Accessibility links

КГБ-дан да құдіретті ФСБ бақылауға көнбейді


Ресей президенті Дмитрий Медведевтің ФСБ арнайы тобы офицерлерімен кездесуі. Махачқала, Дағыстан, 9 маусым 2009 жыл.
Ресей президенті Дмитрий Медведевтің ФСБ арнайы тобы офицерлерімен кездесуі. Махачқала, Дағыстан, 9 маусым 2009 жыл.

КГБ/ФСБ қызметін дәл Андрей Солдатов пен Ирина Бороган сияқты мұқият зерттеген журналистер кемде кем. Олар «Жаңа ақсүйектер тобы: Ресей мемлекеттік қауіпсіздігін қалпына келтіру және КГБ-ның мызғымас мұрасы» атты кітап жазып шығарды.


АЛДЫҢҒЫДАН ДА СОЙҚАН МҰРАГЕР

Он жыл бойғы зерттеу жұмыстарынан кейін журналистер Андрей Солдатов пен Ирина Бороган ресейлік арнайы қызмет туралы «Жаңа ақсүйектер тобы: Ресей мемлекеттік қауіпсіздігін қалпына келтіру және Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің (КГБ) мызғымас мұрасы» деп аталатын кітаптарын ағылшын тілінде Батыста жарыққа шығарды. Кейбір ресейлік және батыстың бұқаралық ақпарат құралдары бұл кітапты Ресейде сату жоспарланбағанын жазып отыр.

Кітап авторлары «жаңа ақсүйектер тобы» деп Федералдық қауіпсіздік қызметін (ФСБ) атап отыр. Олардың пікірінше, Владимир Путиннің кезінде ФСБ өзінен бұрынғы КГБ-дан да әлдеқайда қорқынышты да құдіретті мекемеге айналған. Сондай-ақ Андрей Солдатов пен Ирина Бороган бүгінде ресейлік арнайы қызметке жасалатын саяси бақылау деңгейі советтік кезеңдегіден анағұрлым төмен, ал бұл мекеменің жетекшілері болса елдегі ең бай адамдарға айналған деп жазады.

Кітап авторларының ой-пікіріне қарағанда, ФСБ-ні ең басты барлау қызметіне айналдырған – Владимир Путин. Қалай әрекет етcе де еркі білетін бұл ұйым қазіргі уақытта ешкімнің алдында, тіпті, Кремльге де есеп бермейді.

ЗАҢНАН ДА ЖОҒАРЫ

Биылғы шілде айының соңында Ресейде Федералдық қауіпсіздік қызметінің құзыры кеңейтілгені мәлім. Бұл жөніндегі заңға президент Дмитрий Медведев қол қойған еді. Жаңа заң бойынша, арнайы қызмет өкілдері кейбір әрекеттері қылмыстық іске алып келуі ықтимал деп тапқан адамдарға ресми түрде ескерту жасауға құқылы.

Билік бұл заң экстремизммен күрес үшін қажет деп мәлімдеді. Алайда адам құқығын қорғаушылар қоғамда өзгеше ойлайтындар мен
ФСБ-ны тірек еткен жаңа биліктің құпия, күдік келтірер әдіс-тәсілдері көбейіп, билікті сынайтын, талқыға салатын кез-келген ой-пікірді еш қымсынбай басып-жаншудың ауқымы кеңейе түсті.
биліктің қарсыластарын қорқытып-үркіту құралына ие болып алған Федералдық қауіпсіздік қызметі бұдан былай заңды белшеден баса ма деп алаңдап отыр.

«Жаңа ақсүйектер тобы: Ресей мемлекеттік қауіпсіздігін қалпына келтіру және КГБ-ның мызғымас мұрасы» кітабының авторлары «Азат Еуропа/Азаттық» радиосына берген сұхбатында өз зерттеулері мен кітапта келтірілген деректер туралы әңгімелеп берді.

Ирина Бороган Владимир Путиннің Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінде тәрбиеленгендігіне баса назар аударылғанын және көптеген адамдар осы мекеменің жаңа Ресейдегі билікті қолға түсіру үшін жасаған іс-әрекетіне Путиннің қатысы бар деп ойлайтынын айтты.

«Алайда Федералдық қауіпсіздік қызметінің әрекеттерін саралай келе олай емес екендігіне көз жеткіздік, – дейді Ирина Бороган. – Әйткенмен ФСБ-ны тірек еткен жаңа биліктің құпия, күдік келтірер әдіс-тәсілдері көбейіп, билікті сынайтын, талқыға салатын кез-келген ой-пікірді еш қымсынбай басып-жаншудың ауқымы кеңейе түсті».

БАҚЫЛАУСЫЗ МЕКЕМЕ

Ирина Бороганның сөзіне қарағанда, мұндай әдістердің қолданылуы қоғамға айтарлықтай кері әсер етті, соның салдарынан ашық пікірталастар мен саяси бәсекелестік және еркін пікір алысудың жолы кесілді.

