Қаңтардың 29-күні Астанада, парламенттің қос палатасының бірлескен отырысында, президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арналған дәстүрлі жолдауын жариялады.
Елдің орталық телерадиоарналары арқылы тікелей эфирден берілген мемлекет басшысының кезекті жолдауы «Жаңа онжылдық, жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» деп аталады.
Президенттің айтуынша, республикаға бірінші кезекте экономиканы дағдарыстан кейінгі кезеңге дайындау, содан кейін инфрақұрылымды жетілдіру, индустриализацияны арттыру арқылы тұрақты экономикалық өсімге алып шығу, адам ресурссын дамыту, сондай-ақ тұрғындарды сапалы әлеуметтік тұрғын үй-коммуналдық қызметпен қамтамасыз ету қажет.
«Дағдарысқа дейінгі кезеңде Қытай, Үндістан секілді басқа, экономикасы қарыштап алға басып келе жатқан мемлекеттердің қарқыны сияқты Қазақстанның экономикасы да көтерілді», – деді президент.
Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның 2020 жылға дейінгі даму стратегиясын жүзеге асыруды бастағандығын атап көрсетті.
"Менің басты мақсатым – еліміздің алдағы онжылдықтағы экономикалық өрлеуін қамтамасыз етіп, жаңа мүмкіндіктерге жол ашу. Бүгінгі жолдауымның өзі де осыған арналған. "Қазақстан -2030" стратегиясын орындай отырып, біз алғашқы онжылдық бағдарламасын жасап, оны тәмамдадық. Ендігі мақсат - осы стратегияның келесі онжылдығына қарай қадам жасау" деп мәлімдеді мемлекет басшысы.
Сонымен бірге, президент 2010 жылдан бастап Ұлттық қордан республикалық бюджетке аударылатын трансферт көлемі 8 млрд доллар болатындығын мәлімдеді. Назарбаевтың айтуынша, «бұл трансферт, ең бірінші кезекте, индустриализацияны жүзеге асыру мақсатына жұмсалуы тиіс. Ұлттық қордан бюджетке басқа да қарыздар, қосымша трансферттер бөлінбейді».
Назарбаевтың жоспары бойынша, «2020 жылы Ұлттық қордың активтері 90 млдр долларға дейін өсуі тиіс, бұл ІЖӨ-нің кем дегенде 30 пайызын құрайды».
«Қордың арқасында біз тек дағдарысқа қарсы шараларды іске асырумен ғана шектелмей, қиындық жағдайында өзіміз сатуға мәжбүр болған аса маңызды активтерді мемлекетке қайтардық. Бұл – Екібастұздағы 1-ші ГРЭС, «Богатырь» разрезі, Қашаған кенішіндегі өз үлесіміз, «МаңғыстауМұнайГаз» бен барлық үш мұнай өңдеу зауыты мемлекетке қайтарылды» деді ол.
Президент Назарбаев 2014 жылы ішкі нарықты мұнай өнімдерімен толық қамтамасыз етуге уәде беріп отыр. Оның айтуынша, алдағы төрт жылда Қазақстанда барлық үш мұнай өңдеу зауыты реконструкцияланады, сол арқылы елдегі «ішкі сұранысты барлық мұнай өнімдері түрлері бойынша» толық қамтамасыз етіледі.
Бұдан бөлек, Қазақстан басшысы инновация саласын дамыту арқылы жаңа жұмыс орындары ашылады деп отыр.
«Бүгінгі күні жалпы инвестиция көлемі 6,5 трлн теңгені құрайтын 162 жобаны жүзеге асыру жайлы сөз қозғалып отыр. Бұл – жалпы ішкі өнімнің тұтас өсімінің 40 пайызынан асады, ол бізге таяудағы жылдарда 600 мыңға жуық жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Президенттің жолдауын тыңдаушылар бюджет қызметкерлерінің жалақысы өсетіндігі туралы хабарды қуана қарсы алды.
«Осы жылы 1-сәуірден бастап бюджет саласында істейтін жұмысшылардың жалақысы 25 пайызға көтеріледі, сондай-ақ стипендия өседі», – деп мәлімдеді Қазақстан президенті.
Оның айтуынша, өткен жылғы экономикалық өсімнің жақсы болуы бюджеттегілердің айлығын үш ай бұрын өсіруге мүмкіндік береді. Бұған дейін бюджет саласындағылардың жалақысы 2010 жылы 1-шілдеде көтеріледі деп жоспарланған еді.