Accessibility links
Skip to main content
Skip to main Navigation
Skip to Search
Жаңалықтар
Саясат
AzattyqTV
Қаңтар оқиғасы
Адам құқықтары
Әлеумет
Әлем
Арнайы жобалар
Русский
Жазылыңыз
Басқа тілдерде
İздеу
РУС
Live
Live
İздеу
Бұған дейінгі
Келесі
Шұғыл хабар:
Инфографика
Апта бейнелері: 25 - 30 тамыз
31 тамыз 2014 жыл, 12:33
Азаттық 25 - 30 тамыз аралығында Қазақстанда және әлемде болған кейбір оқиғалар туралы апталық сурет баян ұсынады.
1
25 тамыз күні Украина шекара қызметі ел территориясына Азов теңізіне жақын Ресей жағынан "ондаған бронды техника мен танк колоннасы басып кіргенін"
хабарлады
.
Суретте: Новоазовск қаласындағы снаряд түскен ғимараттағы өртті сөндіріп жатқан адамдар. Украина, 27 тамыз 2014 жыл.
2
АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри Сирияда "Әл-Қаидамен" байланысы бар исламшыл топтың тұтқынында отырған америкалық журналист Питер Тео Кертисті босатқаны туралы ақпаратты
растады
. Сирия президенті Башар Асад әскеріне қарсы соғысып жатқан топ журналисті Катар билігінің арағайындығымен босатқан.
Суретте: АҚШ журналисі Питер Тео Кертис. Массачусетс, АҚШ, 27 тамыз 2014 жыл.
3
Маңғыстау облысында Каспий теңізінің Жығылған мүйісінде балықтардың жаппай қырылып жатқаны туралы
хабар тарады
. Мамандар мұны оттегі жетіспеушілігінен көрсе, әскери жаттығудан күдіктенушілер де бар.
Жағаға шығып қалған балықтар. Фото tumba.kz сайтынан алынды. Маңғыстау облысы.
5
Астанада бұрынғы саяжай аумағындағы үйлерін сүруге қарсы және жер телімдері үшін берілетін өтемақы мөлшеріне көңілдері толмайтын бес әйел
аштық акциясын тоқтатты
. Олар наразылық акциясын 6 тамызда бастаған еді.
Суретте: Аштық жариялаған әйелдер акцияны тоқтатып, су іше бастады. Астана, 26 тамыз 2014 жыл.
6
26 тамыз күні Франция президенті Франсуа Олланд Мануэль Вальстің (суретте) басшылығындағы
жаңа үкімет құрамын
ұсынды. Бұрынғы үкіметтегі негізгі министрлер, соның ішінде сыртқы істер министрі Лоран Фабиус, қорғаныс министрі Жан-Ив Ле Дриан мен қаржы министрі Мишель Сапен қызметтерінде қалды. Олландтың айтуынша, жаңа үкімет "премьер-министрдің өкіміне бағынуы тиіс".
7
26 тамызда Украина президенті Петр Порошенко ел парламенті -
Жоғарғы Раданы таратып
, парламент сайлауын 26 қазан күні өткізуге жарлық шығарды. Украина заңы бойынша, сайлау жарлық шыққан соң 60 күн ішінде ұйымдастырылуы тиіс.
8
26 тамыз күні Кедендік бақылау комитетінің бұрынғы төрағасы, бұрынғы ішкі істер министрі, қазіргі кезде Қарағанды облысындағы АК 159/6 қатаң режимдегі колонияда сот үкімі бойынша 10 жылдық жаза мерзімін өтеп жатқан Серік Баймағамбетовтің "соққыға жығылып, денесі көгергені" туралы
ақпарат тарады
. Бірақ кейін Қарағанды облыстық прокуратурасы «Баймағамбетовтің соққыға жығылғаны расталған жоқ» деп
хабарлады
.
9
26 тамызда Израиль Египеттің араағайындығымен жасалған жаңа бітімнің талаптарын қабылдағанын
растады
. Палестина билігі қақтығысты тоқтату туралы жаңа бітім мерзімсіз екенін мәлімдеді. Жаңа келісімде Израильдің Газа секторындағы блокаданы жұмсартып, гуманитарлық жүктер мен құрылыс материалдарының кіргізілуіне рұқсат етуі қарастырылған. Газа секторында Израиль 8 шілде күні әскери операция бастағаннан бергі жеті аптаға созылған ұрыста 2100-ден астам палестиналық пен 67 Израиль азаматы қаза тапқан.
