Беларусь президенті Александр Лукашенко бұл пікірін сәуірдің 29-ында Минск қаласында өткен Жоғары еуразиялық экономикалық кеңесі отырысында айтқан.
Ол Қазақстан және Ресей президенттерімен – Нұрсұлтан Назарбаев және Владимир Путинмен өткен кездесуінде «одақ келісімінің кейбір шарттары Беларусь мүддесіне» сай келмейтінін мәлімдеген. Үш мемлекет арасында келісілмеген жайттар көп екенін ескерткен Лукашенко «интеграция үшін емес, нәтиже үшін одақтасуды» ұсынған.
Беларусь президентінің «Артымыздан қуып келе жатқан ешкім жоқ, асықпайық» деген пікірі интернет-форумдарда түрліше бағаланды. Еуразия экономикалық одағына қарсы қазақстандықтар Лукашенконың әрекетін «батыл да дана қадам» деп бағалап: «Лукашенко – нағыз патриот және ұлт көсемі», «Лукашенко қашан да таңғалдырады», «Келісімге қол қоюды шегере тұру қажет» деген пікірлер айтты.
«ТАЛАС ТУДЫРҒАН МӘСЕЛЕ – МҰНАЙ МЕН ГАЗ»
Беларусь президенті әкімшілігі Лукашенконың «Қазақстан мен Ресей президенттерін ашық әңгімеге шақыруына» Еуразия экономикалық одағы елдерінің бірыңғай мұнай мен газ рыногын құру туралы келісімді 2025 жылға қалдыру жөніндегі ұсыныс себеп болғанын хабарлады. Бұл ұсынысты «жаңашылдық» ретінде бағалаған Александр Лукашенко «онда Еуразия Одағын да 2025 жылға қалдырған жөн болар» деген пікір білдірген.
Бірақ Александр Лукашенконың Еуразия Одағына қатысты бұл пікірі Қазақстан мен Ресей президенттерінің ресми сайттарында жарияланған жоқ. Ондағы материалдарға қарағанда, Назарбаев пен Путин «келіспеушіліктерді әлі де шешуге болатынын» айтқан.
Еуразия экономикалық одағы келісімінде талас тудырып отырған басты мәселе – мұнай және газ рыногын біріктіру екенін бұл кездесуден кейін ресейлік басылымдар да жазды. «Лукашенконың бұл нарыққа байланысты ұсынысына келіспеген Путин Ресей бюджетіне жыл сайын түсіп отырған 33 миллиард долларды сақтап қалды» дейді олар.
Ақпарат құралдары Еуразия экономикалық кеңес алқасының төрағасы Виктор Христенконың «Ресей, Беларусь және Қазақстан мұнай мен газ рыногын біріктіруді 2025 жылға қарай көздеп отыр» деген пікірін де жариялады.
ЛУКАШЕНКОНЫҢ СӨЗІН ЖОРУ
Саясаттанушы, Орталық Азиядағы демократияны дамыту жөніндегі қордың бас директоры Толғанай Үмбетәлиеваның айтуынша, Украинадағы дағдарыстан кейін қаупі артқан Беларусьті жаңа одақтың экономикалық қырынан гөрі саяси мәні көбірек алаңдатады.
– Лукашенко «мұнай-газ кеңістігін құруды кешеуілдетуге байланысты Еуразия Одағын құруды да кейінге, 2025 жылға қалдырайық» десе де, іс жүзінде олай болмайды. Бұл тек саяси ойын ғана. Әрине, Беларусьтің мұнай мен газды жеңілдікпен алғысы келетіні түсінікті. Лукашенко мұны көптен бері айтып та келеді, – дейді Толғанай Үмбетәлиева.
Сарапшы «Лукашенко бұл жолы Ресейдің ұстанымымен келісті – өйткені Путинмен әңгімелесіп, өзіне тиімді шарттарға қол жеткізген болар» деп жориды.
Толғанай Үмбетәлиеваның сөзінше, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Еуразия Одағында өз еліне ұтымды жағдай қарастыру мүмкіндігі Лукашенконыкінен аз.
– Өйткені Еуразия экономикалық одағын құру туралы идеяны ұсынған – Назарбаевтың өзі. Оған қоса Ресей-Украина жанжалынан кейін Еуразия Одағы келісіміне қойылатын талапты күшейту қауіптірек, – дейді сарапшы.
Ал саясаттанушы Андрей Чеботарев Александр Лукашенконы «авторитарлық тәсілдермен әрекет ететініне қарамастан әлеуметтік, мәдени және моральдық аспектілер тұрғысынан алғанда Беларусь мүддесін қорғап қалуға қабілетті президент» деп сипаттайды.
Осыдан екі жыл бұрын Еуразия экономикалық қауымдастығын Еуразия экономикалық одағына айналдыру жөнінде сөз болғанда Лукашенконың Назарбаевты сынағанын айтқан сарапшы:
– Ресей мен Беларусь арасында одақтастық туралы шартқа бұрын да қол қойылған, бірақ ол жұмыс істеп тұрған жоқ. Лукашенко осындай жұмыс істемейтін ұйымдар арқылы да елін Ресей ықпалынан сақтап қалуға тырысатыны байқалады, – деді.
Сәуірдің 29-ында Минскіде өткен отырыстан кейін Қазақстан, Беларусь және Ресей президенттері Еуразия экономикалық одағы келісімін одан әрі жетілдіріп, оған мамырдың 29-ында қол қоюға уәделесті. Бұл келісімге қол қойылған соң құрылмақ Еуразия экономикалық одағы 2015 жылы қаңтардың 1-інен бастап жұмыс істеуі тиіс.