Қаза тапқан адам туралы депутат сөзі
Мәжіліс депутаты Аманжан Жамаловтан журналистер "халыққа қызмет көрсету орталығында кезекте тұрып қаза тапқан адамның өліміне өзіңізді кінәлі санамайсыз ба?" деп сұрады. Жыл басында депутаттар қабылдаған заң талабы бойынша кейбір халыққа қызмет көрсету орталықтарында ұзын-сонар кезектер пайда болды. Бүгін Алматы қаласы Алатау ауданында кезекте тұрған жерінен 52 жастағы азамат қаза тапты. Өткен аптада Алматы облысы Іле ауданында тіркелуге келген 59 жастағы тұрғын кезекте тұрып опат болған еді. (Видео - орыс тілінде)