Accessibility links

AzattyqLIVE: Пантеон және министрдің мигранттар туралы сөзі


Қазақстанның мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы.
Қазақстанның мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы.

AzattyqLIVE хабарында Астанада пантеон салу жоспары және Қазақстан мәдениет министрінің «қырғыз мигранттары» туралы сөзіне байланысты қоғамда айтылып жатқан даулы мәселені өнертанушы Валерия Ибраевамен талқылады.

Қазақстандық кейбір басылымдар Қазақстан билігінің мемлекет есебінен шамамен 79 миллиард теңгеге (235 миллион долларға жуық) ұлттық пантеон тұрғызу жоспары туралы хабарлады. Бұл жаңалық әлеуметтік желіде пікірталас тудырды.

23 мамырда Астанада «тұрғындарға есеп беру» жиыны кезінде елдің мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы «Астанада пантеон салу қажеттігін» айтты. Осы кездесуде совет қырғыз жазушысы Шыңғыс Айтматовтың шығармашылығы туралы пікір білдірген Мұхамедиұлы Қырғызстаннан Ресейге барған еңбек мигранттарына тоқталып, «Мәскеудегі қоғамдық әжетханаларды тазалап жүрген көрші елдің қыз-келіншектерін көргенде қатты аяныш» білдіретінін мәлімдеген.

Министрдің бұл сөзі әлеуметтік желілерде қызу талқыланып, көптеген қолданушылар мен кейбір танымал адамдар Мұхамедиұлының сөзі үщін Қырғызстан азаматтарынан кешірім сұрады.

24 мамыр күні Қырғызстан сыртқы істер министрлігі осы елдегі Қазақстан елшілігінің кеңесші-уәкілі Ербол Ахметовті шақырып алып, наразылық нотасын тапсырғаны хабарланды.

Бішкек қазақстандық министрдің сөзі дөрекі болып шыққанын, екі елдің арасындағы одақтас сипатты қарым-қатынасқа сәйкес келмейтінін ескерткен.

Өнертанушы Валерия Ибраева.
Өнертанушы Валерия Ибраева.

Өнер адамдары министрдің сөзіне қалай бағалайды? Пантеонның мәдени мұрада алар орны қандай? Өзге мемлекеттерде пантеон салу мәселесі қалай шешіледі?

AzattyqLIVE хабарында бұл туралы өнертанушы Валерия Ибраевамен мәдени мұра жайын талқылады.

Тікелей эфирде берілген хабардың видеосы:

XS
SM
MD
LG