Accessibility links

HRW: Азап көрген өзбек саяси тұтқындары

Сот құжаттары мен куәгерлердің кең көлемді сұхбаттарына негізделген Human Rights Watch (HRW) халықаралық құқыққорғау ұйымының жаңа баяндамасында, Өзбекстанда саяси астары бар айыптар бойынша сотталғандар түрмеде азапталып, адам төзгісіз жағдайда қамауда отырғандары айтылған. HRW әлемде адам құқығының жағдайы жөнінен ең нашар елдер қатарына жататын Өзбекстанда өз құқықтары мен бостандықтарын бейбіт жолмен қорғамақ болған мыңдаған адамның түрмеде отырғанын айтады. HRW өкілдері 150-ден аса адаммен, солардың арасында жақында өзбек түрмесінен босап шыққан 10 тұтқынмен сөйлескен. Төменде кейбір тұтқындар жайлы HRW деректері келтірілген.

XS
SM
MD
LG