Ауғанстанда ұзақ жылдар бойы батыс мемлекеттері әскерінің орналасуы және шетелдік қаржылай жәрдем ел экономикасына демеу болған еді. Бірақ шетел әскерінің негізгі бөлігі елден шығарылып, әскери базалардың көпшілігі жабылған соң қарапайым тұрғындардың күнделікті тұрмыс-тіршілігіне оның әсері біліне бастады.