Accessibility links

Дағдарыс кезінде постсоветтік елдер қорғаныс саласына жұмсайтын шығынды көбейтуде


Шанхай Ынтымақтастығы ұйымына мүше елдердің алғашқы бірлескен антитеррорлық жаттығуына қатысқан сарбаз. Қазақстан, 2003 жыл.
Шанхай Ынтымақтастығы ұйымына мүше елдердің алғашқы бірлескен антитеррорлық жаттығуына қатысқан сарбаз. Қазақстан, 2003 жыл.

«Джеймстаун фаундейшн» атты америкалық сараптамалық топтың байқауынша, постсоветтік елдердің қорғаныс саласына арналған бюджеттік шығындары ұлғаюда. Әйткенмен, Орталық Азиядағы ұжымдық қауіпсіздік идеясы өмірге ене алмай отыр.


ҚОРҒАНЫСҚА БӨЛІНГЕН ҚАРЖЫ КӨЛЕМІ

Әлемдік экономикалық дағдарыс бүкіл постсоветтік аймақтағы елдердің экономикасына айтарлықтай әсер етті. 2009 жылы жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) орта есеппен 7 пайызға төмендеді. Бірақ, осыған қарамастан, барлық постсоветтік елдер қорғаныс қажетіне жұмсалар бюджеттік қаражат мөлшерін көбейтіп отыр.

Бұл қатарда Беларусь қана жоқ, ол елде 2009 жылы қорғанысқа бөлінген ақша көлемі бұрынғысынан өзгерген жоқ – ЖІӨ-нің 1,5 пайызы мөлшерінде қалды.

Ресейдің «Независимая газета» басылымы таратқан мәліметтер бойынша, Грузияда 4,56 пайызға, Арменияда 4,06 және Әзірбайжанда
Президенттер Нұрсұлтан Назарбаев, Димитрий Медведев, Эмомали Рахмон, Құрманбек Бакиев және Серж Саргсян «Мәтібұлақ» полигонында өткен ҰҚШҰ-ның әскери жаттығу кезінде. Жамбыл облысы, Қазақстан, 16 қазан 2009 жыл.
3,95 пайызға ұлғайтылып, қорғанысқа жұмсалар шығын айтарлықтай көбейген. Атап өтерлік жайт, 2009 жылы Арменияның ЖІӨ деңгейі 15 пайызға төмендеген болатын.

Армения мен Беларусь Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының (ҰҚШҰ) мүшесі болып табылады. Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан ҰҚШҰ-на да және дәл солай Шанхай ынтымақтастық ұйымына да (ШЫҰ) мүше. Қытай да ШЫҰ-ның мүшесі.

Осы елдердің қай-қайсысында да қорғаныс бюджетінің елеулі түрде ұлғайғаны байқалады. Ресейде де қорғаныс бюджетінің 3,4 пайызға ұлғайтылғанын жазады тағы сол «Независимая газета». Қорғаныс саласының бюджеті ЖІӨ-нің 0,95 пайызын құрайын деп отырған Қазақстанға қарағанда, ЖІӨ деңгейі жарты мөлшерге аз болса да өзбектер 2010 жылы ЖІӨ-нің 3,5 пайызына дейінгісін қорғанысқа жұмсайтын болады.

Тәжікстан мен Қырғызстан қорғаныс шығындарына келгенде шеттен келетін көмекке арқа сүйейді, өйткені олардың бюджеттері жұпынылау. Душанбе ЖІӨ-нің 1,5 пайызын қорғанысқа жұмсауды жоспарлап отыр. Былтыр бұл көрсеткіш 1,46 пайызды құраған болатын.

Бішкек болса, 1,7 пайызға бір-ақ барды. 2009 жылы оның бюджеті 0,6 пайызды құрап еді. Өзін бейтарап елмін деп жариялаған Түркіменстан 1,21 пайыздық қорғаныс бюджетін 1,5 пайызға ұлғайтуды жөн көрді.

