Accessibility links

#яНеБоюсьСказать хэштегінің әсері


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Адамдардың зорланғаны жайлы жазбалары құқықтық әрекеттерге ұласа ма? AzattyqLIVE хабары бүгін осы тақырыпты зорлық құрбандарына көмек тобының өкілі Дина Смайыловамен талқылады.

#яНеБоюсьСказать хэштегі екі аптадан бері аса танымал болып тұр. Осы хэштег арқылы адамдар зорланғаны туралы жазып жатыр. Бұл зорлықтардың дені жыныстық зорлық болып келеді. Жазбалардың көбін әйелдер жариялап жатыр және олардың дерегіне қарағанда, зорлағандар негізінен туыстары болған.

Қазақстан Facebook қоданушылары да бұл акцияға қосылды, басынан кешкен оқиғаны жазғандар арасында танымал адамдар да бар. Психологтар мұндай акцияның керек екенін, елде бұл мәселенің көтеріле бермейтінін айтады.

Алайда науқанды сынап жатқандар да бар. Олардың ойынша, жазбалардың арасында ойдан шығарылғандары болуы мүмкін әрі мұндай шаралар жасөспірім қыздардың бойында үрей қалыптастырады. Одан бөлек, бұл жазбалардан соң құқықтық әрекеттер, жауапқа тарту шаралары жасала ма, жоқ па - белгісіз.

Жазбалардағы оқиғалар бойынша қылмыстық істер қозғалуы мүмкін бе? Әйелдерге қарсы жыныстық қылмыстар проблемасын мемлекеттік деңгейде шешуге бола ма? Мұндай жазбалардың жаппай жариялануына қалай қарау керек?

Осы және басқа да сауалдарға зорлық құрбандарына көмек тобының өкілі, продюсер Дина Смайылова жауап берді.

XS
SM
MD
LG