Accessibility links

Ресейлік дәрігер індеттен көп медқызметкер өлгенін айтады


Ресейлік дәрігерлер COVID-19 жұққан науқасқа көмек көрсетіп жатыр. Мәскеу, 28 сәуір 2020 жыл.
Ресейлік дәрігерлер COVID-19 жұққан науқасқа көмек көрсетіп жатыр. Мәскеу, 28 сәуір 2020 жыл.

Ресейде коронавирус пандемиясы кезінде вирус жұқтырған 160-қа жуық дәрігер қайтыс болды деп хабарлады ресейлік нейрохирург, "Ординаторская" подкастының авторы Алексей Кащеев. Ол - коронавирустан көз жұмған медицина қызметкерлерінің аты-жөні енгізілген арнайы тізімді ("Список памяти") құрастырушылардың бірі.

Кащеев ол адамдардың вирусты қалай, қандай жағдайда жұқтырып алғанын бейресми тізімді құрастырушылар бүге-шігесіне дейін толық білмейтінін мойындайды. Алайда ол Ресей денсаулық сақтау министрлігінің қайтыс болған дәрігерлер туралы сөзіне сенбейтінін тағы да мәлімдеді. Кащеевтің сөзінше, дәрігерлер [деректерді] "әдейі ауыстыру, өтіріп беру" сияқты істерге кезіккен.

Сәуірдің соңында Ресейдің Санкт-Петербург қаласындағы Боткин атындағы инфекциялық ауруханадағы 120 медицина қызметкеріне, ал сол қаладағы Мариинск ауруханасында елу шақты дәрігерге коронавирус жұққаны анықталған.

Ресейде COVID-19 вирусын жұқтырып қайтыс болған медицина қызметкерлері жайлы ресми жеке статистика жоқ.

12 мамырдағы мәліметке сай, Ресейде вирус жұқтырғандар 221 344 адамға жеткен. Қазір Ресей әлемде бұл көрсеткіш жағынан 3-орында тұр. Елде 40 мыңға жуық адам жазылып, 2 мыңнан аса адам қайтыс болған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG