Гейлерді Орталық Азия елдерінде жұрт сөгеді, масқаралайды. Осы нәрсе гейлер арасындағы ВИЧ туралы ақпараттың аз болуына әсер етіп отыр. Мұны Колумбия университетінің әлем елдерінің денсаулығын зерттеу жобасының Орта Азия бойынша маманы Әлішер Латипов (Тәжікстанда туған) пен оның әріптесі жүргізген зерттеуден де байқауға болады.
Олар жүргізген зерттеуде гомосексуал еркектердің арасындағы ВИЧ инфекциясы жөнінде бұрыннан белгілі және бірқатар тың деректер бар.
- Зерттеушілер гомосексуал еркектер арасындағы ВИЧ туралы қаншалықты біледі?
- Бішкектегі (Қырғызстан) еркек гомосексуалдардың 1,2 пайызы ВИЧ жұқтырған деген мәлімет бар. Душанбеде (Тәжікстан) бұл көрсеткіш 2011 жылы - 1,5 пайыз, Ташкентте (Өзбекстан) 2009 жылы 6,8 пайыз болған. 2010 жылы Қазақстандағы еркек гомосексуалдардың 1 пайызы ВИЧ жұқтырған деген ақпарат бар. Түркіменстан үкіметі «ондай құбылыс мүлде жоқ» деген мәлімет берді.
Бұдан еркек гомосексуалдар ішінде ВИЧ есірткі пайдаланатындарға қарағанда аз тарағанын байқаймыз. Бірақ бұл - үкімет мәліметтері, шынайы жағдайды бере алмайды. Мәселен, ВИЧ-ке тест тапсырған адамдар өздерінің гомосексуал екенін айтпайды.
- Мәліметтер қаншалықты аз және неге аз?
- Адамдар өз елдеріндегі әлеуметтік және қоғамдық тыйымдарға байланысты бұл мәселені ашық айтып, жария талқылай алмайды. Сондықтан гейлер туралы ақпарат жинау қиын. Орталық Азияның көптеген елдерінде еркек гомосексуалдармен жұмыс істейтін бірнеше үкіметтік емес ұйым (ҮЕҰ) бар. Олардың айтуынша, бұл мәселе бойынша халықтан мәлімет білу қиын. Негізгі қиындық - ол адамдарды табу, ашық сөйлесу.
Ал әңгімелесуге келіскен гомосексуалдардың айтуынша, оларды толғандыратын негізгі мәселе - полицияның қысымы. Қысым дегенде, полицияның оларды ұрып-соғатыны, сексуалды қызмет көрсетуге мәжбүрлейтіні.
Менің ойымша, бұл жағдай қазір өзгеріп келеді. Соңғы жылдары СПИД, туберкулез және безгекпен күрестің ғаламдық қоры арқасында мәліметтер көбейе бастады. Мысалы, Тәжікстан 2011 жылы алғаш рет еркек гомосексуалдарды зерттеуге тырысты. Басқа елдерде бұл мәселеге ертерек назар аударылғанымен, «зерттеулер» көбінесе жекелеген қалалардың немесе астаналарының сайтындағы ақпаратты жинақтаумен шектелген.
- Мәліметтердің жетіспеуінен қандай проблемалар туындап отыр?
- Проблема туралы ақпарат аз болса, ондай мәселе жоқ сияқты болып көрінеді. Халықтың басқа топтары жайлы ақпарат жеткілікті де, еркек гомосексуалдар туралы ақпарат аз. Қоғамның оларды сөгуі мен кемсітуі араларындағы ВИЧ мәселесінің жарыққа шығуына кедергі келтіріп отыр. Олардың ВИЧ жұқтырғандары өздерін гомосексуал ретінде көрсетпеуі мүмкін. Ақпарат аз болса, сіз бағдарлама жасай алмайсыз, оларға тиісті көмек көрсете алмайсыз. Оларды тексеріп, профилактикалық шаралар өткізе алмайсыз.
- Еркек гомосексуалдар арасындағы ВИЧ мәселесінде осы аймақтағы қай ел азды-көпті шаруа тындырды?
- Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстанда еркектер өзара келісіммен жыныстық қатынасқа түссе, оларды қылмыстық жауапкершілікке тартпайды. Ал Өзбекстан мен Түркіменстанда бұл қылмыс ретінде жазаланады.
Жасалған нақты шаруаларға келсек, бұл жерде екі мәселе бар: қаржы және үкіметтік емес ұйымдардың (ҮЕҰ) белсенділігі. Қазақстан қаржы мәселесін жақсы шешті, ВИЧ-пен күрес ісінде қаржы бөлу жағынан аймақтағы басқа елдерге үлгі болып отыр. Ал азаматтық қоғам тұрғысынан алсақ, Қазақстандағы ҮЕҰ-лар Қырғызстандағыдай белсенді емес. Қырғызстан мен Тәжікстандағы ҮЕҰ-лар аймақтағы басқа елдерге қарағанда, әлдеқайда жақсы әрекет етіп келеді.
- Сіз Түркіменстан мен Өзбекстан еркек пен еркектің жыныстық қатынасына тыйым салғанын айтып өттіңіз. Бұл елдерде гейлер мәселесін ашық талқылау, жария түрде шешу туралы қоғамдық пікірталастар болып тұра ма?
- Әрине, ондай пікірталастар бар. «Біз гомосексуалдардың бар екенін мойындауымыз керек, оларды ВИЧ-пен күрес бағдарламасына қамтуға тиіспіз» деген уәждер айтылады. Бірақ іс жүзінде айтылған нәрсе жасалмаған соң, жағдай оңалғанның орнына ушыға береді.

ВИЧ
ВИЧ - адам иммунитеті тапшылығы вирусы. Жыныстық жолмен, қан арқылы және анадан балаға жұғады. Кейінгі екі жылда Қазақстан ВИЧ бойынша Дүниежүзілік экономикалық форум рейтингісінде алғашқы орындағы елдер қатарына кірген.
Қазақстанда ВИЧ 1987 жылы тіркелген. 2015 жылғы мәліметтер бойынша, бұл елде ВИЧ жұқтырған 26 690 адам бар. Ал анадан балаға ВИЧ жұқтыру көрсеткіші 2007 жылғы 8,4 пайыздан 2015 жылы 1,9 пайызға төмендеген. ВИЧ жұқтырған адамның өмірін дәрігерлер ондаған жылдарға ұзарта алады. Ол асқынғанда СПИД-ке айналады.