Жуырда ғана Қазақстанда «конституциялық монархия орнатып, президент Нұрсұлтан Назарбаевты хан сайлау керек» деген бастама көтерілді.
Қазақстанда мұндай бастама алғаш рет көтеріліп отырған жоқ. Айталық, 2006 жылдың күзінде Рахат Әлиевтің «Караван» газетінде Қазақстанда монархия орнатып, оны «Нұрсұлтанат» деп ұсыныс жасаған мақаласы шыққан болатын. Сол кезде оның әлі президент Н.Назарбаевтың үлкен күйеу баласы деген мәртебесінен айрылмаған кезі еді.
Осы тақырыптағы бағдарламаға елде монархияға орнатып, президентті хан етіп сайлау туралы бастаманың авторы Камалатдин Дулатов пен ондай ұсынысты қолдайтын тарихшы, профессор Талас Омарбеков және ол бастамаға түбегейлі қарсы - тарихшы, профессор Хангелді Әбжанов пен белгілі қоғам қайраткері, экс-сенатор Уәлихан Қайсар қатысты.
Бағдарламаны Азат Еуропа/Азаттық Радиосының қызметкері Сұлтан Хан Аққұлұлы жүргізді.
Дөңгелек үстелдегі пікірталасты оның аудиожазбасынан тыңдай аласыздар.