Украинадағы шиеленіс
Украина президенті Александр Турчинов "Донецк облысында сепаратистер жасаған түнгі шабуылдан Украина армиясының 13 сарбазы қаза тапқанын" хабарлады. Украина әскері бұған дейін мұндай ірі шығынға ұшырамаған. Киев "шабуылдан бөлек, Украина армиясының ел аумағына Ресейден кірмек болған сепаратистерді тоқтатқанын" мәлімдеді. Украина БҰҰ-дан "президент сайлауының қарсаңында Украинадағы жағдайды шиеленістіріп отырған Ресей әрекеттерін" талқылау үшін шұғыл жиын өткізуді сұрады. Киев Мәскеуді "Украина президенті сайлауын өткізбей тастауды көздейді" деп айыптайды.