Accessibility links

Бірінші шешен соғысы қалай басталып еді?

1994 жылғы 11 желтоқсанда Ресейдің сол кездегі президенті Борис Ельцин "Шешенстанда қоғамдық қауіпсіздікті, тәртіпті қамтамасыз ету шаралары" жарлығына қол қойып, Ресей қарулы күштері Шешенстанға кірді. Өз-өзін жариялап алған Ичеркия Шешен республикасы Мәскеу жұмсаған әскерге қарулы қарсылық көрсетті. Бірінші шешен соғысы осылай басталды.

Екі жылдан соң, 1996 жылғы 31 тамызда Хасавюртте қарсылас екі тарап "бейбіт келісімге" қол қойды. Мәскеу әскері Шешенстаннан шегінді. Бірінші шешен соғысы кезінде Ресей бес мыңнан астам жауынгерінен айрылды, мыңдаған адам мүгедек болып қалды. Ал Шешенстан тарапынан қанша адам қырылғаны жайлы әлі күнге дейін нақты дерек жоқ. Құқық қорғаушылардың есебі бойынша, 25 мыңнан 30 мыңға дейін адам мерт болған.


This image contains sensitive content which some people may find offensive or disturbing - Click to reveal
Басы мен оң қолы жараланған үш жасар Ахмед Грозныйдан 25 шақырым қашық Урус-Мартан ауруханасында жатыр. Мәскеу бастаған екі шешен соғысында нақты қанша бала қаза тапқаны не зардап шеккені жөнінде ресми дерек жоқ. 18 қаңтар 1995 жыл
This image contains sensitive content which some people may find offensive or disturbing - Click to reveal
Балалар – соғыстың қорғансыз құрбаны. Ресей армиясының бомбасы түскенде аяғынан айырылған сегіз жасар ұл бала Грозныйдың батыс жағындағы Урус-Мартан қаласындағы ауруханада жатыр. 18 қаңтар 1995 жыл
This image contains sensitive content which some people may find offensive or disturbing - Click to reveal
Ресей қарулы күштері зымыранмен атқылаған кезде Грозный көшесінде қаза тапқан бейбіт тұрғын. Жергілікті адамдардан құралған еріктілер тобы кезекті бомбалаудан кейін көше аралап, келесі бомба түскенше үлгерсе, қаза тапқандарды алып кетеді немесе жақын маңға апарып жерлейді. 24 қаңтар 1995 жыл
XS
SM
MD
LG