Accessibility links

Баспасөзге неліктен шүйлікті?


«Әділ сөз» баспасөзді қорғау ұйымының жетекшісі Тамара Калеева.
«Әділ сөз» баспасөзді қорғау ұйымының жетекшісі Тамара Калеева.

Әлеуметтік желілерде Алматыда бірқатар журналистердің үйлерін полиция тінтуге келгені жайлы хабар тарады. Оқиға орнына жеткен журналистер ақпараттың рас екенін айтады.

Желтоқсанның 18-і күні таңертең Алматыда полиция өкілдері Nakanune.kz сайтының меншік иесі Гузал Байдалинова мен басылымның журналисі Юлия Козлованың үйіне тінту жүргізді. Сол күні сәл кейінірек блогер Рафаэль Балгин мен Nakanune.kz сайтының редакциясына да тінту жүргізілгені хабарланды.

Азаттық бұған дейін жоғарыда аталған басылымдарға қатысты сот процестері туралы жазған еді.

Алматы ішкі істер департаментінің тергеу басқармасы жұма күні таратқан ақпаратта Nakanune.kz және «Республика» интернет-басылымдары «Казкоммерцбанк» акционерлік қоғамы мен басқа да бірқатар тұлғаларға қатысты «көпе-көрнеу жалған ақпарат таратқан» деген негізбен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталғаны айтылған.

AzattyqLIVE кезекті хабарында журналистер мен редакцияны тінту жайын бүгінгі Алматыдағы оқиғаға куә болғандардың бірі – «Әділ сөз» баспасөзді қорғау ұйымының жетекшісі Тамара Калеевамен талқылады.

Орыс тілінде өткен хабардың видеосын мына сілтеме арқылы көре аласыз.

XS
SM
MD
LG