SimSitiTrans-тағы рейд
Қырымның Симферополь қаласында ақпанның 1-і күні маска және әскери форма киген адамдар SimSitiTrans көлік-тасымал компаниясының кеңсесіне рейд жасады. Кәсіпорын Қырым татарларының әлемдік конгресінің вице-президенті Ленур Ислямовтың әкесіне тиесілі. Кеңсеге келген айырым белгілері жоқ қарулы адамдар бір құжаттарға қол қойып, толтырған. Кәсіпорын қызметкерлері полиция шақыруға тырысты.