АҚШАСЫ БАР ӘН АЙТҚЫЗАДЫ
EurasiaNet сайтының хабарлауына қарағанда, Вашингтонда қоныс тепкен сыртқы саясатты зерттеу орталықтарының бірі дәл қазір Қазақстан мен АҚШ үкіметтеріне Астананың келер жылы ЕҚЫҰ-да төрағалығының жемісті болуы үшін баяндамалар мен кеңестер даярлау үстінде екен.
Ол орталық Стратегиялық және халықаралық зерттеулер орталығы деп аталады. Өзіне Астана тапсырған міндетті ойдағыдай атқару үшін бұл орталық Вашингтондағы өзге бір зерттеу орталығымен – Жаңа демократиялар институтымен тізе біріктіріп, екі ел басшылығына да аталған мақсатта кеңестер беру үшін арнайы жұмыс тобының негізін қалапты. Екі топтың да аталған бағыттағы жұмысын, 290 000 АҚШ долларын беріп, Астана қаржыландырып отыр деп жазады сайт.
Алайда, қазірден бастап бірқатар бақылаушылар, соның ішінде аталған топта қызмет етіп жүрген тұлғалар, бұл ұйымдар даярлап жатқан кеңестер мен баяндамалардың бейтарап та бағалы екеніне күмән келтіруде деп жазады аталған сайт. Мәселен, әуеліректе аты аталған жұмыс тобы даярлаған бірінші баяндаманы, сол топта қызмет еткен бір адам «мынаның мәтінін Қазақстан елшілігі даярлаған тәрізді» деген күдік білдірген. Ал ол топқа қатысушы тағы бір АҚШ азаматы, өзінің аты-жөнін жарияламауды өтіне келіп, бұл бірінші баяндаманың «нағыз боямаға толы жарнама», «[Астанадағы] үкіметтің шашпауын көтерген сандырақ» екендігін тілге тиек еткенін жазады EurasiaNet.
Аталған жұмыс тобының жиналысына қатысып жүрген тағы бір азамат, баяндамада Қазақстандағы билік жүйесінің олқылықтары мүлде айтылмайтынына таң қалып отыр. Осы баяндаманың бір тұсын ол мысал ретінде алып көрсетеді, онда былай делініпті:
«Қазақстан Орталық Азияда және зайырлы мұсылман елдері арасында сәтті экономикалық дамудың үлгісін жасай алды».
Міне осы сөздерге байланысты, бұл Қазақстан үкіметіне сын көзбен қараушы адам былай дейді: «Егер тамыр-таныстық арқылы, мемлекет қазынасынан ел қаржысын талап, жымқыру бұл жерде сәтті экономикалық дамудың үлгісі деп аталып тұрса, онда сөзсіз, олар бұл істе үлкен табыстарға жетті. Алайда, мен бұл пікірді соншама көп адам қолдайды деп айта алмаймын. Бұл адам құқықтарының ахуалын тіпті сөз етпей-ақ қойғандағы шындық бейнесі».
Осы жұмыспен айналысып отырған Стратегиялық және халықаралық зерттеулер орталығы сыртқы саясат мәселелерімен айналысатын ықпалды ұйым боп табылады. Оның бірқатар басшылары АҚШ-тың қазіргі президенті Барак Обаманың әкімшілігіне алынған.
«ЕГЕР БІЗ ҚАЗАҚСТАНМЕН ЖҰМЫС ЖАСАМАСАҚ, ОНЫ ШАНХАЙ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ҰЙЫМЫНА БЕРІП ҚОЯМЫЗ»
EurasiaNet бұдан әрі Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуінің көп дау тудырып жатқанын, ЕҚЫҰ-ға мүше көптеген елдердің Қазақстанның адам құқықтарын қорғау мен демократия саласындағы, яғни осы ұйымға іргетас боп отырған ұстанымдарды сыйлауға қатысты беделіне күмән келтіретінін жазады.
Бұл арада EurasiaNet әңгімесіне арқау болған Жаңа демократиялар институты атқарушы директоры Маргарита Ассенованың ұстанымына ерекше көңіл бөле кеткен жөн.
«Біз отырып алып, қапталдан сынақты қардай боратуымыз арқылы, үкіметтер мен ұлыстарды өзімізден алыстатып алуымыз мүмкін... Немесе біз билік орындары жүргізіп отырған саясатқа әртүрлі икемді тәсілдер арқылы ықпал ету мүмкіндігіне ие болмақпыз. Жалпы, ылғи ызыңдаған шыбын тәрізді сынай беру, асыл сөз және орынды ақыл–кеңестің берекесі мен беделін кетіреді» деп атап көрсетеді Ассенова.
Егер АҚШ, дейді Маргарита Ассенова, тегеурінді түрде Қазақстанға қолдау көрсетпесе, онда Ресей мен Шанхай ынтымақтастығы ұйымының оған әсері күшейіп кетпек.
«...Олар төраға болуға лайық па, лайық емес пе, оған тәуелсіз, біздің олармен ЕҚЫҰ мәселесі бойынша ынтымақтасып, бірге жұмыс істеуден бас тартуымыз, олардың Шанхай ықпалдастығы ұйымының қармағына ілініп кетуіне әкелмек... Бұл біздер, американдықтар үшін тиімді ме? Әрине, олай емес», – деп түсіндіреді Ассенова.
Міне, нақ осы жерде Қазақстанда көптеген жанның көкейін тесетін, Қазақстанда кейде орын алып жататын адам құқықтарын айқын түрде аяқ ету мысалдарын көре отырып АҚШ неге Ақорданы мәймөңкелеуден ары аса алмайды, деген сауалға толық және жеткілікті жауап жатыр.
ҚАЗАҚСТАН БОСТАНДЫҚ ШАМШЫРАҒЫНА АЙНАЛА МА?
Дойче Велле сайты Германияда өткен тағы бір жиын туралы сөз етеді. Германия Еуроодақтың ең ірі экономикасы әрі мұнда тұрғындары саны бойынша жетекші ел боп саналады. Бұл жиында да Қазақстанның келесі жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету мәселесі сөз болған.
Герман сыртқы саясат қоғамы ұйымдастырып, Берлинде өткізілген бұл жиында Қазақстан алдында ашылатын мүмкіндіктер мен игі ахуал, және Германияның бұдан күтер үміті маңайында әңгіме өрбіпті. Кездесу барысында Қазақстан үшін өз ішіндегі демократияландыру мен ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуінің маңыздылығы әрі оң әсері жайлы көптеген ой-пікірлер айтылған.
Германия парламенті бундестагтың депутаты, ХДО/ХӘО блогы партиялық фракциясының мүшесі Манфред Грунд келесідей сөз айтқан:
«Қазақстан Орталық Азияның (бостандық) шамшырағына айнала алады. Себебі қазірдің өзінде бұл елде аймақтағы өзге елдерде, мысалы, Өзбекстанда іс жүзіне асады деп күтуге болмайтын нәрселер шындыққа айналды».
Ол, әрине, Қазақстан аталған көршілерімен салыстырғанда қол жеткізіп, іс жүзіне асыра алған құқықтық мемлекет құрудағы прогресті меңзеп отыр.
«Міне нақ осы себептен Германия Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуіне белсенді түрде қолдау көрсеткен болатын» дейді Манфред Грунд.
Тұтастай алғанда, Батыс Астанамен қарым-қатынастарда прагматизмді басшылыққа алуға көшті деп айтудың жөні бар. Және де осы ұстаным Батыс саясатында Қазақстанмен арақатынастарда келер онжылдықтар бойы принципті жаңартуларға ұшыратылмай қала беретін тәрізді. Әрине, егер Астана аймақтағы сыртқы ықпалдар теңгерімін бұзбай, Батыстың мүддесін Ресей және Қытай мүдделерімен бірдей мөлшерде есепке алып, теңгеріп отыруды ұмытпаса.
Бұл Манфред Грундтың келесі сөздерінен де білінеді: «Егер Қазақстанда Еуропа елдері ғасырлар бойы жетілдірген демократия стандарттары бірден енгізілсе, оның арты мемлекеттің күйреуіне ұласып кетуі мүмкін».
Бұл әрине, неміс парламенті депутатының ақордалықтардың жиі уәж етіп айтатын сөзін келтіріп тұрғаны. Ал Ақорданың Қазақстанда демократияландыруды бірте-бірте, баяу да бақыланымды негізде жүргізу абзал дейтіні жұртқа аян. Еуроодақ пен АҚШ Астананың бұл сөздеріне түсіністікпен қарайтын сыңайлы.
Қайткен күнде де, ЕҚЫҰ төрағалығы қолында болатын бір жыл ішінде Қазақстанның енді қайтып бұрынғы және бүгінгі Қазақстандай болмайды деп айтуға негіз бар тәрізді. ЕҚЫҰ-ға мүше болып табылатын әлемдегі (ішінде қаншама жетілген демократиялар бар) 56 мемлекеттің Қазақстанға келесі жылы ішінде зейін қоя назар салуы, дегенмен Қазақстан Республикасындағы саяси билік жүйесіне өзінің бір оң әсерін тигізуі тиіс.
Бүгіннен-ақ, әлемнің өркениеттері елдерінің көптеген өкілдерінің, өзге де жұрттар азаматтарының Қазақстанның келесі жылы төраға боларына байланысты көп үміт күтіп отырғандығын сезінуге болады. Олар Қазақстан қазіргіден де жетілген демократиялық қоғам құруға қадам басады, құқықтық мемлекет пен өркениетті саяси жүйені өзінде одан әрмен дамытады деп үміттенуде.