Өзбекстан президенті Ислам Каримов Чехияға ресми сапармен ақпанның 21-і күні барады.
«КАРИМОВ КЕЛМЕСІН!»
Чехия президенті Өзбекстанның автократ президенті Ислам Каримовты келесі аптада қонақ етуге дайын екенін мәлімдеді. 31 құқық қорғау ұйымының атынан түскен ашық хатқа Земан бір тәулік ішінде жылдам жауап берді. Хатта ұйым өкілдері «Каримовтың мақта теруге адамдарды мәжбүрлегенін» ескерткен.
Ал ақпанның 12-сі күні Чех президенті Милош Земан құқық қорғаушылардың хатына жауап берді. Ол жауабында құқық қорғау ұйымдарын «жалған ақпарат» беріп, «екіжүзділік танытты» деп айыптайды.
Human Rights Watch (HRW) ұйымының өкілі, ашық хатқа қол қойған Андрей Штройляйн Земанның жылдам жауап бергені мен ашуланғанына таңғалғанын айтады.
- Тез жауап берді, бірақ мазмұны біздің көңілімізден шықпады. Оның жауабынан Өзбекстанға қатысты мәселелерге немқұрайды қарайтынын байқағандай болдық, - дейді ол.
Чех президентінің маңындағы лауазымды тұлғалар «өзбек басшысы 2004 жылы Өзбекстанға барған Вацлав Клаустың сапарына жауап қайтару мақсатында келе жатқанын» мәлімдеді. Клаус Земанның алдында Чехия президенті болған.
Бірақ белсенділер Клаустың Өзбекстанға 2005 жылы болған Әндіжан оқиғасынан бір жыл бұрын барғанын айтады. Өзбек халқы жапа шеккен Әндіжан оқиғасынан кейін Батыс елдері Каримовтан теріс айналды. Еуропа Одағы (ЕО) санкция енгізіп, өзбек басшысын елдеріне ресми сапармен шақырушылар азайды.
Каримов Әндіжан оқиғасынан кейін ЕО елдеріне екі-ақ рет барды – 2013 жылы Ауғанстаннан әскер шығару туралы келіссөз өткенде Латвияға, 2011 жылы Брюссельге барды. Соңғы сапарында онымен кездесуге Еуропалық комиссия төрағасы Жозе Мануэль Баррозу мен НАТО басшысы Андерс Фог Расмуссен ғана келісті.
ЧЕХИЯНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МҮДДЕСІ
Земанның сыртқы саясат бойынша кеңесшісі Хинек Кмоничек «Чехия президентінің Өзбекстандағы адам құқығы мәселелерінен хабардар екенін, сондықтан кездесу кезінде осы мәселеге өз алаңдаушылығын білдіретінін» айтты. Ол «Осыдан 10 жыл бұрын басталған келіссөздерден бас тартпағаны үшін Земанды моральдық шектен аттап өтті деуге болмайды» деген пікір айтты. Хинек Кмоничек:
- Каримов – Өзбекстан президенті. Президенттер бір-бірімен пікірлесуге тиіс. Белгілі бір мәселеге қатысты әртүрлі ұстанымда болсақ та, адамдармен сөйлесуге міндеттіміз. Адаммен сөйлесіп, көзқарасын білмесеңіз, мәселені қалай шешесіз? Сұрамаған адам жауап алмайды, - дейді.
Еуропалық құқық қорғаушылар Каримовтың ЕО елдерінің біріне және коммунистік езгіге қарсы күрескен Вацлав Гавелдің отанына келетінінен түршігіп отыр. Құқық қорғаушылар Украина президенті Виктор Янукович пен Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедовті шақыруға да дәл осындай реакция білдірген еді.
Еуропада тұратын өзбек белсенділері де жоспарланған кездесуге наразы. Адам құқығын қорғаушы, өзбек түрмесінде жатып, кейін Франциядан баспана сұраған Мутабар Таджибаева ондаған өзбек азаматының Прагаға барып, Каримовтың сапарына наразылық білдіретінін айтты.
- Әндіжан оқиғасынан кейін Еуропа Одағы Өзбекстанға санкция салғанда, Чехия да қол қойған. Чех Республикасы Өзбекстанның санкциядағы талаптардың біреуін де орындамағанын жақсы біледі. Енді олардың Өзбекстанды әріптес ретінде қарастыруы - таңғаларлық жайт, - дейді ол.
Ресми тұрғыдан алғанда Каримов пен Земан әуе компаниялары мен Чехияда өзбек студенттерін оқытуға қатысты визалық келісімді реттеу мәселелерін талдамақ. Бірақ Земанның энергетикалық ресурстарға бай Өзбекстанмен байланысты жақсартқысы келетіні байқалады.
Екі ел арасындағы қазіргі сауда айналымы айтарлықтай көп емес. Ташкент 2011 жылы Чехиядан 57 миллион доллар мөлшерінде резина дөңгелектер, медициналық жабдықтар мен техника импорттап, 10 миллон долларға мақта-мата бұйымдарын экспорттады. Чехиядағы бизнес жөніндегі басылымдар Каримов пен Земан 5-10 миллион доллар көлемінде сауда келісімін жасасады деп болжайды.
Өткен жылы президент болып сайланған Земан Шығыстағы «серіктес елдерді» қолдайтынын ашық мәлімдеген. Оның бұл саясатын кейбір сыншылар «экономикалық мүддені адам құқығы мәселесінен жоғары қояды» деп айыптайды.
Бірақ Прагадағы саяси журналист Ярослав Плесл «күмәнді қонақтар шақырып, пост-советтік елдерден экономикалық тірек іздеген Земанның әрекетіне чехтардың ренжімейтінін» айтады.
- Земанның Шығысқа бет бұрғаны құпия емес. Ол өзінің сыртқы саясаты туралы сайлау кезінде ашып айтқан, - дейді ол.
(Дейзи Синделардың мақаласын ағылшын тілінен аударған – Динара Әлімжан)