тарихына мазақ ретінде кіретін нәрсе. 2007 жылы Конституцияның өзін 17 минутта қарағаннан кейін-ақ бұл парламенттің қандай қауқары бар, қандай ықпалы бар екенін көруге болады, – деді Азаттыққа Айдос Сарым.

Саясаттанушының пайымдауынша, бұл парламент келер жылғы сайлау алдында өзін-өзі таратып жіберуі әбден мүмкін.

«ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ НОРМАҒА ЖАТПАЙТЫН ДҮНИЕ»

Осындай жағдайда қазіргі парламент өкілі өздерінің атына айтылған сын-ескертпелерді үзілді-кесілді жоққа шығарады. Депутат Камал Бұрхановтың байыптауынша, парламент заң қабылдайтын орган болғандықтан өз фунциясын орындап отыр.

– Егер біз заң шығармай жатсақ, немесе үкімет әкелген заңдарды еш өзгеріс енгізбей өткізіп жатсақ, мәселе басқа еді, қаншама заң қабылданып, қаншасы қайтып жатыр. Осының барлығы біздің халқымыздың, мемлекетіміздің, болашақ ұрпақтың дүниесі болмағанда,
Қазақстан парламенті Мәжілісі (сол жақта) мен Сенатының ғимараттары. Астана, наурыз, 2009 жыл.
оның бәрі немене?! – деген уәж келтіреді депутат Камал Бұрханов.

Конституция бойынша Қазақстанға көппартиялық тән. Депутат Камал Бұрхановтың пікірінше, Конституция бұзылып отырған жоқ. Өйткені, бұрынғы «Еңбек», «Асар», «Аграрлық», «Азаматтық» сияқты бес-алты партиялар бірігіп, «Нұр Отан» партиясы болған. «Бірнеше партиялардың күші болғандықтан парламентті көппартиялы деп айтуға әбден негіз бар», - дейді мәжіліс депутаты.

Өткен сайлауда парламентке екінші партияның өтпей қалуын халықтың оларды қолдамауының салдары деп түсіндіреді Камал Бұрханов. «Халық қаламаған соң дауыс бермеді», - дейді ол.

Ал, парламент кезекті сайлауға дейін мерзімінен бұрын тарап кетуі мүмкін деген саясаттанушылардың болжамын депутат Бұрханов тек қауесет деп қабылдап отыр.

Депутат Қазақстанның сайлау туралы заңында сайлауға түскен екінші партия алған дауысына қарамастан парламентке өтеді деп көрсетілгеніне меңзеп мынаны айтты..

«Сайлау туралы заңның ішінде белгіленген, екінші партия қаншама дауыс алғанына қарамастан парламентке кіреді деген. Бұл енді демократиялық нормаға жатпайтын дүние, ол қажет де емес шығар. Дегенмен осындай әңгіме болмасын деп бізде демократияны ілгері қарай дамыту үшін заңға осындай өзгерістер еніп жатыр», – дейді депутат Камал Бұрханов.
XS
SM
MD
LG