Әйтсе де «Независимая газета» жариялаған осы сандарға күдіксіз сеніммен қарауға болмайды. Мәселен, басқа ақпарат көздері Әзірбайжанның қорғаныс қажетіне ЖІӨ-нің 10 пайызына дейінгісін жұмсауды жоспарлағанын айтады. Ресейлік ақпарат көздерінде, әсіресе Грузияға қатысты келтірілген сандарда саясаттың салқыны болу мүмкін.

Дей тұрғанмен, «Джеймстаун фаундейшн» сараптамалық тобының пікірінше, жаппай үдеріс баршылық: жаһандық экономикалық дағдарысқа байланысты туындаған экономикалық қиындықтарға қарамастан постсоветтік елдерде қорғанысқа арналған бюджеттік шығынның ұлғаюы байқалады.

Өзбекстан — Орталық Азиядағы қорғаныс саясаты анағұрлым тәуелсіз ел, оның әскери қажеттіліктерге бөлген бюджеті айтарлықтай көп.

КРЕМЛЬГЕ СЕНІМСІЗДІК

Қорғаныс бюджеттерінің ұлғаюының арғы жағында жатқан тағы бір беймаза құбылыс бар. Ол Шанхай ынтымақтастық ұйымының және Ұжымдық қауіпсіздік шарты Ұйымының ішінен көрініс беруде. 2008 жылы Ресей мен Грузия арасында болған әскери қақтығыстан кейін
Ресей президенті Дмитрий Медведев пен Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Мәтібұлақ» полигонында өткен ҰҚШҰ-ның әскери жаттығулары кезінде. Жамбыл облысы, Қазақстан, 16 қазан 2009 жыл.
орын алған Мәскеу бастамаларының саяси және әскери салдары Ресейге деген бүкіл Орталық Азияның сенімсіздігін тудырды.

Мәселен, Мәскеу Ұжымдық шұғыл әрекет күштерін құруға әрекеттенген кезде Өзбекстанның қызу қарсылығына ұшырады. Қырғыз жерінен ресейлік әскери база ашу жоспары бас көтерген кезде де Ташкент Ресейге де, Қырғызстанға да қолдау көрсетпеді. Осының салдарынан екіжақты өзбек-қырғыз қарым-қатынасы шиеленісіп кетті.

Мәскеу Ұжымдық қауіпсіздік шарты Ұйымының маңыздылығын қанша жерден діттегенмен, бірлескен әскери оқу-жаттығулардың жоспары жалпы ұжымдық қауіпсіздік идеясының өзі қаншалықты жөн-жосыққа келетінін дұрыстап қарастыру керектігін көрсетеді. Бұл сәуір айында ҰҚШҰ шеңберінде Тәжікстанда өткізілейін деп отырған лаңкестікке қарсы оқу-жаттығу кезінде анық көрініс беретін болады. Ресей әскерінің өкілі полковник Олег Юскаков Өзбекстанның оқу-жаттығуға қатысу-қатыспауы екіталай екенін растады.

Оқу-жаттығуға Ресейдің 600 әскери қызметкері, тәжік және қырғыз батальондары әрі бір полициялық отряд қатыспақ. Өзбектің қатысуынсыз бұл әншейін өтті деген ат үшін ғана керек оқу-жаттығу болайын деп тұр.

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ОҚУ-ЖАТТЫҒУЛАР

Шанхай тобының шеңберінде де Мәскеуден белгілі бір бастама шығуда. 2009 жылғы сәуір айында осы топқа жататын елдердің қорғаныс министрлері Ресей астанасында бас қосып, өзге де тақырыптармен бірге Қазақстанда өткізілуге тиіс «Бейбітшілік миссиясы – 2010» оқу-жаттығуының жай-жапсарын талқылады.

