ҮШ ПАРТИЯ ДЕМІ ТАУСЫЛҒАН ҚОЗҒАЛЫСТЫ ҚАЙТА ТІРІЛТУДІ ЖӨН КӨРДІ
Оппозицияның бірігу мүмкіндіктерін қарастыру осыдан екі ай бұрын Алматыда өткен демократиялық форумда партия басшыларына берілген тапсырма екенін айтқан Қазақстанның Коммунистік партиясы, Жалпыұлттық социал-демократиялық партия және әлі күнге дейін ресми тіркелмеген «Алға» партиясының басшылары, маусымның 16-сы күні Алматыда баспасөз өкілдерін жинап, өздерінің «Әділетті Қазақстан» қозғалысының аясына біріккенін мәлімдеді.
Оппозиция өкілдері ымыраға келудің оңайға түспегенін айтады.
«Осы екі айдың ішінде бірігу мәселесі төңірегінде пікір алмасу, ой бөлісу, оның жолдары қандай болады – соның бәрін әртүрлі бағытта талқыладық. Әркімнің айтар ойы бар, әркімнің пікірін ескеруіміз керек. Біз авторитарлы билік жүйесіндегі тәртіпті қолданбай, бізде осы уақытқа дейінгі демократиялық күштердың арасында болып келе жатқан пікір алуандығын сақтап, бір тұжырымға келіп отырмыз», – деді Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның төрағасы Жармахан Тұяқбай.
«Әділетті Қазақстан үшін» қозғалысының бұдан 4 жыл бұрын елдегі барлық оппозициялық күштерді біріктіру мақсатында құрылғанын айтқан партия жетекшілері бұл қозғалыстың сол мақсатты әрі қарай да жалғастыра беретінін айтады.
«Осы жинақталған таптырмас қазынаны халықтың ерік-жігеріне ұштастырып, уақыт тезінде шыңдалған саяси және әлеуметтік-экономикалық идеяларды «Әділетті Қазақстан үшін» қозғалысына алып келуді мақсат етіп отырмыз» делінген мәлімдемеде.
Владимир Козлов, «Алға» партиясының жетекшісі:
«Бірігу ең әуелі, алғашқы қадамды содан бастайтындай қандай да бір платформаны қалыптастырып шығаруы тиіс. Бүгін үш партия өкілдерінің басшылары қоғамда ортақ мақсатта өздерінің бірігіп жұмыс істеуге дайын екендіктерін айтуға келді. Жоспарларымызды жүзеге асыру кезінде міндетті түрде туындайтын барлық сұрақтарды шешуде ортақ пікірге келе алатынымызға сенімдіміз. Тек осыны ұғынғаннан кейін барып біз біріктік».
«Әділетті Қазақстан үшін» қозғалысы заңды түрде тіркелген ұйым. Тек қозғалыстың жаңа тынысын ашып, жұмысын жалғастыру керек» деді Қазақстанның Коммунистік партиясының төрағасы Серікболсын Әбділдин.
Әйткенмен, аталмыш қозғалысқа біріккен оппозициялық партиялардың арасында «Азат» партиясы болған жоқ. Оның себебін Жармахан Тұяқбай былайша түсіндірді:
«Олардың ең басты уәжі – біз барлығы болмаса да, екеуара, үшеуара бірігіп, бір партия болып қимыл жасасақ деп отыр. Менің бұл идеяға көзқарасым: әр нәрсенің өз мақсаты, логикасы бар. Бір нәрсеге жету үшін алда тұрған кедергіні аттап өтпей, жою керек. Ол кедергі 3-4 жылдың көлемінде арамызда болып жатқан әртүрлі арандату әрекеттерінің салдарынан болған ажырау процесінің үдеп бара жатқандығы. Оны тоқтатудың жолы – біріге қимылдау. Ол қандай формада болады, партия бола ма немесе блок бола ма, мәселе онда емес. Мәселе – сол бірлікке ынтаның болуында».
