Accessibility links

AzattyqLIVE: Мәжіліс жұмысын қалай бағалайсыз?


Алтыншы шақырылымдағы парламент мәжілісінің алғашқы жалпы отырысы. Астана, 25 наурыз 2016 жыл.
Алтыншы шақырылымдағы парламент мәжілісінің алғашқы жалпы отырысы. Астана, 25 наурыз 2016 жыл.

Сайланғанына ай толмай жатып жаңа мәжіліс кейбір істерімен сынға ілікті. Депутат пен сайлаушыны қандай мәселе толғандырады? AzattyqLIVE бұл жайлы саясаткер Зәуреш Батталовамен талқылады.

Қазақстанда кезектен тыс парламент мәжілісі сайлауы өткеніне бүгін тура бір ай толды.

Осы уақыт ішінде мәжіліс депутаттарының қонақүй ақысы, «парламентке арнап сатып алынды» делінген арақ-шарап, кей депутаттардың журналистерге қарата айтқан сөздері сынға ілігіп, жұртшылық арасында қызу талқыланды.

Сонымен қатар негізінен қоғамда пікірталас туғызған ауылшаруашылық жерін аукцион арқылы сату және шетелдіктерге жалға беру мәселесі, панамалық Mossack Fonseca заң фирмасының офшорлық іс-әрекеттерге қатысты әшкере болған құжаттары және өзге жайттарға қатысты сайлаушылар тарапынан айтылған ұсыныс, сауалдарға парламент мүшелерінің басым көпшілігі әзірше ой-көзқарастарын білдірген жоқ.

​AzattyqLIVE парламент жұмысын «Қазақстандағы парламентаризмді дамыту» қоры жетекшісі, бұрынғы сенат депутаты Зәуреш Батталовамен талқылады.

Саясаткермен тікелей эфирде өткен хабардың толық видеосын төменнен көре аласыз.

Бірінші бөлім

AzattyqLIVE: Зәуреш Батталова 1-бөлім
please wait

No media source currently available

0:00 0:19:29 0:00

Екінші бөлім

AzattyqLIVE: Зәуреш Батталова 2-бөлім
please wait

No media source currently available

0:00 0:13:39 0:00

XS
SM
MD
LG