10
26 тамыз күні Ресей президенті Владимир Путин мен Украина президенті Петр Порошенко Минскіде
бетпе-бет кездесіп
, Украинаның шығысындағы жағдайды
талқылады
. Осы кездесуге Еуропа Одағының өкілдері, Беларусь президенті Александр Лукашенко мен Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев та барды.
Суретте: Ресей президенті Владимир Путин (сол жақта) мен Украина президенті Петр Порошенко (оң жақта) қол алысып тұр. Олардан әрірек ортадағы - Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Минск, 26 тамыз 2014 жыл.
11
27 тамыз күні Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам ауданына қарасты этникалық өзбектер басым тұратын Қарамұрт ауылына сырттан көлікпен келген бір топ адам ұйымдастырған
тәртіпсіздік салдарынан
бірнеше тұрғын және кәсіпкер зардап шеккен. Жергілікті полиция жанжалдың этникалық сипаты жоқ деп сендіреді.
Суретте: Ғимараттардың бірінің сынған терезесі. Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы Қарамұрт ауылы, 28 тамыз 2014 жыл.
12
27 тамыз күні «Әділеттілік үшін» және «Кәсіби жастар қоғамы» Алматыда ұйымдастырған баспасөз жиынында белсенділер флешмоб түрінде
наразылық акциясын
өткізіп, «Қарапайым халыққа конституциялық құқығын қайтарыңдар» деген транспарант жайды.
Белсенділер конституциядағы құқықтарды сақтау жайлы талаптар бар жазулар ұстап отыр. Алматы, 27 тамыз 2014 жыл.
13
27 тамыз күні Алматыдағы құқық қорғаушылар кеңсесінде украиналық белсенділердің Киев Майданы туралы
фильмі көрсетілді
. Көрермендерге бұл фильмді Киевтегі азаматтық еркіндік орталығы жобасының үйлестірушісі Александра Романцова (суретте) таныстырды.
14
28 тамыз күні Анкарада Түркияның жаңадан сайланған президенті Режеп Тайып Ердоғанды ұлықтау рәсімі өтті. Түркия үкіметін 2003 жылдан бері басқарып келген Ердоған осы кезге дейін елдің сыртқы істер министрі болып істеген Ахмет Давутоглуды премьер-министр етіп
бекітіп
, оған жаңа үкіметті жасақтауды тапсырды.
Суретте: Түркияның жаңадан сайланған президенті Режеп Тайып Ердоған (сол жақта) мен президенттік өкілет мерзімі биыл аяқталған Абдолла Гүл. Анкара, 28 тамыз 2014 жыл.
15
28 тамыз күні Голан жоталарында сириялық көтерілісшілердің бір тобы Біріккен Ұлттар Ұйымының бітімгершілік күштерінен 43 адамды тұтқынға алғаны туралы БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мунның кеңсесі
хабарлады
. БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі арнайы мәлімдемесінде бітімгершілік күштерінің тұтқындалуын айыптап, оған «қарулы террористік құрылым мүшелері кінәлі» деді.
16
28 тамыз күні Қытайдың Нанкин қаласында екінші жасөспірімдер олимпиада ойындары мәреге жетті.
Қазақстан құрамасы
бұл олимпиадада үш алтын, бір күміс және төрт қола медаль иеленді.
Суретте: Көркем гимнастикадан қола жүлдеге ие болған Қазақстан құрамасы. Нанкин, 27 тамыз 2014 жыл.
17
29 тамыз күні Астанада полиция Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімовтің әкесі Қажымқан Мәсімовтің шағымы бойынша әкімшілік жауапқа тартылған құқық қорғаушы Талас Сағымбаевты ұстап, Сарыарқа аудандық ішкі істер бөлімінің полициялық учаскесіне
жеткізген
. Сағымбаев өзін 2011 жылы Астана қалалық Сарыарқа аудандық сотының "Қажымқан Мәсімовтің ар-намысына тиетін ақпарат таратқаны үшін" моральдық шығын ретінде 300 мың теңге өтемақы төлеу туралы шешімін орындамады деп жауапқа тартпақ болып жатқанын айтады.
Суретте: Құқық қорғаушы Талас Сағымбаев (оң жақта) Астана қалалық әкімшілік сотында отыр. 29 тамыз 2014 жыл. Сурет Махамбет Әбжанның Facebook Фейсбук парақшасынан алынды.
Апта бейнелері: 25 - 30 тамыз
XS
SM
MD
LG