Accessibility links

Шеруге шыққандарды ұстау


Шеруге шыққандарды ұстау
please wait

No media source currently available

0:00 0:00:41 0:00

Арменияда экс-президент Серж Саргсяннің премьер ретінде билікте қалуына наразылық жалғасып жатқанына бір аптадай болды. Наразылық кезінде адамдар мемлекеттік мекемелерді қоршап, көшелердегі қозғалысты тоқтатып, жалпыхалықтық акцияға шақырып отыр. Полиция бейсенбі күні үкімет ғимаратын қоршаған 100 шамалы адамды ұстады. Акция бүгін де жалғасады деп күтілген. 14 сәуірден бері Арменияда елдің бұрынғы президенті, Республикалық партияның лидері Серж Саргсяннің кандидатурасын премьер-министрлікке ұсынуға қарсы акциялар өтіп жатыр. Саргсян қарсылыққа қарамастан 17 сәуірде премьер-министр болып сайланған. Акцияға қатысушылар Саргсянді "билікті басып алды" деп айыптайды. Саргсян 2008 жылдан бері биылға дейін Армения президенті болған. Биыл аяқталған конституциялық реформадан соң Армения парламенттік басқару формасына өткен. Енді елді іс жүзінде премьер-министр басқармақ. Ереван. 20 сәуір, 2018 жыл.

XS
SM
MD
LG