Accessibility links

Алматы полициясы намаз оқу үшін жолды жапқан 30-дан астам адам әкімшілік жауапқа тартылғанын хабарлады


Алматыдағы Орталық мешіт
Алматыдағы Орталық мешіт

Алматы полициясы қаладағы Орталық мешіт маңында намаз оқу үшін жолды жапқан 30-дан астам адам әкімшілік жауапқа тартылғанын хабарлады.

"Құқық бұзғандарға шара қолданылды: 614-бапты (қоғамдық көліктің қозғалысына кедергі келтіру) бұзған 30-дан астам адам әкімшілік жауапқа тартылды" деп жазылған полицияның 21 желтоқсан күнгі хабарламасында.

Алматы полициясы Азаттыққа ер адамдарға айыппұл салынғанын айтты.

614 бапта жеке тұлғаларға 3 АЕК (11 076 теңге немесе шамамен 20 доллар) көлемінде айыппұл салынуы мүмкін екені жазылған.

Көшеде ер адамдардың көшедегі жолды жауып, намаз оқып жатқаны көрінетін видео желтоқсан басында тараған. Видеода көше ортасында ондаған адамның құлшылық жасап жатқаны, ал олардың ар жағында жедел жәрдем көлігі жолдан өте алмай, сигнал беріп жатқаны көрінеді.

Маңындағы көшеде көлік кептелісі туындаған. Мұның бәрі полиция формасын киген адамдардың көз алдында болған.

XS
SM
MD
LG