Accessibility links

Amnesty International Болат Атабаевты ар-ождан тұтқыны деп жариялады


Режиссер, қоғамдық белсенді Болат Атабаев Азаттықтың Алматы бюросында онлайн-конференция беріп отыр. Алматы. 13 маусым,
Режиссер, қоғамдық белсенді Болат Атабаев Азаттықтың Алматы бюросында онлайн-конференция беріп отыр. Алматы. 13 маусым,
Amnesty International ("Амнести Интернэшнл") ұйымы қамаудағы театр режиссері Болат Атабаевты ар-ождан тұтқыны деп таныды.

Халықаралық құқық қорғау ұйымы маусымның 21-інде ресми веб-сайты арқылы Жаңаөзен оқиғасына байланысты "әлеуметтік араздық қоздырды" деген айыппен тұтқынға алынған Болат Атабаевқа қатысты мәлімдеме жасады.

АТАБАЕВТЫҢ "АЙЫБЫ"

Amnesty International "Қазақстандағы мұнайшылардың құқығын қорғаған көрнекті театр режиссері Болат Атабаев жалған айыптармен істі болды. Атабаев тек өзінің пікір айту құқын пайдаланып, сөз сөйлеген ар-ождан тұтқыны" дейді.
Amnesty International ұйымының Еуропа және Орталық Азия бойынша директоры Джон Далхюзен баспасөз мәслихатында отыр. Мәскеу, 23 мамыр 2012 жыл. (Көрнекі сурет)
Amnesty International ұйымының Еуропа және Орталық Азия бойынша директоры Джон Далхюзен баспасөз мәслихатында отыр. Мәскеу, 23 мамыр 2012 жыл. (Көрнекі сурет)

Мұнан ары ұйым Атабаевтың 2011 жылдың ортасынан бері Жаңаөзендегі мұнайшылар ереуіліне барып, билікті жұмысшылардың талаптарына құлақ асуға шақырғаны айтылған.

"Атабаев билік пен жұмыс берушілерді тәуелсіз кәсіподақтардың құқықтарын мойындауға және жұмысшылардың еңбекақысы мен жұмыс жағдайын халықаралық талаптарға сай етуге шақырды. Ол 16 желтоқсанда Батыс Қазақстанда болған оқиғаларда қауіпсіздік күштерінің жұмысшылар, ереуілшілер және қарусыз адамдарға оқ атқанына ашық қарсылық танытты" дейді Amnesty International.

"СОТСЫМАҚТЫ ЗАҢДЫ ЕТІП КӨРСЕТУГЕ ҚҰЛҚЫМ ЖОҚ"

2012 жылы ақпанның 3-інде «әлеуметтік араздықты қоздырды» деп айыпталған режиссер Атабаев мамырдың 23-інде Жаңаөзенге тергеуге шақырылған.

Ол маусымның 5-і күні Facebook әлеуметтік желісінде "Лас қолдарыңызды бос қойдым - мені сотсыз, 1937 жылдағыдай сыртымнан соттап жібере аласыздар! Сотсымақтарыңызға қатысып, оны заңды процесс етіп көрсетуге құлқым жоқ" деп, тергеуге өз еркімен бармайтынын мәлімдеген еді.

Ал маусымның 13-і күні Болат Атабаевқа Азаттық радиосында онлайн-конференцияда отырған жерінде ҰҚК қызметкері маусымның 14-і Жаңаөзен қаласына тергеуге келуге шақырту қағазын беріп кеткен еді. Атабаев тергеуге барудан бас тартатынын жазып берген.

Онлайн-конференция кезіндегі шақырту
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:58 0:00

Маусымның 15-і күні Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) театр режиссері Болат Атабаев пен «Рух пен тіл» ұйымының жетекшісі Жанболат Мамайды үйлерінен ұстап әкетті.
XS
SM
MD
LG