Министрлер оқу-жаттығуды «Бейбітшілік миссиясы – 2007» секілді емес, одан көрі әлдеқайда кең нысанда, лаңкестікке қарсы бағытта
Тбилисиден 70 шақырым жердегі Надарбазеви елді мекеніндегі бақылау-өткізу бекетін тастап кетіп бара жатқан орыс әскері. 8 қазан 2008 жыл.
өткізуге келісті. Сол кездесуде Ресей өкілдері Грузиямен соғысқан бес күн ішінде жинаған тәжірбиесін ортаға салуға тілек білдірген еді.

Ол соғыс лаңкестікке қарсы шараның қатарына жатпайды. Бұл турасында былтырғы желтоқсанның 21-інде «Военно-промышленный курьер» хабарлаған болатын. Сөздің түйінін айтқанда, мұндай талпыныстың мәселені шешудің орынына қиындықтар тудыратыны айқын.

Шанхай ынтымақтастық ұйымының қарамағында әскери бөлімдер жоқ. Бұл ұйымның басты жұмысы әскери қимылдарды жоспарлаудан емес, ақпарат жинау және талдаудан тұрады. Бұл лаңкестікке қарсы аймақтық құрылым осындай зерттеушілік қызметпен ғана айналысады.

Шанхай ынтымақтастық ұйымының кейбір мүшелері лаңкестік шабуылға жауап қату бағдарламасы бойынша толық қауіпсіздікті кепілдендіретін сондай бір механизм құруды ұсынып көрген болатын, бірақ, бәрі-бір ұйымның өз ішінде қарулы күштерді құру және пайдалану рәсімі қарастырылмаған.

Ақпанның 25-інде Ресей құрлық әскерлерінің қолбасшысы генерал-полковник Александр Постников «Бейбітшілік миссиясы – 2010» оқу-жаттығуына Ресей мен Қытайдың 400-ден адам жолдайтынын хабарлады. Қазақстан болса, төрт мың адамын дайындауда.

Салыстыратын болсақ, өткен «Бейбітшілік миссиясы – 2007» оқу-жаттығуына 6 500 адам қатысқан еді. Ташкент өзінің бөлімшелерін жібермеді, тек офицерлері ғана қатысып, қолбасшылар қосынан оқу-жаттығуға қарап тұрды.

АУЫЗБІРЛІКТІҢ ЖОҚТЫҒЫ

Шанхай ынтымақтастық ұйымы шеңберіндегі әскери маневрлар қатысушылардың арасындағы алауыздықты айқындайды.
Ресей премьер-министрі Владимир Путин мен Қытай үкіметінің жетекшісі Вэнь Цзябао Шанхай Ынтымақтастығы ұйымының саммитінде. Бейжің, 14 қазан 2009 жыл.
Алауыздықтың түбірі ұйымды толыққанды әскери құрылымға айналдыратындай нақты саяси жігердің болмауында жатыр.

Болжаммен сөйлейтін болсақ, ұйым мүшелері ортақ мәмілеге қол жеткізіп жатқан жағдайда өкілетті атқарушы органы бар жаңа саяси құрылым қажет болады. Сондай-ақ, олай әскери қуаттылықты мәшһүр ету үшін әлдеқайда кең халықаралық қолдаушылыққа ие болу керек.

Бірақ, Шанхай ынтымақтастық ұйымын әскери блокқа айналдыруға кедергі болып тұрған да дәл осы жағдайлар. ШЫҰ шын мәніндегі әскери құрылымға айнала алатынын мәлімдегенмен, онысы жай ғана дипломатиялық дақпырт болып келе жатыр.

ССРО-ның құлағанына 20 жыл өтіп, тәуелсіз мемлекеттердің көбісі өз алдына жеке жолмен қорғаныс жүйесін құруды қалайтынын ескерсек, тағы бір құбылыстың бар екенін аңғаруға болады. Олар тек белгілі бір саяси межеге дейін ғана өзара бірлесіп қимылдайды, ал, нағыз ұжымдық қорғаныс жоққа тән.
XS
SM
MD
LG