ҚОЗҒАЛЫСҚА БІРІККЕН ОППОЗИЦИЯНЫҢ АРАСЫНДА «АЗАТ» ПАРТИЯСЫ ЖОҚ
Қазақстандағы үш оппозициялық партия бір қозғалыстың аясына бірігіп жатқан кезде, «Азат» партиясы тасада қалды. Ол өзінің аталмыш қозғалыстан шықпағанын айтса да, бірігуге аса құлық танытпады.
Оппозиция өкілдері аталмыш мәлімдемені жариялаған күні Азаттық тілшісіне пікір білдірген «Азат» партиясының төрағасы Болат Әбілов өз партиясының «Әділетті Қазақстан үшін» қозғалысы қатарынан шықпағанын, елде екі үлкен оппозициялық партияның жақын арада бірігетінін айтты.
«Біз 2005 жылы «Әділетті Қазақстан үшін» қозғалысы құрылған кезде оның басы-қасында болдық. Президенттік сайлауға сол қозғалыстың атынан түскен ортақ үміткер билікпен белсенді түрде күресті. Біз одан шыққан жоқпыз. Қазір біз үшін ең маңыздысы «Азат» пен Жалпыұлттық социал-демократиялық партияны бір партияның астына біріктіру. Біз қазір келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Іс жүзінде келістік. Ең маңызды детальдар ғана қалды. Бірақ біз «Әділетті Қазақстан үшін» қозғалысының жаңғыруын қолдаймыз», – деді Болат Әбілов Азаттық радиосына.
Бұған дейін, биылғы сәуірдің 11-і күні, Алматы қаласында өткен Қазақстанның демократиялық оппозициялық партиялары мен ұйымдарының республикалық жиынында Болат Әбілов блоктың заңды формасы жоқ екенін, сондықтан тиімсіз екенін айтқан болатын.
БАҚЫЛАУШЫЛАР ҚОЗҒАЛЫСТЫҢ БОЛАШАҒЫНА КҮМӘНМЕН ҚАРАЙДЫ
Дегенмен, оппозициялық күштердің бір партия емес, қозғалыстың астына бірігуінен саясаттанушылар секем алды. «Шаңырақ» қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Әлихан Рамазанов бұл тіпті оппозицияның арасында жік салуы мүмкін деген пікірде.
«Мен бұған қуанбаймын. Себебі, блоктарды сайлауға қатыстырмау туралы заң бар. Менің ойымша, бұл бекерге істелініп отырған жұмыс. Бұл тіпті оппозиция мен «Азат» партиясы арасында алауыздық туғыза ма деп қорқамын. Бір партия болуы керек, онсыз жеңіске жету мүмкін емес. Ал блок деген бүгін бар, ал ертеңгі күні қайтадан ажырап кетеді. Оппозицияның бірігуін билік қаламайды. Жетекшілердің әрбіреуі көшбасшы болғысы келеді. Әркімнің жеке амбициясы бар. Әрқайсысы өзінің пікірін дұрыс деп санайды. Ешқайсысы жол бергісі келмейді», – дейді Әлихан Рамазанов.
Саясаттанушы Айдос Сарым да жаңадан қайта біріккен қозғалыстың болашағы сенімсіздеу деген ой айтады.
«Бірігіп жатқан ұйымдар ертеңгі күні қырықпышақ болмайды дегенге ешкім кепіл бола алмайды. Оның бірнеше себептері бар. Ең басты себеп – жалпы өмірге, саясатқа, билікке деген қарым-қатынастарының әртүрлілігі. Екіншіден, шынын айту керек, оларды қаржыландырыпотырған қаржылық топтардың арасындағы алшақтық. Мысалы, менің түсінігімде, «Алға» партиясына немесе Коммунистік партияға қазір Мұхтар Әблязов хабарласып отыр. Оппозицияны біріктірмей отырған тағы бір нәрсе – саяси идеялардың қайшылығы. Егер партиялар бірігетін болса, онда олар саяси көзқарастарының айналасында топтасуы керек. Ал бұл партиялардың арасында ондай белгілі бір саяси әріптестікті көріп отырғам жоқ. Меніңше, ешкімнің көңіліне келмесін, оппозицияға жаңа буын келмей, қандай да бір нәтижеге жету мүмкін емес», – дейді Айдос Сарым.
