«Қазақстандық арнайы қызмет өкілдері іске шындап кіріскен сияқты», — деді Азаттық тілшісіне Адам құқықтары жөніндегі бюроның директоры Евгений Жовтис «азаматтарды тегіне, таптық орнына байланысты кемсітуді насихаттауға» байланысты айыпталған Елизавета Дреничеваға қатысы іске байланысты өткен баспасөз мәслихатының алдында.
«Қазақстандық арнайы қызмет өкілдері Ресей азаматшасы «Шіркеу бірлестігінің» дәріскері Елизавета Дреничеваға қатысты қылмыстық істі кешіктіріп барып ашты. Қазір сыртқа шықпау туралы қолхатпен отырған азаматша екі күн бойы ҰҚК департаментінің тергеу изоляторында болды. Істі қарау жұма күні, 24 қазанда басталды», — деді Евгений Жовтис.
«Елизавета Дреничева құқықтық жағынан тіпті түсіндіруге келмейтін екі сот сараптамасы бойынша айыпталып отыр, бұл «ғылыми атеизм манифесіне ұқсас» Ар-ұят бостандығына құқық берілген, дін мен сенім конституциямен бекітілген елдегі мұндай сараптамалар мемлекеттің халықаралық аренадағы беделін түсіреді, ал оның негізінде қылмыстық іс қозғау кеңестік кезеңді қайталайтындығымен қауіпті», — деп атап өтті Е.Жовтис.
«Сот сараптамасы жүйесінде жұмыс істейтін қазақстандық сарапшылардың түсіндіруінше, «азаматтарды тегіне, таптық орнына байланысты кемсітуді насихаттау» бойынша Қазақстандағы барлық діни ұйымдар мен конфессиялар басшыларын түрмеге отырғызуға болады, оның ішінде кез келгенінің негізінде дін қызметшілерінің ісіне қол сұғуға болмайды деген діни қағида жататын ислам, христиан мен иудизм де бар.
Мұндай жағдайда президенттік «Нұр-Отан» партиясының басшыларына, тіпті мүшелеріне де қатысты қылмыстық іс қозғауға болар еді, егер бұл партияда басқа қарапайым азаматтармен салыстырғанда, тек игі жақсылар мен тектілер жиналады деген қағидалар болмаса. Сондай-ақ мұндай ерекшелік партияның жарлығында жоқ болса, онда олардың басқалардан артықшылығы да болмайды», — деді Е.Жовтис.