Ауғанстан денсаулы сақтау министрлігі мамырдың 31-і күні Кабул қаласының орталығында болған жарылыс салдарынан кемінде 80 адам мерт болып, 350-ден аса адам жараланғаны туралы хабарлады. Ішкі істер министрлігі жараланғандарға жәрдем беру үшін қан тапсыру жайлы тұрғындарға өтініш жасады.
Жарылыс президент сарайы мен шетелдік елшіліктер орналасқан ауданда адам аяғы қалың қарбалас уақытта жасалған. Полиция мәліметі бойынша, автокөлікке орнатылған жарылғыш зат іске қосылған. Уәзір Акбар Хан ауданы Кабулдағы ең қауіпсіздік аймақ саналады. Бұл жерде орналасқан шетелдік елшіліктер биіктігі үш метрге жуық дуалдармен қоршалған, үкімет ғимараттарын полиция және ұлттық қауіпсіздік күштері күзетеді.