Кітаптың тағы бір авторы Андрей Солдатов КГБ мен ФСБ-ны салыстыра келе: «советтік қауіпсіздік комитеті аса құдыретті құрылым болатын, өйткені Совет Одағы Ресейден әлдеқайда үлкен еді. Алайда екеуінің арасында ұқсастықтар да жоқ емес. КГБ қанша қаһарлы болса да Коммунистік партияның Орталық комитеті алдында есеп беріп тұрды», – дейді.

«Бірақ біз бұған салыстырмалы түрде қарар болсақ, қазіргі ФСБ кей тұрғыдан алғанда КГБ-дан да күштірек екенін айтуға тиіспіз, – дейді Андрей Солдатов. – Біздің зерттеуіміздің басты қорытындысы да осы. Бұл тұрғыдан келгенде КГБ-мен салыстыруға келмейді, өйткені КГБ Коммунистік партияның толық бақылауында болды».

Андрей Солдатов КГБ-ның әрбір бөлімінде бастауыш партия ұйымдары жұмыс істегенін, ал комитет қызметкерлері партия аппаратынан кәдімгідей сескеніп, аяқ тартқанын айтады. 1959 жылғы қаулыда Мемлекеттік қауіпсіздік комитетіндегі партия ұйымдарына осы комитетте болған кез-келген кемшілікті өзінен жоғары тұрған партия ұйымдарына хабарлауғы құқылы екендігі анық жазылған. Ал бүгінде ФСБ-да ондай ұйым жоқтығы аян.

ЖЕМҚОРЛЫҚҚА БЕЛШЕДЕН БАТҚАН

Ирина Бороган жаңа кітапта Ресейдегі басқа мекемелермен салыстырғанда ФСБ жемқорлыққа белшеден батып отырғаны айтылғанын хабарлады. Осыған дейін ресейлік бұқаралық ақпарат құралдары арнайы қызметтің кейбір өкілдері кәсіпкерлерге «қамқоршылық» танытып, біреудің бизнесін немесе қозғалмайтын мүлкін тартып алу, бопсалаумен астыртын шұғылданатынын әлденеше рет жазған еді.

«Олар өздерін азаматтық институттардан үстем сезінеді, өйткені бизнеске қарсы қылмыстық іс қозғап, оны керегінше бұрмалап, бас
Олар өздерін азаматтық институттардан үстем сезінеді, өйткені бизнеске қарсы қылмыстық іс қозғап, оны керегінше бұрмалай алады.
пайдаларына жарата алады, – деп санайды Ирина Бороган. – ФСБ қызметкерлері түрлі компаниялардағы маңызды лауазымдарға тағайындалған. Мәселен, «Газпром» секілді ірі компаниялардың директорлар кеңесіне енгені үшін ірі көлемде «өтемақы» алады, содан кейін қауіпсіздік қызметкерінен гөрі сол компания қызметкері ретінде көбірек жұмыс істейтін болады».

2012 жылы Ресейде өтетін президент сайлауы кезінде ФСБ-ның орны қандай болары туралы айта келе, Андрей Солдатов Дмитрий Медведев үшін оның аса маңызды рөл атқаратынын атап көрсетті. «Кітапта мемлекетік қауіпсіздік қызметі арқылы қол жеткізген биігінен Медведевтің бас тартатын ниеті жоқ екендігі жайлы сөз болған. Қол жеткен нәтижелерге және қазіргі саяси тұрақтылыққа да оның айтарлықтай көңілі толып отыр», – дейді Андрей Солдатов.

«Бұл көзқарас тұрғысынан алғанда Кремльде шынайы саяси оппозиция бар деп ойлаудың өзі артық. Сондай-ақ, қауіпсіздік аппаратында тікелей өзі жұмыс істеп көрмеген Медведев ФСБ-ға құлай сеніп те отырған жоқ, – дейді Андрей Солдатов. – Ол, мысалы, дәл осы мақсатта Ішкі істер министрлігін де өз мүддесіне пайдаланып отыр. Оның ең алғашқы жарлықтарының бірі – экстремизммен күресу үшін Ішкі істер министрлігінің құзырын айтарлықтай кеңейтуге арналғанын ұмытпаңыздар».

БАСҚАРУҒА КӨНБЕЙТІН ОРГАН

Андрей Солдатовтың сөзіне қарағанда, Ресейде «экстремизм» деген ұғымның астарында саяси тұрақтылыққа қатер төндіруі мүмкін делінген қоғамдық наразылықтар мен адамдар тұрады. Сондықтан, дейді ол, ФСБ Дмитрий Медведев немесе Владимир Путин саяси науқандар кезінде пайдаланатын негізгі құрал бола қояды деу қиын.

«Кітабымызда талдап көруге көруге талпынған тағы бір аргумент – ФСБ-ны басқарудың қиындап кеткені. Қазір оны қоғам да, Кремль де толық бақылай алмайды, – дейді Андрей Солдатов. – Тіпті Путин немесе Медведевтердің өзі мұндай күшке қаншалықты арқа сүйей алатыны белгісіз болып тұр. Бұның барлығы үлкен мәселе».
XS
SM
MD
LG