Бұзылған бөгеттің ұзындығы 40 метрді құрайды. Арнасынан асқан су Талдықорған қаласының түбіндегі Еркін ауылына жайылып кетті. Су жайыла бастаған сәтте ауыл тұрғындары бала-шағалары мен құжаттарын қауіпсіз жерге алып шыға бастады. Олардың кейбіреулері қатты сасқалақтап, артынан өз-өзіне келген жайы бар. Салы суға кеткен тұрғындар билік өкілдерін айыптап отыр. Өйткені тиісті мекемелер салғырт қимылдаған.
– Менің туысқаным Айжан: «көшеге шығыңдар, су басып келе жатыр»,-деп жар салды. Мен көшеге шыққан кезде, су аулаға кіріп үлгерген еді. Артынан су үйге кіре бастады. Әйтеуір қиыршық таспен судың жолын бітеп берген көршіме рахмет. Тек билік орындарының неге осындай жағдайға жол беретіндігін мен түсінбеймін. Кезекшілік ұйымдастырып қоюға болар еді ғой, - дейді судан зардап шеккен Гаухар Садықова.
Су басқаннан бері оның жолын бітеу жұмыстары жүргізілген. Оған 78 адам мен 60 техника жұмылдырылған. Алматы облыстық төтенше жағдай департаменті басшылығы болса, жағдайдың бақылауда екендігін айтады.
Осы департамент бастығының орынбасары Сәбит Битаев біздің тілшімізбен тілдесуінде былай дейді:
– Талдықорған көпірінен 600 метрдей жердегі жағалауды бекіткен бөгет бұзылған. Сөйтіп су өзеннің ескі арнасына өтіп кеткен. Ал ескі арна болса, жабық. Соның салдарынан су Жансүгіров көшесі арқылы Шығыс ықшамауданына дейін өтіп кеткен.
Алдын-ала есептеулерге қарағанда 38 үйдің ауласы суға кілкіп тұр. Үйлерінің қасында пайда болған көлшіктер кесірінен көптеген тұрғындар өз үйлеріне кіре алмай отыр. Қазір құйылған суды арнайы көліктер сорып алып кетіп жатыр. Сонымен қатар үйлердің ауласында қиыршық тастардан соқпақ жол салынуда.
Билік өкілдерінің тасқын болмады деп сендіргеніне қарамастан, көптеген тұрғындар үрейге бой алдырып отыр.
Еске сала кетсек, Жетісудағы жеті өзеннің бірі Қараталға үш бірдей тау өзені құйылады.