Accessibility links

Қазақстан Еуропамен жақындаспақ ниетте


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Брюссельдегі келіссөзге қатысып отырған сәті. Көрнекі сурет
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Брюссельдегі келіссөзге қатысып отырған сәті. Көрнекі сурет

Еуропа Одағы мен Қазақстан қазанның 9-ы күні тығыз экономикалық және саяси байланыс орнататын келісім жасау бойынша келіссөз жүргізді.

280 беттік "Жақсарған әріптестік пен ынтымақтастық келісімі" атты төрт жыл бойы даярланған құжаттың соңғы детальдарын талқылау Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Брюссельге ресми сапар жасаған күнмен сәйкес келді.

ЕО Орталық Азиядағы ең ірі әкономика, Ресейдің Кеден Одағы мен құрылғалы жатқан Еуразия экономикалық одағындағы басты серігі болып саналатын Қазақстанмен ынтымақтастықты күшейтуге барынша бейіл.

Назарбаев постсоветтік елдердің Ресеймен, Қытаймен және ЕО-мен экономикалық интеграциясы мәселесінде тепе-теңдік сақтау ісінде епті саясаткер болып көрінеді.

ЕО-ның Совет Одағы құлай салған кезде жасаған ескі бір келісімінің орнын басатын бұл жаңа құжат алдағы бірнеше ай ішінде толықтырылып, келесі жылы бекітіледі деп жоспарланған.

Бұл келісім ЕО-Қазақстан қарым-қатынасын Брюссель мен Мәскеудің қазіргі байланыстарынан гөрі жақынырақ етпекші. ЕО мен Ресейдің осыған ұқсас келісім жасау әрекеттеріне энергетикалық нарықтағы келсіпеушілік, Украинадағы соғыс пен Мәскеудің Киевтің Брюссельге жақындауына қарсылығы кедергі келтіріп келеді.

Ресей мен өзге Орталық Азия елдерімен салыстырғанда Қазақстан бірінші болып ЕО-ның жақын саяси-экономикалық әріптесіне айналғалы тұр.

ЕО-ның осы жолы Қазақстанға ұсынып отырған келісім шарттары Украина, Грузия мен Молдоваға ұсынған саяси серіктестік келісімінен әлсіздеу көрінуі мүмкін. Бірақ Ресей мен өзге Орталық Азия елдерімен салыстырғанда Қазақстан бірінші болып ЕО-ның жақын саяси-экономикалық әріптесіне айналғалы тұр.

Еуропа Одағының жоғары лауазымды шенеунігі Азатыққа Брюссельдің Қазақстанмен бұл келісіміне Ресей қарсы шыға қоймайды деп санайтынын айтты. ЕО-мен келісім жасау кезінде қазақстандық өкілдер бұл құжаттың Кеден Одағы мен Еуразия экономикалық одағындағы міндеттемелеріне қайшы келмеуіне аса сақтықпен қараған.

Қазанның 9-ы күні Қазақстан парламентінің жоғарғы палатасы мен Беларусь парламентінің төменгі палатасы ЕАЭО құру келісімін ратификациялаған.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: ҚАЗАҚСТАН ДСҰ-ға КІРУДЕН ҮМІТ ҮЗБЕЙДІ

ЕО-Қазақстан келісімі тарифты реттеу ісін қарастырмайды, өйткені бұл Еуразия экономикалық одағының шарттарына қайшы болып шығар еді. Бірақ келісім ЕО мен Қазақстан арасындағы басқа экономикалық қарым-қатынастарды қамтиды. Олардың ішінде саудаға қатысты техникалық кедергілерді жою, азық-түлік қауіпсіздігі, қызмет түрлері, капитал қозғалысы, шикізат өнімдері, энергетикалық ресурстар және зияткерлік меншікті қорғау туралы шарттар бар.

ЕО үшін басты мақсат - еуропалық кәсіпкерлердің Қазақстанда және қазақстандық кәсіпкерлердің ЕО-да тең дәрежелі жеңілдік иеленуі.

ЕО Қазақстанның ДСҰ-ға кіруіне қолдау жасайтын болды.

ЕО-ның жоғары лауазымды шенеунігі Азаттыққа: "Қазақстанға Еуропа Одағында Ресеймен бірдей тарифтер ұсынылады, бірақ [қазақ кәсіпкерлері үшін] бизнес климаты мүлдем бөлек болады" деді.

Келісім бойынша Қазақстандағы демократия мен адам құқықтары ахуалына екпін түсірілді.

Келісімнің сыртқы саясатқа қатысты тұсында аймақтық тұрақтылық, терроризммен күрес, Ауғанстанға байланысты ынтымақтастық және Иранның ядролық бағдарламаларына қатысты келіссөз аталады.

ЕО-ның өкілі Азаттыққа келісім бойынша Қазақстандағы демократия мен адам құқықтарына екпін түсірілді.

Брюссель Қазақстан азаматтарының Еуропаға сапар шегуін оңайлату үшін виза беру және қайта кіру келісімім-шартын да қарастырып отыр.

Құжатқа қол қойылғанша келіссөз бірнеше жылға да созылып кетуі мүмкін, бірақ мұндай келісім ЕО мен Орталық Азия елінің арасында бірінші рет жасалмақшы.

XS
SM
MD
LG