Бұл ахуал 1 қыркүйекте балаларын мектепке апаратын ата-аналарды алаңдатып отыр. Оның үстіне ҚР Білім және ғылым министрлігінің он екі жылдық білім беру жүйесіне көшетіндігін хабарлағаны мәлім. Сарапшылар мұндай жағдайда мектептердегі орын тапшылығының еселене түсетіндігін айтады.
Астанадағы Білім және ғылым министрлігінің ақпаратына сүйенсек, қалада мектептердің тапшылығы байқалады. Жыл сайын халқының саны өсіп келе жатқан Астанаға мектептер жетіспейді.
Азаттық тілшісіне сұхбат берген Астанадағы № 2 мектептің оқу бөлімі жөніндегі директорының орынбасары Валентина Марченко мұндай ахуалдың қаладағы мектептердің барлығына тән екенін айтты:
- Ал, біздің мектепте оқушыларға орын табу үшін, ғимараттағы барлық холлдарды сыныпқа ыңғайлап қайта жасаған. Қазірдің өзінде әр мектептегі балалар саны ғимаратқа ескерілген мөлшерден екі есе көп. Сондықтан, біз кітапхананы, мәжіліс залын сынып орнына пайдалануға мәжбүрміз, -дейді ол.
Есімін айтпауды өтінген Астана мектептерінің біріндегі ұстаз бір сыныпта ең көп дегенде 25 бала оқуы керек болғанымен, іс жүзінде бір топта 30-40 балаға шейін білім алып жатқандығын әңгімелеп берді.
Ал, мектепте істейтін қызметкерлер ғимараттың тарлығынан үзіліске шыққан кезде балалардың қатты қиналатындығын айтады. Ата-аналар болса мұндай жағдайдың өз балаларының денсаулығына зиянын тигізіп жатқандығына алаңдайды. Тіпті кейде орын жетіспегендіктен бір партаға үш-төрт оқушыға шейін отыруға мәжбүр болады екен.
Қалалық денсаулық сақтау департаменті зерттеу жүргізгенде Астана мектептеріндегі оқушылардың 30 пайызының омыртқасынан ақау табылған. Дәрігерлер мұны мектептегі оқушылар отыратын орындықтардың тарлығымен байланыстырды. Екі баласын 51-інші мектепке берген ана Ляззат Исабекова мұны былайша әңгімелеп берді:
- Мысалы жаңа мектеп салынады, онда оқушылар көп. Сол ауданда оқушы тұрған соң оларды алуға тура келеді. Ал алған соң әр сыныпта 30-40 бала отырады. Келешекте жағдай бұдан да қиындай түсуі мүмкін. Өйткені қаржы дағдарысына байланысты мектеп салу саябырсыды, ал білім министрлігі оқу мерзімін ұзартпақшы.

12 жылдық білім беру жүйесіне көшсек, жағдай бұдан да бетер күрделене түседі. Себебі онда оқушылар енді бір жылдан артық уақыт жүреді емес пе. Бірақ ол мектепте оқушылар алына береді, дейді, ол.
Біз осы мәселеге байланысты Білім және ғылым министрлігінің пікірін білгіміз келген еді. Алайда Астанадағы білім департаментінің бастығы Әсима Бимендина жиналыста болғандықтан, қандай да бір ақпарат алудың мүмкіншілігі болмады. Бірақ, қала басшылығы орын тапшылығы проблемасын қосымша мектептер салу арқылы шешуге уәде берген болатын,
ҚР Білім және ғылым министрлігі 12 жылдық білім беру жүйесіне көшкелі тұрған уақытта мамандар дайындау қажеттігін ескертіп отыр. Оқу мерзімі бір жылға ұзартылғандықтан қосымша 30 мың мұғалім қажет. Оның үстіне мектептерде сабақ беретін ұстаздардың 6 мыңға жуығы зейнеткер бар. Осы олқылықтарды жою мақсатында алдағы жылдары қосымша мұғалімдерді дайындау көзделген. Аталмыш мекеменіің бас заңгері Марат Күзембаевтың айтуынша, қазіргі уақытта ұстаздарды дайындайтын 5 педагогикалық институт ашылыпты.