Accessibility links

«Берлин қабырғасы» құлатылғанына 25 жыл

9 қараша күні «Берлин қабырғасының» құлағанына 25 жыл толды. Бүгін Германия астанасында осынау атаулы күнге арналған салтанатты шаралар өтеді. Берлинді шығыс және батыс бөлікке бөлген биік дуал құрылысы 1961 жылы басталған. Тамыздың 13-інен бастап Бранденбург қақпасы маңына Германия демократиялық республикасы (ГДР) әскери күзет қоятын болды. Көп ұзамай қаланың коммунистік билік бақылауындағы аудандарын Берлиннің батыс бөлігінен оқшаулаған қабырғаны тұрғызу жұмыстары басталды. Дуалдың жалпы ұзындығы 155 километрге жетті. 1989 жылы коммунистік ГДР-де дағдарыс күшейіп, үкімет шығыс бөліктегі азаматтарға Берлиннің батысына еркін өтуге рұқсат берген соң, тұрғындар дуалды бұзып, алып тастады. «Берлин қабырғасының» құлауы тек ГДР-де ғана емес, сонымен бірге бүкіл Шығыс Еуропада коммунистік жүйенің күйреуінің нышаны болды.

XS
SM
MD
LG