Accessibility links

Ақтау маңында жолаушы ұшағы құлаған жерде жүрген құтқарушылар. Маңғыстау облысы, 25 желтоқсан, 2024 жыл.
Ақтау маңында жолаушы ұшағы құлаған жерде жүрген құтқарушылар. Маңғыстау облысы, 25 желтоқсан, 2024 жыл.

Ұшақ апаты: 38 адам қаза тапты. 29 жолаушы ауруханаға түскен

Маңғыстау облысының орталығы Ақтау қаласының маңына жолаушы ұшағы құлады. Ресми дерекке сай, Бакуден Грозныйға бара жатқан ұшақта барлығы 67 адам болған. Алдын ала мәлімет бойынша, Грозныйда тұман болғандықтан ұшақ әуелі Махачқалаға, кейін Ақтауға қонбақшы болған.

13:51 25.12.2024

Қазақстанның денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова журналистерге Ақтау маңындағы ұшақ апатынан алты адам тірі қалғанын, бірақ олардың жағдайы ауыр екенін хабарлады. Министрдің сөзінше, Ақтауға санавиация ұшағымен травматолог, нейрохирург және өзге де мамандар жіберілмек.

13:49 25.12.2024

Жолаушы ұшағы құлар алдында аспанда біресе төмендеп, біресе көтеріліп ұшып жүргенін жергілікті тұрғындар көріп, смартфонға түсіріп алған.

13:16 25.12.2024

Ақтау маңына құлаған Azerbaijan Airlines компаниясы ұшағында 67 адам болған

Ақпарат агенттіктерінің хабарлауынша, 25 желтоқсанда Баку қаласынан Грозныйға бара жатқан Azerbaijan Airlines компаниясының Embraer Е-190 жолаушы ұшағы Каспий теңізінің үстінде ұшып бара жатып апат белгісін берген.

Қазақстанның төтенше жағдай министрлігінің өкілі Қайрат Жанаспаевтың айтуынша, Ақтау қаласындағы әуежайдың диспетчері таңертеңгі сағат 11 шамасында әзербайжандық ұшақтан "төтенше жағдайға тап болғандықтан шұғыл қонуға" рұқсат сұраған хабар алған. Кейін ұшақ апатқа ұшыраған.

"Ақтауда ұшақ құлаған жерге Төтенше жағдайлар министрлігі жеке құрамының 52 адамы және 11 техникасы барды. Апат болған жерге жеткенде ұшақ өртеніп жатқанын көрген", – деп хабарлады ТЖМ.

Алдын ала ақпарат бойынша, Грозныйда тұман болғандықтан ұшақ әуелі Махачқалаға, кейін Ақтауға қонбақшы болған.

Кейінгі мәлімет бойынша, ұшақта экипаж мүшелерін қосқанда барлығы 67 адам болған. Қазақстан денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 25 адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілген. Кейбірінің жағдайы ауыр екені хабарланды.

Қазақстан көлік министрлігінің мәліметінше, ұшақта Әзербайжанның – 37, Қазақстанның – 6, Қырғызстанның – 3, Ресейдің 16 азаматы болған.

Қазақстан көлік министрлігі ұшақ апатына байланысты арнайы тексеру жүргізіледі деп хабарлады.

"Ақтау қаласы маңында Баку-Грозный бағыты бойынша ұшып бара жатқан рейсті ұшақ апатқа ұшырады. Ұшақ Azerbaijan Airlines компаниясына тиесілі. Оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр. Арнайы тексеру жүргізіледі", – деді министрлік.

"ҚазАэроНавигация" кәсіпорыны апатқа әуеде ұшаққа құс соғылып, басқару құрылғысының бұзуылуы себеп болуы мүмкін деп топшылайды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG