Accessibility links

Жәмила Жәкішевамен өткен онлайн-конференция


Бұрынғы топ-менеджер Мұхтар Жәкішевтің зайыбы Жәмила Жәкішева Азаттық радиосының Алматы бюросында. 27 қыркүйек 2010 жыл
Бұрынғы топ-менеджер Мұхтар Жәкішевтің зайыбы Жәмила Жәкішева Азаттық радиосының Алматы бюросында. 27 қыркүйек 2010 жыл

Азаттық радиосының веб-сайтында қазір түрмеде отырған бұрынғы топ-менеджер Мұхтар Жәкішевтің зайыбы Жәмила Жәкішевамен онлайн-конференция аяқталды.


Оқырмандар өздерінің сұрақтарын алдын-ала жіберіп, оларға интернет-конференция барысында жауап алды.

Мұхтар Жәкішев «Қазатомөнеркәсібі» ұлттық компаниясын 1998-2009 жылдар аралығында басқарды. Осы кезеңде ұлттық компания банкрот кәсіпорыннан дүние жүзінің уран өнеркәсібі саласындағы маңдайалды өндірушіге айналып, Қазақстан уран шикізатын өндіруден әлемде бірінші орынға шықты.

Мұхтар Жәкішев қылмыс жасаған деген айып бойынша 2010 жылы наурыздың 12-і күні сот үкімімен 14 жылға бас бостандығынан айырылды. Мұхтардың өзі мен жақтастары қылмыстық істің саяси астары бар деп санайды.

Мұхтар мен Жәмила Жәкішевтердің отбасында бес бала бар. Мұхтар тұтқындалғаннан кейін Жәмила жұбайының бостандығы үшін белсенді күрес бастап, аз уақыттың ішінде қоғамда танымал тұлғаға айналды. Оның айтуынша, соңғы кезде Мұхтар Жәкішевке жаңадан айыптар тағылған.

Жәмила Жәкішеваға қойған сауалдарыңызға жауапты осы жерден таба аласыздар.

Онлайн-конференциядан түсірілген видеоны қараңыз:

Жәмила Жәкішевамен онлайн-конференция
please wait

No media source currently available

0:00 0:00:36 0:00
XS
SM
MD
LG