1960 жылдары Чехословакияда драматург ретінде танылған Вацлав Гавел елдегі демократияға талпынысты басып-жаншыған коммунистік жүйе өктемдігіне қарсы бейбіт күреске араласып, диссидентке айналды, бірнеше рет түрмеге қамалды. 1989 жылы «мақпал төңкерісінің» нәтижесінде Гавел Чехословакияның соңғы президенті, кейін тәуелсіз Чехияның тұңғыш президенті болып сайланды. Вацлав Гавелдің туғанына биыл қазанның 5-і күні 80 жыл толды. Азаттық оның достары Богдан Голомичек пен Томки Немецтің Гавелді көзі тірісінде әр жылдары түсірген суреттерінен фотогалерея ұсынады.