Accessibility links

Жер дауын мораторий шеше ме?


Орал қаласында "жер мәселесіне" қатысты акцияға шыққандар билік өкілімен сөйлесіп тұр. (Көрнекі сурет.)
Орал қаласында "жер мәселесіне" қатысты акцияға шыққандар билік өкілімен сөйлесіп тұр. (Көрнекі сурет.)

AzattyqLIVE жер заңының даулы баптарына жарияланған мораторий туралы парламенттің экс-депутаты Серікбай Әлібаевпен талқылады.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев жер туралы заңға былтыр күзде енгізілген бірқатар өзгерістерге мораторий жариялады.

Мораторий нені шешеді?
please wait

No media source currently available

0:00 0:08:55 0:00
Жүктеп алу

Наурыздың соңында үкімет биыл 1 шілдеден бастап елде ауыл шаруашылығы жерлерін азаматтарға жеке меншікке аукцион арқылы сату және шетелдіктерге жалға беру мерзімін 10 жылдан 25 жылға дейін ұзартуды жоспарлап отырғанын жариялаған еді. Сәуірдің 24-інен бері Қазақстанның бірнеше аймағында үкіметтің «жер сату» жоспарына қарсылық акциялары өтті.

1995 жылы қабылданған «Жер туралы» заңда Қазақстан азаматтары мен заңды тұлғаларға және шетелдіктерге жерді 99 жылға дейінгі мерзімге жалға беру белгіленді. 2001 жылы шетелдіктерге жерді жалға беру мүмкіндігі 10 жылға дейін қысқартылды. 2003 жылы қабылданған жер туралы кодексте ел азаматтары мен заңды тұлғаларға алғаш рет ауыл шаруашылығы жерлерін жеке меншікке сатып алу құқығы берілді. Ал, шетелдіктерге жерді жалға беру мерзімі 10 жыл шегінде белгіленді.

​2015 жылы қарашада жер туралы заңға ауылшаруашылық жерін қазақстандықтарға жеке меншікке сату және шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға жалға беру мерзімін 25 жылға дейін ұзарту жөнінде өзгерістер енгізілді. Бұл өзгерістер биыл шілденің 1-інен бастап күшіне енуі тиіс еді. Бірақ президент 5 мамырда заңның төрт бабына мораторий жариялады.

AzattyqLIVE хабарында жер заңының даулы баптарына жарияланған мораторий туралы парламенттің экс-депутаты Серікбай Әлібаевпен талқылады. ​

XS
SM
MD
LG