Ал «Әділетті Қазақстан үшін» қозғалысының астына біріккен оппозициялық үш партияның өкілдері қозғалысты бірігіп басқаратынын айтып, төрағаны нақты атамады. Сонымен қатар олар 2012 жылы болатын президенттік сайлау кезінде де бөлшектенбей, араларынан ортақ үміткер шығарамыз деп отыр.
Қазақстанның «Сайлау туралы» заңына сәйкес, блоктың атынан шығарылатын үміткер сайлауға түсе алмайтыны белгілі. Сайлауға қатысатынын-қатыспайтынын әр партия жеке өзі анықтайды дейді партия өкілдері.
«Әділетті Қазақстан үшін» қозғалысының жиыны алдағы бір жарым айдың ішінде болады деп хабарланды.
Оппозицияның бірігу мүмкіндіктерін қарастыру осыдан екі ай бұрын Алматыда өткен демократиялық форумда партия басшыларына берілген тапсырма екенін айтқан Қазақстанның Коммунистік партиясы, Жалпыұлттық социал-демократиялық партия және әлі күнге дейін ресми тіркелмеген «Алға» партиясының басшылары, маусымның 16-сы күні Алматыда баспасөз өкілдерін жинап, өздерінің «Әділетті Қазақстан» қозғалысының аясына біріккенін мәлімдеді.
Оппозиция өкілдері ымыраға келудің оңайға түспегенін айтады.
«Осы екі айдың ішінде бірігу мәселесі төңірегінде пікір алмасу, ой бөлісу, оның жолдары қандай болады – соның бәрін әртүрлі бағытта талқыладық. Әркімнің айтар ойы бар, әркімнің пікірін ескеруіміз керек. Біз авторитарлы билік жүйесіндегі тәртіпті қолданбай, бізде осы уақытқа дейінгі демократиялық күштердың арасында болып келе жатқан пікір алуандығын сақтап, бір тұжырымға келіп отырмыз», – деді Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның төрағасы Жармахан Тұяқбай.
«Әділетті Қазақстан үшін» қозғалысының бұдан 4 жыл бұрын елдегі барлық оппозициялық күштерді біріктіру мақсатында құрылғанын айтқан партия жетекшілері бұл қозғалыстың сол мақсатты әрі қарай да жалғастыра беретінін айтады.
«Осы жинақталған таптырмас қазынаны халықтың ерік-жігеріне ұштастырып, уақыт тезінде шыңдалған саяси және әлеуметтік-экономикалық идеяларды «Әділетті Қазақстан үшін» қозғалысына алып келуді мақсат етіп отырмыз» делінген мәлімдемеде.
Владимир Козлов, «Алға» партиясының жетекшісі:
«Бірігу ең әуелі, алғашқы қадамды содан бастайтындай қандай да бір платформаны қалыптастырып шығаруы тиіс. Бүгін үш партия өкілдерінің басшылары қоғамда ортақ мақсатта өздерінің бірігіп жұмыс істеуге дайын екендіктерін айтуға келді. Жоспарларымызды жүзеге асыру кезінде міндетті түрде туындайтын барлық сұрақтарды шешуде ортақ пікірге келе алатынымызға сенімдіміз. Тек осыны ұғынғаннан кейін барып біз біріктік».
«Әділетті Қазақстан үшін» қозғалысы заңды түрде тіркелген ұйым. Тек қозғалыстың жаңа тынысын ашып, жұмысын жалғастыру керек» деді Қазақстанның Коммунистік партиясының төрағасы Серікболсын Әбділдин.
