Осыған дейін Азаттық радиосы қазақ хандығын құрушы Жәнібек пен Керей хандарының мүсіндерінің ен далада ешкімге керексіз болып жатқаны турасында хабарлаған болатын.
«Өздеріңіз білесіздер, қазанның 20-да Астанада Қазақ елі монументінің дүркіреген ашылуы болды. Жоғары шенді мемлекеттік қызметкерлер арқырап сөйлеп жатқан кезде қазақ хандығының негізін қалаушы Жәнібек пен Керей хандарымыз және біздің батырларымыз жапан далада жетімсіреп жатты. Бұл ақпаратты мемлекеттік қызметкерлердің бірі БАҚ өкіліне хабарлап, оның суреттерін жіберген. Олай болмаған жағдайда мұны қазақ қоғамы мүлде білмей қалуы да мүмкін еді. Елін, жерін жаулардан сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа мұра етіп қалдырып келген хандар мен батырлар мүсіндерінің Астанадан алақандай орын таппай, маң далада елеусіз қалуы – биліктің мемлекет-құраушы ұлт тарихына деген қорлығы деп есептейміз», – деді сейсенбі күні Алматыда өткен баспасөз-мәслихатында «Абырой» жастар қозғалысының төрағасы Азамат Жетпісбаев.
Қазақтың тарихи тұлғаларының образын жасаған суретші Сембіғали Смағұлов Мәдениет және ақпарат министрлігінің аталмыш мүсінді Астанадағы «Арай» саябағына орнатуға уәде бергенін радиомызға айтқан еді. Десе де, жастар тарихи жәдігердің елеусіз саябаққа емес, дәл «Қазақ елі» монументіне орнатуды талап етіп отыр.
– Бүгінгі биліктің жетімсіреп қалған мүсіндерді Астана қаласындағы «Арай» саябағына қоя салатын ойы бар екен. Егер де олай болатын болса, мүсіндерді саябақтарда тұратын түлкі, қоян, аю, тышқан секілді жануарлармен тең қойғанмен пара-пар. Мұны оларға жасалған сайқымазақ деп есептейміз. Осындай күн сайынғы дамып келе жатқан жағымпаздық, жеке басқа табынушылық пен арамтамақтық секілді шіріген қылықтар Отанға деген махаббат, оның тарихына деген құрмет, үлкендерге көрсететін қошемет, жастарға деген тәлім-тәрбие секілді құндылықтарды басып кеткен секілді. Мұның бәрі жастарды неге үйретпек? – дейді Азамат Жетпісбаев.
Ел болашағы» қозғалысының өкілі Сымбат Жапаров «Қара қазан, сары бала қамы үшін» өмірден өткен Керей мен Жәнібек хандардың тарихи рөліне тоқталып, оларға бүгінгі таңда құрмет көрсетілмеуін
– Керей мен Жәнібек қазақ тарихындағы ең қасиетті, ең киелі тұлғалар. Егер бұл тұлғалар болмағанда бүгін қазақ деген ұлт болмас еді, Қазақстан деген республика болмас еді. Бұл хандар өмір бойы ат үстінен түспей, елін қорғаған. Қазіргі басшылардан айырмашылығы, олар өздеріне ескерткіш орнатпаған. «Шаңырақтағыдай» өз халқының үйлерін бұзбаған. Керісінше, өз елінің көсегесін көгертіп, керегесін кеңейтуді, ұрпақтарына мықты мемлекет қалдыруды ойлаған. Бар өмірін осыған арнаған, – дейді Сымбат Жапаров.
«Ел болашағы» қозғалысының өкілі Ринат Әкімханов өз пікірін өлеңмен өрнектепті.
«Жетімсіреп ескерткіші Жәнібек пен Керейдің
Астанадан орын таппай, ен далаға тасталды.
Жағымпаздар өсірем деп жалғыз жанның мерейін
Тарихынан адастырды, жалындаған жастарды.
Жас жүрегім естігенде қазақтың бұл қайғысын,
Намысымның биік шыңын қайшылатып қаһарлы
Ұлыларды ұсқынсыз ғып, деп жүргендер «жай мүсін»,
Жалақы үшін адамдар ғой жағалаған шаһарды.
