Accessibility links

Орталық Азиядан келгендердің ішінде Америкадағы қазақ студенттерінің жағдайлары ерекше


Ағылшын тілін үйрету орталығының оқытушысы студенттерге дәріс оқып жатыр. Маями, 15 маусым 2006 жыл
Ағылшын тілін үйрету орталығының оқытушысы студенттерге дәріс оқып жатыр. Маями, 15 маусым 2006 жыл

Америкада Орталық Азиядан келген студенттер саны өсе түсуде. Алайда жат елде олардың көпшілігі өз үкіметтерінің қолдауынан қағылған. Бұл тұрғыда тек Қазақстаннан келген студенттердің ғана артықшылықтары бар дейді бақылаушылар.

СҰРАУЫ ЖОҚ СТУДЕНТТЕР

23 жасар тәжік студенті Умед Саидов Құрама Штаттарға 2009 жылдың көктемінде бір ғана мақсатпен, ағылшын тілін жақсылап меңгеру үшін келді. Ағылшын тілін меңгеру үйіне қайтып оралғанда оған және оның отбасына өз елінде үлкен мүмкіншіліктер туғызады дейді ол. Нью-Йоркқа келерден бұрын Умед Сиэтлде төрт ай оқыды.

«Менің бірінші мақсатым – ағылшын тілін меңгеру. Мен осы тілде емін-еркін сөйлеуді үйренгім келеді. Егер мен ағылшын тілінде жақсы сөйлеуді үйренсем, бұл маған Тәжікстанда жұмысты оңай табуыма көмектеседі. Бұл – үлкен артықшылық»,-дейді тәжік студенті Умед Саидов.

АҚШ тағы 23 жасар тәжік студенті Умед Саидов.
«Умед» тәжікшеден аударғанда үміт деген мағынаны білдіреді. Умедтің отбасы оның болашағынан үлкен үміт күтіп отыр. Умедтің отбасы балаларын Сиэтлде оқыту үшін америкалық виза алу мақсатында машиналарын сатқан. Умед Саидов шетелде өз қаражатына өмір сүріп жатыр.

Үндістан мен Қытайдан келген студенттер Құрама Штаттарда желілік қолдауды пайдаланады. Бірақ, Орталық Азиядан келген көптеген студенттер АҚШ-та, олар әзірге аз болғандықтан, оқшауланып қалуда.

Статистика бойынша, 2005 жылдан бері Орталық Азия елдерінен келіп Америкада оқып жатқан студенттердің саны екі есе артты. Бірақ соған қарамастан олардың жалпы саны бұрынғысынша аз, шамамен 3200 студенттен сәл асады.

ЗАҢСЫЗ ЖҰМЫС

2009 жылы Тәжікстаннан АҚШ-қа келіп оқып жатқан студенттердің саны 342 адам болды. Олардың көпшілігі тек оқуларын ғана емес, жүріп-тұру ақыларын да өз қалталарынан төлейді,

Құрама Штаттарда шетелдік студенттерге заңды түрде жұмыс істеуге көбінесе тиым салынған. Сондықтан, олардың көпшілігі жат елде күнін көру үшін бейресми, қара жұмыс іздеуге мәжбүр. Мысалға алар болсақ, соңғы үш жылда 60 шамалы тәжік студенттері Құрама Штаттарда заңсыз жұмыс істегені үшін ұсталған.

Вашингтондағы тәжік елшілігінің консулы Бурхон Мирзоалиев «Азат Еуропа»/«Азаттық» радиосының тілшісіне ұсталған студенттердің шамамен жартысы Тәжікстанға кері қайтарылғанын айтты.

«Тәжік студенттері мұнда өздері келеді. Бұл жерде оларға қиын, қымбат т.с.с. Өзге амалдары қалмаған соң олар мұнда жұмыс істей бастайды. Бірақ, өздеріңіз білетіндей, шетелдік студенттер АҚШ-та заңды жұмысқа жіберілмейді. Олар аптасына тек 20 сағат қана жұмыс істей алады. Онда да олар оқып жатқан колледждер мен университеттерде рұқсат етілген жұмыстарда ғана. Міне сондықтан да олар рұқсатсыз жұмысқа орналасқанда осындай проблемаларға тап болады»,-дейді Бурхон Мирзоалиев.

Умед Саидов Тәжікстанда оны сүйікті қызы күтіп отырғанын айтады. Сондықтан, ол мұсылмандар арасындағы қарым-қатынастар шамадан тыс ымырашылды болып кеткен АҚШ-та қалып қоймай, еліне қайтқысы келеді. Сонымен бірге, ол ақша таппай еліме қайта алмаймын дейді. Дәл қазір ол Тәжікстанға қайтпас бұрын оқуын бітіріп, ақша табудың амалын қарастыруы керек.

