Одессадағы қақтығыс
Украина ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, Одесса қаласында қақтығыстар мен Кәсіподақ үйіндегі өрт салдарынан 37 адам қаза болған. Зардап шеккен бірнеше ондаған адам ауруханаға түскен. Жұма күні ресейшіл белсенділер мен Украинаның біртұтастығын қолдап шеруге шыққандар арасында қақтығыс болып, қаладағы бес қабатты Кәсіподақтар үйі ғимаратында өрт шыққан. Куәгерлердің сөзіне сілтеме жасаған «Украинская правда» басылымының хабарлауынша, Кәсіподақтар үйі жағынан қарудан атқан дыбыстар естілген, ізінше ғимаратта өрт тұтанған. Кейбір ақпараттар бойынша, ғимараттан «Украинаның тұтастығы үшін» шеруіне шыққандарға қарата оқ атылған. Одессада Майдан және «Правый сектор» белсенділері ұйымдастырған «Украинаның тұтастығы үшін» шеруіне футбол фанаттары да қолдау білдіріп шыққан болатын. 2 мамыр 2014 жыл.