Ташкент пен Самарқанда Өзбекстан президенті Ислам Каримовпен қоштасу және марқұмды жерлеу рәсімдеріне мыңдаған қарапайым азаматтар қатысты. Орталық Азияның халқы ең тығыз қоныстанған мемлекетін 27 жыл билеген авторитарлық басшы қыркүйектің 2-сі күні 78 жасында қайтыс болды.