«Мен оқуымды жалғастыру үшін ақша табуым керек. Сонымен қатар мен елге құр қол қайтқым келмейді. Мен өз отбасымның 4-5 мың долларын жұмсадым. Енді жұмыс істеп, ақша тауып, оны қайтаруым керек. Бұл мен үшін ардың ісі»,-дейді Умед Саидов.

БЕДЕЛДІ «БОЛАШАҚ» БАҒДАРЛАМАСЫ

Тәжік үкіметінің Умед Саидов сияқты студенттерге көмектесетін жағдайы жоқ. Вашингтондағы тәжік елшілігінің консулы Бурхон Мирзоалиев ресми Душанбенің, Қазақстандық беделді «Болашақ» бағдарламасы сияқты, шетелде оқып жатқан өз студенттеріне стипендия беруге мүмкіндігі жоқ дейді.

Энергоресурстарына бай Қазақстан өзінің «Болашақ» бағдарламасын мыңдаған үздік студенттерін шетелде, оның ішінде Құрама Штаттарында оқытуға пайдаланады. АҚШ-та оқып жатқан тәжік студенттерінің саны азая бастады. Алайда Қазақстан Орталық Азия елдері арасында шетелде оқып жатқан студенттерінің саны жағынан жетекші орында тұр. Мысалы, 2009 жылы Құрама Штаттарда оқып жатқан қазақстан студенттерінің саны 1714 адам болды.

Қазақстанның Вашингтондағы елшілігінің баспасөз-хатшысы Жанболат Үсенов Құрама Штаттарда оқып жатқан қазақстандық студенттердің басым көпшілігі «Болашақ» бағдарламасы бойынша мемлекет есебінен тұрып, оқуда дейді. Оқуларын бітірген соң қазақстандық студенттер Қазақстанда ең кемі бес жыл жұмыс істеулері керек.

Қазақстандық студенттердің көпшілігі елге қайтып, қазақстандық компанияларда жұмыс істеуге өз еріктерімен келіседі. Жанболат Үсеновтің айтуынша, батыс университеттерін бітірген студенттер Қазақстанда үлкен артықшылыққа ие болып, жалақысы жоғары жұмысқа орналаса алады
.
«Олар Қазақстанның еңбек нарығында үлкен сұранысқа ие. Өйткені олар батыстың мықты университеттерінде оқып, елдегі жастарға қарағанда жақсырақ білім алған. Сондықтан олар қай жерде болса да, бизнесте болсын, үкіметте болсын, жұмыс істегісі келген барлық жерде артықшылыққа ие»,-деді Жанболат Үсенов.

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ СТУДЕНТТЕРДІҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ

Нью-Йорктегі Колумбия университетінде оқып жатқан Украиналық Марина Шпорт – Еуразиялық бастама мектебінің президенті. Бұл топтың мақсаты постсоветтік кеңістікте Батыс жайында көбірек ақпараттың болуын қамтамасыз етуге бағытталған. Марина Шпорт «Азат
Нью-Йорктағы Колумбиялық университетте оқып жатқан украиналық студент Марина Шпорт.
Еуропа»/«Азаттық» радиосының тілшісімен болған сұқбатта АҚШ-та оқып жатқан Орталық Азиядан келген құрбыластарына қарағанда қазақстандық студенттердің мейлінше артықшылықтары бар екендігін растады.

«Қазақстандық студенттердің жағдайлары анағұрлым жақсы. Өйткені, олардың үкіметтері оларға жақсы қолдау көрсетеді. Мысалы Украинамен салыстырғанда Қазақстанның консулдығы мен елшілігі өз студенттерінің қамын көбірек ойлайды.

Олар түрлі шаралар өткізуге, олардың тұруына қолдау жасайды. Қазақстан үкіметі Америкада оқып жатқан студенттеріне олар елге қайтып келген соң да қолдау көрсетеді. Қазақстандық студенттер Қазақстанда жұмыспен қамтамасыз етілген»,-дейді Марина Шпорт.

АҚШ-та оқып жатқан өзбекстандық туденттердің де санының өсе бастағанын айта кету керек. Бірақ, олар бәрібір қазақстандық студенттерге қарағанда аз. Мысалы, 2008 жылы АҚШ-та 539 өзбек студенті оқыса, 2009 жылы олардың саны 688-ге жетті. Олардың жартысынан көбі мамандандырылған салада салыстырмалы түрде алғанда сапалы білім беретін екі жылдық колледждерге түсті.
XS
SM
MD
LG