Адамның базбір мінезі кіндік қаны тамған топырағына, тіпті кейде дүниеге келген кезіндегі табиғат маусымына тартып туады деген ұғым бар. Болса болар-ау! Себебі сол пікірдің растығын қайбір замандастарымыздың табиғат-болмыстары дәлелдеп жүргендей.
Мынау жарық дүниеге жаңа леп, соны серпін, нәуірзекпен бірге шуақты күндерін жетелеп келетін Көктем жарықтықтың, дәлірек айтқанда наурыз айының бас кезінде дүниеге келген жазушы-журналист Орағаң, Орысбай Әбділдаевтың алдыңғы толқын ағалары мен кейінгі толқын інілеріне деген қалтықсыз тілектес көңілі сол өзі жарық дүние есігін ашқан маусымына, яғни көктеміне тартып туғандығынан болар деген ойда қалғанбыз.
ТİЛЕКТЕС “СЫНШЫ”
Орысбай аға өткен ғасырдың 70-ші жылдарының соңындағы республикалық “Лениншіл жас” газетінің сайыпқыран журналистері екеу болса бірі, біреу болса, соның нағыз өзі еді.
Саны жағынан саусақпен санарлық қана болғандықтан, оның үстіне халқымыздың рухани ізденістерге деген сұранысы биік болуы себепті республикалық басылымдардың оқырман көз-алдындағы беделі өте жоғары болатын. “Ә” деп қолына қалам ұстаған талапкерлер үшін әрбір газет немесе журнал киелі бір шаңырақтай көрінуші еді.
Ол кездері республикалық газет-журналдарға мақалаңның шығуы деген үлкен бір мереке іспетті болатын.
Сонымен, “Лениншіл жастай” рухани шаңырақта еңбек етсем ғой, шіркін!” деген арман арқалап, осынау қасиетті босағаны имене аттадым.
Маған бірден мына жайттар ескертілді: “Ең әуелі бұл шаңыраққа қызметке қабылдану үшін екі айдай сынақтан өту керек болады. Жеке мақалаларың арқылы қалам қарымыңды аңғартуыңмен қатар редакция жұмыстарын қалай атқара алатының, яғни мақала қорыту мен арнайы айдарларды ұйымдастыра білуің, телефон арқылы аймақтағы тілшілерге тапсырма беріп, сондай-ақ қарапайым оқырман хаттарына дипломатиялық тұрғыда жауап жаза алуың шарт”,-десті.
Ұжымға қысқа таныстырудан кейін алғашқы бөлім меңгерушім Жанболат Аупбайдың басшылығымен жұмысымды бастап кеттім. Байқаймын, менен жарты жыл, бір жыл бұрын жұмысқа қабылданған жас тілшілер маған тілектестігін білдіріп, бірнәрсе айтқысы келетін сияқты.
-“Лениншіл жаста” жазылмаған қағида бар. Бүгін бе, ертең бе, сенімен газеттің бөлім меңгерушілері жиналып сөйлесетін болады. Талапкердің сынақтан өтіп, жұмысқа қабылданып кетуі-сол кісілердің пікірлеріне тікелей байланысты. Бірақ сен уайымдама, газетті бұрыннан оқып жүрген боларсың? Жалпы дүние-таным, журналистік көзқарасыңмен танысқысы келетін шығар ол кісілердің. Біз де өткенбіз мұндай сынақтан. İштей әзірленіп жүр..,- десті олар.
Айтқанындай-ақ келесі күні тілшілердің бірі келіп, пәлен деген бөлімде меңгерушілердің жиналып, шақырып жатқанын жеткізді. Өзі ертіп барды да.
Үлкендеу бөлмеде шамамен 11-12-дей кісі жиналған екен. Әуелі маған өздерін таныстырып шығысты. Мақала жазуыма арнайы тапсырмалар берген бірді-екілісін болмаса, түстеп ешқайсысын тани алмадым. Дегенмен, бәрінің де жазған дүниелерін газет беттерінен оқып, сырттай біліп жүргендіктен, аты-жөндерін есімде сақтау маған еш қиындық туғызбады.
Меңгерушілердің жүздерінде әйтеуір бір қаталдық бар сияқты. Университет қабырғасында диплом қорғап, бір топ ғалымдардан құралған комиссия алдында мемлекеттік емтихандар тапсырғаныма 5-6 ай ғана уақыт өткен болатын. Алайда ол комиссия мүшелерінің бойында шәкірттеріне деген тілектестікке толы жұмсақ мінез бардай еді.
Ал мына кісілердің "емтиханы",жас тілші-әріптестерімнің маған алдын-ала ескерткендеріндей, едәуір қатал боп шықты. Сауалдарын жаңбырша жаудыра бастады-ай дерсің...
