Accessibility links
Skip to main content
Skip to main Navigation
Skip to Search
Жаңалықтар
Саясат
AzattyqTV
Қаңтар оқиғасы
Адам құқықтары
Әлеумет
Әлем
Арнайы жобалар
Русский
Жазылыңыз
Басқа тілдерде
İздеу
РУС
Live
Live
İздеу
Бұған дейінгі
Келесі
Шұғыл хабар:
ФОТОРЕПОРТАЖ
Атырауда "жерді сатпауды" талап етті
24 сәуір 2016 жыл, 19:26
Сәния ТОЙКЕН
Атыраудағы Исатай мен Махамбет аланыңда қарсылық жиынына жүздеген адам қатысты. Олар «жерді шетелдіктерге жалға бермеу және сатпау» туралы талаптарын Ақордаға облыс әкімі Нұрлан Ноғаев арқылы жолдады.
1
Атырауда 24 сәуірде жергілікті уақытпен сағат 14:00-де Қазақстанда ауылшаруашылығы жерін «шетелдіктерге сатуға және жалға беруге қарсылық» жиыны өтетіні жайлы хабар әлеуметтік желілер және «ұзынқұлақ» арқылы тараған болатын.
2
24 сәуір күні Атырау қаласы орталығындағы Исатай мен Махамбет батырлардың ескерткіші алдындағы алаңға сағат 12:00-ге қарай жүздеген адам жиналды.
3
Митингте сөйлегендер жерді шетелдіктерге сатуға және 25 жылға жалға беруге қарсы екендерін айтты.
4
Ауылшаруашылығы жерін шетелдіктерге жалға беруге қарсы шеруге қатысушылар.
5
Митингте сөйлеген азаматтық белсенді Макс Боқаев алаңға келген Атырау облысы әкімі Нұрлан Ноғаевқа халық биліктен ауылшаруашылығы жерін шетелдіктерге сату және жалға беру туралы баптарды Жер кодексінен алып тастауды талап етіп отырғанын айтып, осыны Ақордаға жеткізуді сұрады. Сонымен бірге жұртшылық әкімнен жергілікті белсенділерге қарсы іс қозғап, қудалауды тоқтатуды талап етті. Облыс басшысы Ноғаев белсенділерді қудаламауға уәде берді.
6
Қарсылық жиынында тұрған жас азаматтар.
7
Азаматтық белсенді Талғат Аян ауылшаруашылығы жерін "шетелдіктерге сатуға және жалға беруге қарсылық" жиынында тұр. Бүгінгі шеруге келетінін әлеуметтік желі арқылы күнібұрын хабарлаған белсенді осыдан бір күн бұрын жергілікті полицияға
тергеуге жауап беруге шақырылғаны
туралы қағаз алған.
8
Алаңда жиналған жұрт шетелдіктерге жер сатуға және жалға беруге қарсы екендері жазылған петицияға қол жинады.
9
Алаңда жиналған жұрт өз талаптарын орындау үшін билікке бір ай мерзім беретіндерін мәлімдеді. Оның нәтижесін 21 мамырда өтетін келесі жиында талқылайтынын айтты.
Атырауда "жерді сатпауды" талап етті
Back to top
XS
SM
MD
LG