Ұлттық валютаның айтарлықтай әлсіреуі салдарынан сырттан әкелінген импорттық тауарлар мен импорт аралас отандық өнімдер бағасы да өзгеріп шарықтап сала берді. Доллар бағамы күрт шарықтап кеткен 5 ақпан күні-ақ жергілікті кәсіпкерлер дүкен сөрелеріндегі бағаны тез өзгертті.
Осы күні кейбір сауда орталықтары мен ірі супермаркеттер аяқ астынан жабылып, келесі күні жұмысын бұрынғыша жалғастырды.
Жергілікті сарапшылардың бағалауынша, азық-түлік 3,3%, дәрі-дәрмек 5%, ал тұрмыстық техника бірден 25-30% қымбаттады. Осы уақытқа дейін девальвация белгілі бір тауарлар құнына ғана әсер еткен еді. Бағаның өзгеруін кейбіреулер евроның өсуімен байланыстырса, енді бірі доллар курсының көтерілуімен түсіндіреді.
Ал тұрмыстық техникалар дүкенінің сатушысы өздеріндегі заттардың бұрынғы көлемде сатылып жатқанын айтады. Бағаның өзгергеніне қарамастан, сауда қызу жүруде.
«Контакт» жылжымайтын мүлік агенттігінің директоры Сайлаубек Есқалиевтің пікірінше, экономикалық жағдай осылайша өрбіген кезде Оралда жылжымайтын мүлік қымбаттамайды. Мұны Сайлаубек Есқалиев былай түсіндіреді:
- Жылжымайтын мүлік бағасы немесе ұзақ пайдаланылатын тауар түрлері, мысалы, автокөлік бағасы енді доллар бағамымен арзандамаса қымбаттамайды. Дегенмен, тауардың өзіндік бағасының өзгермеуі де мүмкін.
Осыған қарамастан жергілікті сарапшылар бұл жағдай 2009-шы жыл бойына инфляцияның негізгі себептерінің бірі болатынын айтады.