“Қазіргі қазақ журналистикасында қандай тақырыптарды көбірек оқисың, қандай аутордың нендей шығармасы есіңде қалды?” деген тектес ел журналистикасына тән сауалдардан бастап, одақтық көлемдегі мықты журналистерден кімдерді білетінімді сұрасты. Ол жылдары - Совет одағы деңгейінде Геннадий Бочарев, Инна Руденко, Василий Песковтардың дүрілдеп тұрған кездері. Білгенімше санамалай жөнелдім.
“Сынақ” алып отырған меңгерушілер енді біртіндеп әдебиет саласына ойысты. Тәмамдағаным филология факультеті болғандықтан, бұл сала сұрақтары маған онша ауыр соқпады.
“Одақтық деңгейде қандай жас жазушыларды, олардың әдеби ағымдарын білесің?”-дейді тағы бірі. Абырой болғанда, университетте сабақ берген мұғалімдеріміздің кейбіреулері бізден оқу бағдарламасынан тыс та қатты ізденісте болып, қазіргі әлемдік және орыс әдебиеттерінің даму бағыттарын біліп жүруімізді талап ететін еді.
Сөйткен ұстаздарымыздың бірі-“Лениншіл жастың” сол кездегі бас редакторының орынбасары Сағат Әшімбаев болатын. Құдай жарылқап, ұстаздарымыздың әлгіндей талаптарының дәл осындай сын сағатта маған көмекке келгені бар емес пе!
Жауаптарым біршама ұнаған болуы керек сұхбат аяғына қарай жүздері біршама жылып, алдағы уақытта қалаған бөліміме, қалаған тақырыпқа мақала жазып, қандайда бір сауалдарым болса, кез-келгеніне қайрыла алатынымды айтып, бөлім меңгерушілері сұсты кейіптерінен арылып, маған сәт сапар тілесті.
Өкінішке қарай, сол “сынақ” дәстүрі, содан кейінгі жылдары “Лениншіл жас” газетінен жойылып кеткен еді.
Кейін келе, жылдар белестерінде сол кісілердің шығармашылық машықтарынан қолымнан келгенінше үлгі алуға тырыстым. Себебі олардың әрқайсысы дерлік қазақ журналистикасының бір-бір Бочаревы, Песковы еді. Еңбекқорлықтарына қайран қалатынмын.
Екі айдан кейін сол бөлім меңгерушілерінің мақұлдауымен “Лениншіл жастың” тұрақты қызметкері боп жұмысқа қабылдандым.
Бір байқағаным осы кездесу барысында бір кісі менің әрбір сәтті жауабымды құлшына қуаттап, сұраққа жауап бере алмай қалсам, үндемей қалып, мені дұрыс білмей тұрып-ақ, өзгеше тілектестік танытып отырғандай көрінді.
“Е-е, міне... жауабы дұрыс қой, дұрыс...”, “Біліп тұр ғой, біліп тұр...”, “İ-і, әнеки одағыңды қойып, әлемді де шарлап шықты ғой...” деп қуаттап, қоштап қояр емес. “Осындай қысылтаяң кезде сөз көмегін көрсетіп, сын тезіне түскен қаршадай қызды, қарлығаштың қанатымен су себелегеніндей, қорғаштап отырған бұл кісі кім болды екен?” деп ойлап қоямын.
Және бір қызығы ол кісі менің жағыма шыққандай боп сөйлеп, өзі сияқты меңгерушілердің сауалдарына кесе-көлденең тұрғандай кейіп танытса да, оған реніш танытқан ешкім бола қоймады. Бейнебір отырғандардың барлығы да ол кісінің осынау мінезіне түсіністікпен қарайтын сияқты. Кейін білдім, ол кісі-жазушы-журналист Орысбай Әбділдаев екен.
ӨЗГЕНİҢ ТАБЫСЫНА ӨЗİНİКİНДЕЙ ҚУАНА БİЛГЕН ЖАН
Журналистиканың қайнаған қым-қуыт күнделікті тіршілігінде мен ғана емес, редакциядағы басқа да жас журналистерге Орағаң қолдау көрсетіп, сәтті жазылған мақалалары болса, оларды жұрт көзінше мақтап, насихаттап жүрді.
Ал жазу кемшіліктеріміз жайлы пікірлерін бізге оңашада білдіріп, оның өзінде “ақыл айтып кетпедім бе осы” дегендей ыңғайсызданып, әңгіменің соңын әзілге бұрып жіберетін.
Бірақ біздер, жас тілшілер ол кісінің әрбір сынынан қорытынды шығаруға тырысушы едік. Себебі базбір үлкендер сияқты жастарды “сойып салу” арқылы өзін ірі көрсету үшін емес, Орағаң сынды шынайы жанашырлықпен айтатын.
“Лениншіл жастың” сол жылдардағы бас редакторы, жазушы-журналист Сейдахмет Бердіқұлов:
-Журналистиканың күнделікті ағымына алданып жүре бермей, қаламдарыңның қарымына қарай ыңғайлы тақырыптарыңды тауып, соған “маманданыңдар”,- деп отыратын еді.
