«ЕУРООДАҚ БІЗДІ ҚОРҒАЙДЫ»
Грузия мен Молдованың басшылары жұма күні Еуропалық одақпен ассоциация келісіміне қол қойып, жиыннан жымиып шықты. Өздерін бақытты сезініп, бір-бірімен қол алысып жатқанына қарамастан Вильнюсте өткен «Шығыс ынтымақтастығы» саммиті олардың көңілінде секем де бар.
Екі мемлекет Ресейдің қырына ұшыраймыз ба деп сескенеді. Кремль осы жолы аянып қалмады, соның арқасында саммитке бірнеше күн қалғанда Украина басшысы Виктор Янукович келісімге қол қоюдан бас тартты.
Келісімге қол қою рәсімі аяқталған соң Молдова премьер-министрі Юрие Лянкэ Мәскеуді Кишиневпен байланысты үзбеуге шақырды.
«Мәскеудегі әріптестерімізбен жақсы қарым-қатынаста қаламыз деп үміттенемін. Жақында Ресей премьері Дмитрий Медведевпен сөйлесіп, шешімін таппаған мәселелерді талқылауға келістік» деді ол.
Молдова парламентінің спикері және бұрынғы президент міндетін атқарушы Мариан Лупу Ресей Сочидегі олимпиада ойындарын өткізіп алған соң жауап қайтарады деп жорамалдайды.
Еуроодақ жетекшілері Украинаны Еуропадан алшақтатып, өзіне жақындату үшін аянып қалмаған Ресейді айыптады. ЕО президенті Херман Ван Ромпей «Еуроодақтың сыртқы қысымға берілмейтінін, соның ішінде Ресейге де қарамайтынын» қатқыл айтты. ЕО комиссиясының президенті Жозе Мануэл Баррозу «Еуропада шектелген егемендік дәуірі аяқталды» деді.
Еуропалық және еуро-атлантикалық интеграция бойынша Грузия министрі Алекси Петриашвилидің пікірінше, осындай ауыр сөздер айтқан Еуропалық Одақ екі елді Ресейдің репрессиясынан қорғау үшін аянып қалмайды.
«Еуропалық одақтың қысымға қарсы күресуге даярлығы саммитте нақты байқалды. Тәуелсіз елдердің шешім қабылдауына ешкім қысым жасамауы керек. Осы жағдайда ЕО ұйым ретінде және жеке мүше елдер ретінде нық қадамдар жасайды, әрбір жапа шеккен елге көмектесуге даяр тұрады» деді ол Вильнюсте Азаттыққа.
РЕСЕЙ ӨШ АЛУҒА КӨШЕ МЕ?
Ресей санкция қабылдаған жағдайда Грузия мен экономикасы шатқаяқтап тұрған Молдованың қиналатыны анық. Ресей екі ел үшін де маңызды экспорт нарығы болып саналады. Грузия табиғи газдың негізгі бөлігін Әзербайжаннан алатын болса, Молдова тек Ресейге арқа сүйейді. Ресейдің көңіліне жақпаған көршілеріне газ бермей, шүмектің аузын жауып тастайтыны белгілі.
Молдовалық саясаттанушы Аркадий Барбаросси Ресейдің Молдоваға қарсы қолданатын құралдары көп екенін ескертеді: «Біріншіден, Молдова 95-97 пайыз Ресей газына тәуелді. Екінші құрал – Ресей нарығы. 2006 жылы Кремль Молдова шарабы мен басқа да ауылшаруашылық өнімдеріне эмбарго салды. Биыл да біраз өнімдерге тыйым салды. Соның бәрі Кремльдің осы бағыттан жаңылмайтынын көрсетеді. Бұл Молдова экономикасына айтарлықтай соққы».
Барбаросси Ресей молдовалық еңбек мигранттарының жолын жауып тастауы мүмкін екенін де айтады. Олардың табысы елдегі жалпы ішкі өнімнің үштен бірін құрап отыр.
Мәскеуді Украинаға қысым жасады деп айыптай отырып, ЕО жетекшілері Кремльдің көңілін орнықтыруды көздеп, бұрынғы совет елдеріне қатысты ұстанымдарын түсіндірмек болды.
«Бұндай келісімдер Ресейге де пайдалы, көрші елдердің экономикасы жақсарса, оның да жағдайы жаман болмайды» деді Ван Ромпей. Мәскеуге қарай астарлап сілтеме жасаған Баррозу ЕО келісімі «біреуге қарсы процесс емес, бірдеңені орындауға ұмтылған процесс» деп түсіндірді.
Бірақ Мәскеудің оған илана қоятын түрі байқалмайды. Мәскеудегі Шығыс Еуропаны зерттеу орталығының сарапшысы Андрей Окара:
«Шығыс серіктестікке қарсы пікірлер Ресейдің қазіргі сыртқы саясаттағы ұстанымына үйлесе кетті. Кремль Ресейдің одақтастары мен әріптестері жоқ, тек жаулары мен қарсыластары ғана бар деп сенеді. Шығыс серіктестігіне олар Ресейге бағынбауға бел буған елдердің келісімі деп қана қарайды» дейді.
Клэр Биггтің мақаласын аударған – Динара Әлімжан