Cоңғы күндері Иран астанасында жаңа банерлер көбейіп кетті. Онда келіссөздер үстелінде отырған әскери шалбар мен етік киген АҚШ-тың ресми тұлғасы және Иран үкіметінің өкілі бейнелеген. Жарнамадағы «Американың адалдығы» деген сөз "АҚШ-тың негізгі көксегені – Иранға әскери шабуыл жасау" дегенді тұспалдайды.
Бұл Батыспен арадағы шиеленісті бәсеңдетіп, АҚШ-пен ынтымақтастық орнатуға ниет қылған президент Хассан Роуханидің әрекеттеріне наразылық танытқан қатаң бағытты қолдаушы саясаткерлердің әрекеті болса керек.
Биыл маусым айында президент болып сайланған Роухани қатаң бағытты қолдайтындарды шетке ығыстырып, сабырлы саясат жүргізуге, конфронтациялық бағыттан бас тартуға талпыныс жасап жүр. Осыдан сәл бұрын ғана олар мемлекеттік жиындарда және жұма намаздар кезінде «Америка жойылсын» деген ұрандардың айтылуына қарсылық білдіріп келген еді.
СЫНАУҒА ДА СЫЛТАУ БАР
Қатаң бағытты қолдайтындар АҚШ-қа сенуге болмайды деген бірбеткей көзқарастарын дәлелдеуге тырысып бағып жатыр.
Бұл бағытты қолдайтындардың ақпарат құралдарында, соның ішінде Rajanews веб-сайтында Батыстың да, Иранның да атынан қатысқандар «жақсы» деп баға берген Женева келіссөздері жай-жапсарының жасырылуы «күдік тудырады» деген пікір айтылып, үкіметтің ешқандай шегініске бармауы керектігі баса айтылады.
Қатаң саясатты қолдаушылар ядролық нысандар бойынша Американың атынан келіссөздерді бастап жүрген АҚШ мемлекеттік хатшысының орынбасары Венди Шерманның сенаттың халықаралық қатынастар комитетінде сөйлеген сөзіне де шүйлікті.
- Олар ядролық бағдарламаларын жалғастырып жатқандықтан және Роухани келіссөздердегі басты адам болған 2003-2005 жылдар аралығындағы оқиғаларды еске алсақ, алдау олардың ДНК-сының құрамдас бөлігі екенін түсінеміз, - деді Шерман Иран саясаты туралы.
Революция cақшылары корпусымен байланысы бар Fars ақпарат агенттігі «Алдау - Иран ДНК-сының бір бөлігі деп санайтындарға сенуге бола ма?» деген сауал қойды.
Mashreghnews ақпарттық сайты "Иранның сыртқы істер министрлігі АҚШ-тың бұл бейбастақтығына жауап қатуы керек" деп үндеу тастады.
Парламенттің бірнеше мүшесі, соның ішінде жоғары заң шығарушы орган өкілі Алаэдин Боруджерди де Шерманға наразылық білдірді:
- АҚШ-тың саясаты көбіне алдау мен алаяқтыққа негізделген, сондықтан олар басқаларды да өтірікші деп санайды, - дейді ол.
Шерманға ең қатты шүйліккен – әсіре қатал саясатты қолдайтын «Кайхан» күнделікті басылымы. Газет 23 қазанда бірінші бетте жарияланған бас мақаласында ядролық мәселелер бойынша келіссөздерге Иранның атынан қатысып жатқан топты "Ислам республикасына қарсы «аяр» әрекеттерге бойкот жариялауға" шақырды.
«Иранның ядролық келіссөздерге оң қабақ танытқанына қарамастан, Америка тарабының көзқарасы мен ұстанымы бәз-баяғы жаушыл саясатта қала беретінін дәлелдеді», деп жазды ықпалды басылым.
22 қазанда «Шерманның пікірі Роухани генетикалық тұрғыдан шындықты айта алмайды дегенді білдіре ме?» деген журналистер сауалына жауап берген АҚШ мемлекеттік департаментінің баспасөз хатшысы Мэри Харф бұл пікірдің мұндай астары жоқ екенін және Вашингтон Роуханидің ұстанымын бағалайтынын айтты.
Осындай қызу дау-дамай жүріп жатқан тұста Ирандағы консерваторлар тобы «Америка жойылсын» атты фестиваль ашты.
Тегерандағы АҚШ елшілігін басып алу оқиғасының 34 жылдығын атап өту қатаң бағытты қолдайтындардың АҚШ-қа деген өшпенділігін тағы бір рет көрсетіп, онымен жақындасуға наразылығын жеткізетін мінберіне айналатын түрі бар.
Бұрындары бұл күн «Америка жойылсын!» деген ұрандармен және АҚШ жалауын өртеумен ерекшеленіп келген.
Аты-жөнін айтпаған тегерандық журналистің пікірінше, қатаң саясатты қолдаушылардың бұл әрекеттері Роуханиға тоқтау сала алмайды.
- Қазіргі сәтте [Иранның рухани көсемі Әли] Хаменеи Роухани мен оның командасын қолдайды, сондықтан қатал саясатты жақтаушылар бұрынғыдан да қатты байбалам салғанымен, келіссөздерді тоқтата алмайды. Хаменеи АҚШ-қа күдікпен қарағанымен, ядролық дипломатияны мақұлдаған. Радикалдардың саны аз, - дейді журналист.
Гүлназ Эсфандиаридің мақаласын ағылшын тілінен аударған - Мұхтар Екей.