Әйткенмен, аталмыш қозғалысқа біріккен оппозициялық партиялардың арасында «Азат» партиясы болған жоқ. Оның себебін Жармахан Тұяқбай былайша түсіндірді:
«Олардың ең басты уәжі – біз барлығы болмаса да, екеуара, үшеуара бірігіп, бір партия болып қимыл жасасақ деп отыр. Менің бұл идеяға
Партия бола ма немесе блок бола ма, мәселе онда емес. Мәселе – сол бірлікке ынтаның болуында.
ҚОЗҒАЛЫСҚА БІРІККЕН ОППОЗИЦИЯНЫҢ АРАСЫНДА «АЗАТ» ПАРТИЯСЫ ЖОҚ
Қазақстандағы үш оппозициялық партия бір қозғалыстың аясына бірігіп жатқан кезде, «Азат» партиясы тасада қалды. Ол өзінің аталмыш қозғалыстан шықпағанын айтса да, бірігуге аса құлық танытпады.
Оппозиция өкілдері аталмыш мәлімдемені жариялаған күні Азаттық тілшісіне пікір білдірген «Азат» партиясының төрағасы Болат Әбілов өз партиясының «Әділетті Қазақстан үшін» қозғалысы қатарынан шықпағанын, елде екі үлкен оппозициялық партияның жақын арада бірігетінін айтты.
«Біз 2005 жылы «Әділетті Қазақстан үшін» қозғалысы құрылған кезде оның басы-қасында болдық. Президенттік сайлауға сол қозғалыстың атынан түскен ортақ үміткер билікпен белсенді түрде күресті. Біз одан шыққан жоқпыз. Қазір біз үшін ең маңыздысы «Азат» пен Жалпыұлттық социал-демократиялық партияны бір партияның астына біріктіру. Біз қазір келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Іс жүзінде келістік. Ең маңызды детальдар ғана қалды. Бірақ біз «Әділетті Қазақстан үшін» қозғалысының жаңғыруын қолдаймыз», – деді Болат Әбілов Азаттық радиосына.
Бұған дейін, биылғы сәуірдің 11-і күні, Алматы қаласында өткен Қазақстанның демократиялық оппозициялық партиялары мен ұйымдарының республикалық жиынында Болат Әбілов блоктың заңды формасы жоқ екенін, сондықтан тиімсіз екенін айтқан болатын.
БАҚЫЛАУШЫЛАР ҚОЗҒАЛЫСТЫҢ БОЛАШАҒЫНА КҮМӘНМЕН ҚАРАЙДЫ
Дегенмен, оппозициялық күштердің бір партия емес, қозғалыстың астына бірігуінен саясаттанушылар секем алды. «Шаңырақ» қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Әлихан Рамазанов бұл тіпті оппозицияның арасында жік салуы мүмкін деген пікірде.
«Мен бұған қуанбаймын. Себебі, блоктарды сайлауға қатыстырмау туралы заң бар. Менің ойымша, бұл бекерге істелініп отырған жұмыс. Бұл тіпті оппозиция мен «Азат» партиясы арасында алауыздық туғыза ма деп қорқамын. Бір партия болуы керек, онсыз жеңіске жету мүмкін емес. Ал блок деген бүгін бар, ал ертеңгі күні қайтадан ажырап кетеді. Оппозицияның бірігуін билік қаламайды. Жетекшілердің әрбіреуі көшбасшы болғысы келеді. Әркімнің жеке амбициясы бар. Әрқайсысы өзінің пікірін дұрыс деп санайды. Ешқайсысы жол бергісі келмейді», – дейді Әлихан Рамазанов.
Саясаттанушы Айдос Сарым да жаңадан қайта біріккен қозғалыстың болашағы сенімсіздеу деген ой айтады.
«Бірігіп жатқан ұйымдар ертеңгі күні қырықпышақ болмайды дегенге ешкім кепіл бола алмайды. Оның бірнеше себептері бар. Ең басты себеп – жалпы өмірге, саясатқа, билікке деген қарым-қатынастарының әртүрлілігі. Екіншіден, шынын айту керек, оларды қаржыландырып
Оппозицияға жаңа буын келмей, қандай да бір нәтижеге жету мүмкін емес.