Алматыда триатлоннан әуесқойлар арасында алғаш рет ұйымдастырылған «Almaty Triathlon» чемпионаты Олимпиадалық дайындық орталығында өтті. Бұл шараның негізгі мақсаты – салауатты және белсенді өмірді насихаттау, қазақстандықтардың спорттық күш-қуатын шыңдап, халықаралық жарыстарға дайындау.
Бұл жолғы жарыс екі дәреже бойынша: әуесқойлар мен кәсіпқойлар арасында өткізілді. Жарыс бағдарламасында 350 және 750 метр қашықтыққа жүзу, 10 және 20 шақырымға веложарыс, 2,5 және 5 километр қашықтыққа жүгіруден бәсекелер ұйымдастырылды. «Almaty Triathlon 2015» жарысын өткізуден жиналған бүкіл қаржының 12 пайызы «Мейірімділік» қорына аударылады деп хабарланды. Алматы, 27 қыркүйек 2015 жыл.