Таяуда ғана бірқатар қазақстандық ақпарат құралдары шу көтеріп, үстіміздегі жылдың 27-ші маусымында Тараз қаласында оқыс оқиға болғандығын хабарлаған еді. Ал, тараздық журналистер қауымының үндеуінде бұл оқиғаның мән-жайысы былай баяндалыпты:
«Литер» газетінің 13 маусым күнгі санында Зарина Нокракбекованың «Бізге емделуге келмеңдер» деп аталатын мақаласы жарыққа шыққан болатын. Журналист өз мақаласында медицина саласындағы мәселелерді қозғап және қалалық жедел жәрдем көрсету ауруханасындағы бүгінгі жағдайды да айтып өткен. Арада біраз уақыт өткен соң, аурухана бастығы Сағи Бейсембеков басылым бетіндегі мақала үшін, журналистен кек қайтару мақсатымен арсыз іске жол берді. Журналисті алдап, қонақ үйге шақырып, оны зорлауға әрекет етті».
Ішкі істер департаментінде зорлық жасағысы келген Бейсембековты бір сағаттан соң жібере салды
Сәрсенбі күні Зарина Нокракбекова «Азаттық» тілшіне осы оқиғаның қалай болғандығын былайша баяндап берді:
«27 маусым күні әкімшіліктен, департаменттен және басқа да ұйымдардан журналистерді құттықтау ұйымдастырылып, жан-жақтан шақыртулар келді. Солардың ішінде Сағи Бейсембеков та хабарласып, жас журналистерді құттықтап, оларға сый-сияпат ұйымдастырып жатыр едім деп айтты. Сөйтіп, ойымда бөтен ештеңе жоқ, оның шақырған жеріне бардым. Барғанымда, ол мені зорлауға әрекет жасады.
Осы жағдайдан соң, уақыт созбай, бірден Ішкі істер департаментіне арыз жаздым. Менің осы уақытқа дейін құқық қорғау органдарымен ісім болған жоқ. Мұны айтым жатқан себебім, олар маған психологиялық қысым жасап, арызымды қайтарып алуға мәжбүр етті. Ішкі істер департаментінде өткізген 10 сағаттың ішінде, менің басымнан өткен жағдайға қатысы жоқ сұрақтарды да көп қойды. Тіпті, осы он сағаттың ішінде әжетханаға баруға бір-ақ рет рұқсат етті. Ал маған зорлық жасағысы келген Бейсембековты бір сағаттан соң жібере салды.
Екі күн өткен соң, Ішкі істер дапартаментіне кезекті рет арыз түсірдім. Ондағылар менің басымнан өткен жағдайды тексеруге аса құлықты болған жоқ. Одан соң, облыс прокурорына шағымданғанымда, арызым прокурордың орынбасарына беріліпті. Амалым таусылған соң, осы мәселені бақылауға алуын өтініп, Ұлттық қауіпсіздік департаментіне бардым. Ондағылардың талабы бойынша, 27 маусым күні болған бүкіл жағдайды қағаз бетіне түсіріп бердім.
Біз үндеуді «Әділ сөз» қоғамдық ұйымынан бөлек, облыс әкіміне, облыстық Ішкі істер департаментінің бастығына, Денсаулық сақтау министріне және басқа да ұйымдарға жолдадық. Осы әрекеттерден кейін ғана, прокуратурада менің ісіме қатысты қимылдай бастады.
Ал, Зарина Нокракбекова зорламақ болды деп айыптап отырған, қалалық жедел жәрдем көрсету ауруханасының бастығы Сағи Бейсембеков, сәрсенбі күні «Азаттық» тілшісіне берген түсініктемесінде, мұндай оқиғаның болмағандығын айтты.
Кейбір кезде маған сен туралы жазып жіберемін деп қорқытатын
- Оларға не қажет екенін түсінбей отырмын. Үндеуге кімдердің қол қойғанын көрген шығарсыз деп ойлаймын. Жалпы, мен болмаған нәрсеге байланысты ешқандай жауап бере алмаймын. Осы қызметке келген күнен бастап, біреулер маған орыныңды босат деп, жиі телефон шалды. Заринаны осындай іске итермелеп отырған солар деп ойлаймын.
Ал маған кімдердің қысым көрсетіп жатқанын айта алмаймын, себебі, ертең басым бәлеге қалады. Осы қызметке ауысып келген соң, Зарина Нокракбекова мен туралы мақала шығарды. Ол мақаланы шығармастан бұрын, маған фактілер бер деп, қыр-соңымнан қалмай қойды. Газеттің тілшісін өзімнің орынбасарларыма жіберсем де, мені мазалауын тоқтатпады. Сол кезде-ақ, журналистің бұл әркеттерінен сезіктеніп қалған болатынмын.
Ал маған кімдердің қысым көрсетіп жатқанын айта алмаймын, себебі, ертең басым бәлеге қалады. Осы қызметке ауысып келген соң, Зарина Нокракбекова мен туралы мақала шығарды. Ол мақаланы шығармастан бұрын, маған фактілер бер деп, қыр-соңымнан қалмай қойды. Газеттің тілшісін өзімнің орынбасарларыма жіберсем де, мені мазалауын тоқтатпады. Сол кезде-ақ, журналистің бұл әркеттерінен сезіктеніп қалған болатынмын.
27 маусым күні мейрамханада отырған жерінде менің қызметтік көлігімді сұрап алып, өзіне берілген сыйлықтарды тасыды. Бұл қыз менің басыма әбден мініп алды.Сол күні шопырыммен бірге, тағы біраз жерге барған екен. Тіпті осы көктемде де маған телефон шалып, Көкшетеуға баратын поезға билет тауып бер деп міндетсінді. Кейбір кезде маған сен туралы жазып жіберемін деп қорқытатын.