Ол идеяның жүзеге асуына бөлім меңгерушілерінің көпшілігі дерлік атсалысатын. Осы идеяны мақсат тұтып, өзіндік қолтаңбасын табуға талпына бастаған жас журналистің сәтті шыққан әрбір дүниесіне балаша қуанып, оның қолын алғашқы боп алып, құттықтайтын да Орағаң болатын.
-Осы тақырыпты қаузай бергенің дұрыс сияқты. Көрерсің, әлі біраз жылда дыңдай публицист боп шығасың,-деп жігерлендіріп отыратын еді. Өзгенің табыстарына өз жетістігіндей қуана білу тек рухы таза жандарға тән болса керек. Бірақ жасық шығармаларды жалған мақтағанын да байқамаппыз.
Ал, кей сәттерде өз тұстастарына принципті идеяларын дәлелдеуі тиіс болғанда, қасқайып тұрып пікірін ашық түрде жайып салатыны да бар-тын. Орағаңның шындық сөзді дәлелдеп шыққанша айтқанынан қайтпайтын мінездеріне де талай рет куә болғанбыз. Қалай болғанда да шынайылық ол кісінің табиғи мінезі сияқты көрінетін еді.
“Тең теңімен...” демекші газеттің жас журналистері өзара жиі пікір алысып жүретінбіз. Бір жолы әріптестеріміздің бірі тұрып:
-Осы Орағаң біздің-мықты журналист, көркем прозасы да-шынайылыққа толы. Бірақ ол кісі өзін неге өте қарапайым, тіпті кей тұстарда қарабайыр ұстайды? Ол кісінің жанында жазуы жіп есе алмайтындар аспан тіреп жүргендей шіреніп бағады. Орағаң да өз бағасын білдіріп, айналасындағыларға өзін дәлелдеп жүрсе болады ғой..,- деді.
Бұған келесі әріптесіміз наразылық танытып жатты.
-Қаламгердің паспорты-оның жазуы. Ал, сырттай қомпайып жүргендердің жазуы-әлсіз, іші-қуыс болса, ондай құрғақ “рекламаң” биікке апармайды. Сондықтан Орағаңның осы қарапайым болмысы маған өте ұнайды,-деді.
Мен болсам, іштей екеуімен де келісетін сияқтымын. “Көркем прозасы мен публицистикасын қатар өріп келе жатқан Орысбай Әбділдаевтың шығармашылығын білгісі келген жан кітаптарын оқысын. Мойындау содан кейін бола жатар,”-дейді бір ойым.
Екінші ойыма жүгінсем, ол кісінің жазу ісіне, ұлттық рухани саламызға сіңірген еңбегі қоғамымызда әлі тиісінше бағаланбай келе жатқан сияқты...
Тағы бір есте қалған жай: “Лениншіл жаста” соқталы дүниелерге ұтымды тақырып қоюға үй ішілік бәйге жарияланатын еді. Сондай тұстарда Орысбай ағаның ақындық шеберлігі де атойлап шыға келетін. Бір сөйлемдік тақырыптың өзін ішкі ұйқасқа, дыбыстық әуезділікке шебер құрып, талай бәйгені “қағып” кететін еді.
НӘУİРЗЕК БОЛМЫС
Наурыз басталысымен, нәуірзекпен жарыса дүние есігін ашқан Орағаң өзінің өмірбаяндық белестерінің жетінші асқарына көтеріліп отыр екен. Иншалла, оқырмандарының әлі талай соны дүниелер күтетінін ол кісі есінен шығармайтын болар-ау!
“Лениншіл жаста” ол кісі жұмыс істеген жылдары осынау қара шаңырақта “экспромтом” дастарқандар жиі жайылатын. Сондай кезде Орағаң домбырасын төгілте шертіп, әнін айтып, дастарқанның көркі болып отырушы еді.
Жан жары, талантты ақын Баян Анарбекова жеңгейдің айтуынша, қазір де Орысбай аға үйінде шығармашылық жұмыс бабын бұзбастан, жазудан қолы босаған сәтте қоңыр домбырасын жиі күмбірлетіп отыратын көрінеді.
Кейде мен ойға қалам: “Жер жарықтықтың өз өсінен шығып кетпей, қалыпты түрде айналып тұруына Орысбай Әбділдаев сияқты ақжелең көңілді жандар, Жаратушының бұйрығымен, өз үлестерін қосып жатыр-ау!”-деп.
“Көркем мінез-иманнан!”-деген екен Мұхаммед салаллаху алейхи уәссалам пайғамбарымыз. Бүгінгі күні 70-ке толып отырған ата Орысбайдың шапанының етегіне ұл-қыздарынан өрбіген немерелерінің оралып жүргені анық. Енді соған шөберелер жармасқай...
Алла бұйыртқан әлі талай онжылдық белестеріңізге осы иманды қалпыңызда, рухани соны табыстарыңызбен жете беруіңізге шәкірттеріңіздің бірі ретінде тілек қосқанды жөн көрдік. Той тойға ұлассын, Ораға!