Кімнің күйіп, кімнің бұған жанарынан жас тамар,
Бас көтерер азаматтар, істеп жатса мұндайды.
Қозғалмаса, қозғалмасын басқалар,
Жастар бірақ жауап алмай тұрмайды».
Жастар, сондай ақ президент Н.Назарбаевтан жағдайға кінәлі адамды тауып, жауапқа тартуды да талап етіп отыр. Олар билікке өз талаптарының орындалуына екі апта уақыт берді.
Олай болмаған жағдайда, қарашаның 15-нен бастап, республика бойынша жастардың наразылық акциясын бастайтынындықтарын мәлімдеді.
«Өздеріңіз білесіздер, қазанның 20-да Астанада Қазақ елі монументінің дүркіреген ашылуы болды. Жоғары шенді мемлекеттік қызметкерлер арқырап сөйлеп жатқан кезде қазақ хандығының негізін қалаушы Жәнібек пен Керей хандарымыз және біздің батырларымыз жапан далада жетімсіреп жатты. Бұл ақпаратты мемлекеттік қызметкерлердің бірі БАҚ өкіліне хабарлап, оның суреттерін жіберген. Олай болмаған жағдайда мұны қазақ қоғамы мүлде білмей қалуы да мүмкін еді. Елін, жерін жаулардан сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа мұра етіп қалдырып келген хандар мен батырлар мүсіндерінің Астанадан алақандай орын таппай, маң далада елеусіз қалуы – биліктің мемлекет-құраушы ұлт тарихына деген қорлығы деп есептейміз», – деді сейсенбі күні Алматыда өткен баспасөз-мәслихатында «Абырой» жастар қозғалысының төрағасы Азамат Жетпісбаев.
Қазақтың тарихи тұлғаларының образын жасаған суретші Сембіғали Смағұлов Мәдениет және ақпарат министрлігінің аталмыш мүсінді Астанадағы «Арай» саябағына орнатуға уәде бергенін радиомызға айтқан еді. Десе де, жастар тарихи жәдігердің елеусіз саябаққа емес, дәл «Қазақ елі» монументіне орнатуды талап етіп отыр.
– Бүгінгі биліктің жетімсіреп қалған мүсіндерді Астана қаласындағы «Арай» саябағына қоя салатын ойы бар екен. Егер де олай болатын болса, мүсіндерді саябақтарда тұратын түлкі, қоян, аю, тышқан секілді жануарлармен тең қойғанмен пара-пар. Мұны оларға жасалған сайқымазақ деп есептейміз. Осындай күн сайынғы дамып келе жатқан жағымпаздық, жеке басқа табынушылық пен арамтамақтық секілді шіріген қылықтар Отанға деген махаббат, оның тарихына деген құрмет, үлкендерге көрсететін қошемет, жастарға деген тәлім-тәрбие секілді құндылықтарды басып кеткен секілді. Мұның бәрі жастарды неге үйретпек? – дейді Азамат Жетпісбаев.
Ел болашағы» қозғалысының өкілі Сымбат Жапаров «Қара қазан, сары бала қамы үшін» өмірден өткен Керей мен Жәнібек хандардың тарихи рөліне тоқталып, оларға бүгінгі таңда құрмет көрсетілмеуін
«Ел болашағы» жастар қозғалысының белсендісі Сымбат Жапаров Астанада ашық далада қалған қазақ хандары мен батырларының Азаттық сайтынан алынған суретін көрсетіп тұр. Алматы, 27 қазан 2009 ж.
арсыздық деп бағалады.– Керей мен Жәнібек қазақ тарихындағы ең қасиетті, ең киелі тұлғалар. Егер бұл тұлғалар болмағанда бүгін қазақ деген ұлт болмас еді, Қазақстан деген республика болмас еді. Бұл хандар өмір бойы ат үстінен түспей, елін қорғаған. Қазіргі басшылардан айырмашылығы, олар өздеріне ескерткіш орнатпаған. «Шаңырақтағыдай» өз халқының үйлерін бұзбаған. Керісінше, өз елінің көсегесін көгертіп, керегесін кеңейтуді, ұрпақтарына мықты мемлекет қалдыруды ойлаған. Бар өмірін осыған арнаған, – дейді Сымбат Жапаров.