Ақпан айының үшінші аптасының өзінде шетте туған 300-ге жуық бала Нью-Йорктегі АҚШ-тың азаматтық және иммиграция қызметі орталығында ата-аналарымен бірге азаматтық куәлігін алды. Олардың ант беру рәсімінде болған фотограф Джон Мурдың суреттеріне назар салыңыз.
Жаңадан АҚШ азаматы атанған балалар

1
Оливия Брэдок, 4 жаста, Арменияда туған.

2
7-сыныпта оқитын 12 жасар Мохаммед Тамим мен інісі 6 жасар Мохаммед Талха - Бангладештен. Әкелері Мохаммед Фироз - АҚШ азаматтығын алған бангладештік, Бруклинде құрылысшы.

3
5 жасар Хадия Аднан Пәкістанда туған. Әкесі Аднан Чаудри - такси жүргізушісі. Отбасы Бруклинде тұрады.

4
5-сыныпта оқитын 10 жасар Теодор Понсер 10 Францияда туған. Шешесі - нарық консультанты.

5
3-сыныпта оқитын 9 жасар Нолелис Алманзар мен 2-сыныпта оқитын 7 жасар сіңілісі Нореами Алманзар Доминикан республикасынан. Әкелері Норберто Алманзар - такси жүргізушісі.

6
5 жасар Ифеозува Ояни Нигерияда туған. Әкесі Олувасеи Ояни - әлеуметтік сала қызметкері. Отбасылары Бронкста тұрады.

7
18 жастағы Кимесиа Хернандез Тринидадтан, арнайы оқу орнында оқиды. Шешесі Дженифер Хернандез - медбике.

8
11 жастағы Лейла Хусейн Нашер отбасымен бірге Йеменнен қоныс аударған. Ньюбургта тұрады.

9
17 жасар Хуан Васкез бен 18 жастағы ағасы Дэвид Доминикан республикасынан. Ресторанда істейтін шешелерімен бірге Бронкста тұрады.

10
9-сыныпта оқитын 14 жасар Шифа Джахан Бангладеште туған. Әкесі Мохаммед Фироз - құрылысшы.

11
4 жасар Хаму Мохаммед Амер Алжирде туған. Әкесі Бруклинде такси жүргізеді.

12
8-сыныпта оқитын 13 жасар Анастасья Варанецкая Украинада туған. Анасы Наталья Варанецкая - дәрігер.

13
8-сыныпта оқитын 13 жасар Карлос Хернандез Перуде туған. Шешесі Сиси Хернандез үй шаруасын атқарады. Квинзде тұрады.

14
1-сыныпта оқитын 6 жасар Муса Дукур Сенегалда туған. Әкесі - Бронксте сатушы.